Рухани құндылықтар әлеміне саяхат

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Құндылықтар әлемінде»Рухани құндылықтар әлеміне саяхат

І-жүргізуші: Адамзаттың ең асылы -«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз. Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану» жобасының авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Рухани құндылықтар әлеміне саяхатРухани құндылықтар әлеміне саяхат

ІІ-жүргізуші: Жалпыадамзаттық құндылықтар -тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау - бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді

І-жүргізуші: Қиянат жасамау қағидаттары

 Өзіңе қатысты қиянат жасамау- бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау, өтірік айту, дөрекі сөйлеу - тілге қиянат.

 Жаман сөз есту - құлаққа қиянат.

 Жамандық көру - көзге қиянат.Рухани құндылықтар әлеміне саяхат

 Жаман иіс - мұрынға қиянат.

 Жаман әрекет - тәнге қиянат.

ІІ-жүргізуші: Қиянат жасаудың себептері

 Сүйіспеншіліктің жетіспеуі.

 Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі.

 Өзгеріске қарсылық ретіндет қиянат.

 Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес келмеу.

«Жүрек жарасы - жамандықтан»-сахналық көрініс»

І-жүргізуші: Қиянат жасамау - ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.
"Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та - жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.

Оқушы: Жасамайық қиянат /Дамир/

Арамызда өкпе, реніш болмасын,
Әрқашанда әділдікті қолдасын.
Адамдарға түсінікпен қарасақ,
Сонда ғана, гүлденеді болашақ.
Жасамайық адамзатқа қиянат,
Осының бәрін санаңызға ұялат.
Ізгіліктің жолында біз жүрейік,
Бәрін естен шығармайық, білейік.
Қиянат жасамайық адамзатқа,
Қиянат жасамайық табиғатқа.
Қиянат жасамайық ата-анаға,
Қиянат жасамайық туған Отанға.

«Өкпесіз өмір сүрейік!»-сахналық көрінісРухани құндылықтар әлеміне саяхат

ІІ-жүргізуші: Ақиқат-өзін бәріне қатысы бар және бәріне де жауапкер бөлінбейтін бірліктің бөлшегі ретінде қабылдау. Дұрыс пен бұрыстың арасындағы шынайылықты ажырату.Ол уақытқа: өткенге, бүгінге, болашаққа тәуелді емес. Ақиқат- «Тап қазір» сәтінің күші. Адам өміріндегі шындықтың мәні,оның ар - ұжданмен байланысы.Осы шақпен өмір сүріңіз.Мен болашақты болжағым келмейді. Мені қазіргі іс-әрекетім толғандырады.

І-жүргізуші:Ақиқат- көпқырлылықтың біртұтастығы түсіну, өзін бәріне қатысы бар. Адам үшін шындықты айту өте маңызды. Жалған сөйлеу адамға күйретуші, кері әсер етеді.Әрқашан шындықты айту керек.Шындықты өте жұмсақ жеткізу керек.Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынандай сұрақтар қоюға итермелейді.

Ән: «Мейірімді болайықшы, ағайын!»-9 «А»

ІІ-жүргізуші: Мен кіммін?

Менің өмірдегі мақсатым не?

Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?

Өзімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?

Ақиқаттың мәні - іс жүзінде болған нірсені немесе ойды шынайы жеткізу.Ақиқатқа жүгіну айтқан - істеген,көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу болып табылады. Әрқашан шындықты айту керек. Шындықты өте жұмсақ жеткізу керек.

«Абайдың қара сөздері: 17 сөз»-сахналық көрініс-8 «А»

І-жүргізуші: Ішкі тыныштық- ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты. Ақыл мен жүрек тең болғанда ішкі тыныштық орнайды.

Ән: «Ата-ананы тыңдаймыз!»-6 «А» Рухани құндылықтар әлеміне саяхат

ІІ-жүргізуші: Сүйіспеншілік- бұл таза, риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат. Дұрыс әрек. Сүйіспеншілік- бұл таза, риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат ет- борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез-құлық.

«Жан сұлулығы» сахналық көрініс.сахналық көрініс .Ән:«Сен маған сүюді үйреттің»

Дұрыс әрекет- борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез-құлық.

«Жалғыз адамның қолынан не келеді?»-сахналық көрініс.Рухани құндылықтар әлеміне саяхат

І-жүргізуші: Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады

Ән: «Құндылықтар әлемінде»











«Жалғыз адамның қолынан не келеді?»



© 2010-2022