Мақала: Оқушы қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілі (Семинар)

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушы қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілі

«Қазіргі заман мұғалімі-рухани дамыған әлеуметтік тұрғыдан есейген,педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман,өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып,

дамыту үшін жауапты»

Н.Ә.Назарбаев

Егеменді тәуелсіз қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы-мектеп десек,ал мектептің басты тұлғасы-ол мұғалім екені анық.

Иә, мектептің жаны да,жүрегі де-мұғалім.ХХІ ғасыр-ұлттық бәсеке,ақпараттық сайыс,инновациялық технологияларды жетік меңгерген,жалындаған жастардың жаһандану заманы.

Мемлекет мәдениетінің айнасы -мектеп.Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік,мәдени,саяси,психологиялық жай-күй халықтық білім жүйесінен,оның деңгейінен,ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады.

Бүгінгі күн білім беру ісінде көптеген жаңа құндылықтарды жүзеге асыруды қажет етеді.Өйткені біз мұғалімнен ойлануды талап ететін,әлемдік білім кеңістігіне еркін самғауды қажет ететін,айналаның бәрі: өмір,ғылым,мектеп пен оқушылар,мұғалім еңбегі өзгеріп жатқан уақытта өмір сүрудеміз.

Бұл кезең педагог пен оқушының жеке қасиеттерінің,іс-әрекетінің реформалау кезеңі,жаңа педагогикалық идеяларды,ойлауды ізгілікке бағыттаудың,балаларды жан-жақты дамытудың ашық жүйесі деп түсінуіміз керек.

Жастарды биік адамгершілікке,еліне,Отанына,халқына деген асқан сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеуде әдебиет пен тіл мәдениетінің орны ерекше. Тіл мәдениетінің адамды рухани жағынан өсіру мүмкіншілігін оқыту процесінде барынша пайдалану-мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнін кең көлемде тереңдете отырып дамыта оқыту басты мақсат деп білу қажет.

Қазақ тілін сапалы оқыту ізденістері-бүгінгі пән мұғалімін толғандырып отырған мәселелердің бірі.Оқушының көп тілді үйренуіне мүмкіндік тудырудың басты шарты-ана тілін өз деңгейінде меңгерту.Ана тілінің қыр-сырын терең игерген баланың ұлттық дүниетанымы арқылы азаматтық көзқарасы мен тұлғалық ұстанымы қалыптасады.Осы орайда қазақ тілін оқытудың жан-жақты міндеттері айқындалады.

  1. Сапалы білім негіздерін қалыптастыру,теориялық білімді нығайту.

  2. Ұлттық дүниетанымға негізделген тәрбие беру.

  3. Оқушының шығармашылық ізденісін ұштау.

Осы көрсетілген міндеттер тұрғысынан қарар болсақ,мұғалім алдын алы шығармашылық жұмыс жоспарын жасауы қажет. Мұндағы білім дағдыларын бекітетін әдіс-тәсілдер:

1.Қазақы дәстүрімізге тән тәрбие үлгілері.

2.Қазақ ғұламаларының тағылымдық ойларын негізге алу.

3.Ұлы педагогтардың әдістемелік мұраларын қайта қарау.

Бұл әдіс-тәсілдерді қолдануда ұстаздар сапалы білім беру тәсілдерін меңгеріп,шеберлігін шыңдайды.Шығармашылықты шыңдау ізденістерін жүзеге асырады.Іздену арқылы өзіндік жұмыс жүйесін қалыптастырады.Оқушыларұлттық дүниетаным үлгілері негізінде тіл теориясын меңгереді,тапсырмаларды орындау барысында өзіндік көзқарастарын, бейімділіктерін аңғартады,пәнге қызығушылығы артады.

Педагог-ғалымдар оқытудың тың әдіс-тәсілдерін көпшілікке ұсынуда және ол, яғни оқытудың жаңа технологиялары мұғалімдер тарапынан ерекше қолдауға ие болғанын бәріміз білеміз. М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» жоғарыда атап көрсеткен әдіс-тәсілдерді растай түседі.

Яғни,мұғалімнің әсіби деңгейі өседі,ғылыми ізденіс жұмыстарын қолға алады, зерттеуші дәрежесіне жетеді.Оқушылардың білім сапасы артады,ізденеді,шығармашылық жұмыспен айналысады,тезис жазып,сол арқылы сөйлеуді үйренеді,жауапкершілігі,қызығушылығы артады,өзіндік ой-пікірін,ұсыныс айтуды үйренеді,оқиғаларға сыни көзқараспен қарауды үйренеді.Сол себептен сабақ түрлерін көбінесе дәстүрлі емес сабақтарды жиі өткізіп тұруды ұсынар едім.Мысалы,«Сұрақтар мен жауаптар»,«Әңгіме құрастыру», «Рөлдік»,«Дебат-пікір-сайыс»,«Ой қозғау»,«Театр сабақ» ойындары

Бұл технологияның басты мақсаты-оқушының қызығушылығы мен белсенділігін,іскерлігін дамыту,мұғалімнің шығармашылықпен,

ізденімпаздықпен жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Сондықтанда оны оқып-үйрену,сабақ процесінде пайдалану-біздің міндетіміз.

Қазақ тілі пәні болашақ ел иелерін тәрбиелейтін,жалпы білім беретін мектептің оқыту жүйесінде өзіндік орны бар жетекші пән болып отыр. Өйткені ана тілі жас ұрпақтың дүниені тануының көзі болып саналады.

Қазақ тілінде тілді оқып үйрену,ой-сөз жүйесін жетілдіруде көркем әдебиеттің орын үлесі ерекше болып табылады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бағдарламасы мен оның жаңа оқу жүйесі мұғалімнің де,оқушының да шығармашылықпен жұмыс істеуі үшін

әр мұғалімнің күнделікті өзіндік білімін жетілдіріп,идеялық-теориялық мәселелерге көбірек назар аударуын қажет етеді.

Ана тілі мұғалімдердің алдына мектеп оқушыларын дұрыс оқуға,жазуға және сөйлей білуге дағдыландыруда зор талаптар қояды.Методикалық шеберлік те теориялық білімде,көрнекілік пен техникалық құралдардың көмегіне сол талаптарды мінсіз орындауға қызмет етеді.Балаға тиянақты да терең білім беру мұғалімнің дағдыға айналған шығармашылық жұмысының нәтижесінде іске асыратын тәжірибелер көрсетуде.

Білім дәйекті болу үшін оқу процесінде оқушылардың өздерінің жұмыс істеуіне,өздігінен білім алуына жол ашу,оларды ойландыратындай сипаттағы өздігінен істелетін жұмыстарды методикалық әдістердің бірі ретінде сабақтарға тұрақты қолдана білу тиіс.

Біздің басты мақсатымыз-білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге,оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі-оқу.

Мұғалім -тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші,оқушымен бірге жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Ол үшін мұғалімнің бойында төмендегідей қасиеттің болуы шарт деп білемін.Мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп,оны балаларға қарапайым тілмен,өмірмен байланыстыра отырып беруі; Оқушылардың жеке басының жан дүниесін жете біліп,әр оқушының жүрегіне жол таба білуі,Әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі, сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалануы яғни жоғарыда айтып өткендей ойын түрлерін кіріктіру қажет.

Ойын арқылы баланың түрлі адамгершілік қасиеттері мен қатар білімге,өнерге деген құштарлығын оятып,сабаққа деген ынтасын,оқу процесін жандандырып,сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар.Баланың сөздік қорын молайтып,сөзді еркін өз мағынасында қолдануда тез не дұрыс сөйлеуге жаттықтыруда ойын бірден-бір таптырмайтын құрал.

Ойынды қоданбай тұрып-ақ оқушы оны сабаққа не себепті қолданғалы отырғанымызды білуі қажет. Бұл сыныптың көңілі өтетін тақырыпқа аударып,оның сабаққа саналы қатынасуына мүмкіншілік жасайды.

Сабақтың мазмұнына сай ойын элементтерін қолдануға балалар іштей әзірленеді,бұл оның психологиясына әсер етіп толғанады,оқушы әсерленеді,көңіл-күйі өзгеріп-өсіп,көріп білуге деген құштарлығы артады.

Еліміздегі дүбірлі өзгерістер,қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы жаңа мақсаттар әкелді. Төл оқулықтардың жазылуы,мектептердің

жаппай компьютерленуі,жаңашылдыққа іздену,білім мазмұнын байыту,әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістердің куәсі.

ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған жас ұрпақты тәрбиелеудің,оқытудың басты мақсаты ұлттық үрдістерді бойына сіңірген,әлемдік өркениеттіліктен өзіндік орнын алуға лайықты адамдарды қалыптастыруды көздесе,ана тілі сол үлкен міндеттің жүзеге асуының бірден-бір құралы болуға тиіс. Себебі адамның шын мәніндегі азамат ретінде қалыптасуының негізі оның өз тіліне деген құрмет сезімі арқылы айқындалмақ. Сондықтан оқыту процесіндегі балаға берілетін мағлұматтардың қандайы болмасын,олардың әрбір өмірге қажеттілік тұрғысынан ғана емес,ана тілінің өзіндік сипатын,адам тіршілігіндегі рөлін танытатындай жүйеде түсіндірілуі тиіс. Яғни тілдік тақырыптың танымдық,эстетикалық,этикалық,практикалық,коммуникативтік сапалары мен қырлары қатар ашылғанда ғана баланың оқудан ләззат алатыны,білуге деген құлшынысының артатыны белгілі.

Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімді болуына негізгі пәндерді игеріп,сапалы білім алып,сауатты да қабылетті азамат болып шығуына ең алдымен ұстаздар қауымы жауапты деп білемін. Олай болса мұғалім үздіксіз білімін жетілдіріп,ізденіспен, шығармашылықпен,жаңашыл біліммен қаруланған болуы шарт. Қазіргі кезде жаңа ақпарттық технологияларды пайдалану адам қоғамының барлық саласына еркін кіріп,кең қолданыс табуда. Әр мұғалім өз пәнінде ақпараттандыру технологиясын пайдалануы: интер белсенді тақта,электронды оқулықпен жұмыс істеу,онлайн жүйесіне ену,керекті ақпаратты интернет ресурстарынан пайдалануды іс жүзінде үйреніп,білуі тиіс. Заман талабына сай жеке тұлғаны дамыту үшін жаңа көзқарас,жаңа үлгі,жаңа тәсіл қажет.Сондықтан педагогикалық технология әдістерін сабақтарыма тиімді қолданамын. Оқушылардың ойлау қабілеті мен пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру барсында дамыта оқыту,ойын,топтық әдіс-тәсілдерді ұтымды және тиімді қолдана отырып,тіл байлықтарын жетілдіруге,сөздік қорын байытуға баса назар аударамын.

Қазіргі нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың,өндіріс салаларының дамуына сай жастарды компетентті тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияларын пайдаланып,оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет. Сонда ғана оқушылардың білім жетістіктерінің деңгейін көтере аламыз. Айтылған сөзіме дәлел ретінде оқушылармен жүргізген сыныптан тыс сабақтарымнан деректер ұсынып отырмын. /суреттер/

Мақала: Оқушы қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілі (Семинар)


Мақала: Оқушы қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілі (Семинар)

Мақала: Оқушы қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілі (Семинар)

Мақала: Оқушы қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілі (Семинар)

Алакөл ауданы

Арқарлы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Данабекова Салтанат Мелисқызы


© 2010-2022