День учителя Ұстаз - ұлы есім

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Камила: Армысыздар құрметті қонақтар, аяулы аналар, ұлағатты ұстаздар!
Олжас: Көптен күткен төл мерекеміз «Ұстаздар мерекесі» де келіп жетті.
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
Камила: Дұрыс айтасың Олжас.Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
Олжас: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
Мерекелік концертіміздің алғы сөзін мектебіміздің Оқу ісі жөніндегі орынбасары Садақбаева Рысгүл апайымызға, Тәрбие жөніндегі орынбасары Надірова Гүлсім апайға береміз.
Камила: Ортада «Күзгі вальс» биі, 8 «а»сынып оқушылары
Олжас: Келесі өнер көрсететін бұлбұл үнді қыздарымыздың «Мереке» әніне кезек береміз.
Камила: Сен қалай ойлайсың Олжас? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық ету, ұстаз болу - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Олжас: Камила , мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы -
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Камила: Иа, ендеше мереке иелеріне арнап «Ұстазым» әнімен қыздарымызды ортаға шақырайық. Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (Ғалым да шахтер да...)


Олжас:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
деп, оқушы жанын тебіреткен осы бір атаулы күн барша білім аламын деп келген оқушы үшін маңызды деп санаймын. Себебі 1 сыныпқа келген бүлдіршіндер де, есейген түлектер де шын жүрегімен ұстаздар қауымын құттықтаған сәтте жүздерінен шаттық төгіліп, жылы шырайлы ұстазға өз сүйіспеншіліктерін білдірткені емес пе?!

Олай болса оқушы жүрегінен арналған жыр шумақтарға кезек береміз.
Демеуова Жансая «Ұстазым»

Камила:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан.
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған,
Ұстаздарым жасай берсін мәңгілік- дей келе,ортада көрініс
«Бас иеміз ұстаз атты данаға»
Келесі кезекті мың бұралған биші қыздарымыздың «Испан» биіне береміз.
Олжас:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Камила:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Олжас:
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

ортада «Ұстазым» әні (Динараның)
Камила:
Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Олжас:
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға.
Камила: Мектебіміздің жас ақындарының бірі Білімов Олжастың өз шығармашылығынан тарту. «Ұстазым»
Олжас:
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
Камила:
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
Олай болса сіздерге арналған тағы бір әсем әнге кезек береміз. (Ақботанікі)
Олжас:
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
Камила: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Олжас: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда мәңгі жасарып жайнап, жадырап, құлпырып, оқушымен бірге үнемі жаны жаздай жүре берсін деп тілек білдіреміз.
Камила:
Құрметті ұстаздар қауымы алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін алғыс білдіріп,рахметімізді айтамыз.Келесі мерекеге дейін күн жақсы болсын!!!


Өтес орта мектебі ММ







8 «а» сынып оқушыларының ұстаздар мерекесіне арналған концерттік бағдарлама жоспары
Тақырыбы:




«Ұстаздық еткен жалықпас - үйретуден балаға»

День учителя Ұстаз - ұлы есім



Жетекші: Ахбайқызы Г.






2015жыл

© 2010-2022