Ой толғау Өзгеріске барар жолда

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




Ой толғау Өзгеріске барар жолда

Ой толғау Өзгеріске барар жолда

Ой толғау

Боранкулова Балауса


Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселенің бастысы білім беру. Жаһанданған мына заманда білімді және тәрбиелі жан-жақты болу керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Ал сол білім ордасы - мектеп болса, мектептің жаны мына біз. Яғни мұғалім. Қазіргі күнгі мұғалім қандай болуы керек. Осы жерде менің ойыма ұлы ойшыл Әл Фарабидің сөзі есіме түсіп отыр. «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәріне жете түсінген. Естіген және аңғарған нәрсенің бәрін жадында жақсы сақтайтын, өнер, білімге құштар, қанағатшыл, қорқыныш пен жасқануды білмейтін ержүрек, батыл болуы керек» деген екен. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім- тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік бағыт- бағдар нұсқауда ұстаз еңбегі зор. Әр сабағын жан - жақты ойластырып, заман талабына сай оқытатын да ұстаз. Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап, өзгеріске ұмтылатын да осы ҰСТАЗ.

Мен де ұстазбын. Өмірдің ағымынан қалыс қалмай,қиындыққа тайсалмай,өзгеріске бет бұрған ұстазбын. Міне осы курстың басталғаны кеше ғана сияқты болған. Ал, бүгін үшінші аптаның соңғы күніне де жақындадық. Санаулы күндер қалған сайын қорқыныш үдей түсуде. Ертең мектепке тәжірбиелік кезеңге барған кезде жинақтаған теорияық білімімді көрсете аламын ба?. Бұл сұрақ барлығында мазалап жүргені шындық. Бәрінің бойында бір қорқыныш , бір үміт. Жә, ол келер күннің еншісінде мен бүгінгі күнге тоқталғым келеді. Осы курс маған не берді, не үйрендім, не түйдім, нені түсіндім?. Қазір сол туралы ойланып отырмын. Білім берудің бізге беймәлім тұстары көп екен. Қиын да қызық, қызықтыра отырып ойландырады, танымды оятады. Ең қызығы сол, Есімнаманы алғаш ашып қалғанда түрпідей көрінген Гарднер, Маслоу, Раддоктарды т.б «қазекемнің» Мұхтар, Абайларындай көріп кеттім.

Ұстаздың қолындағы ең мықты екі қарудың бірі - терең білім болса, екіншісі - сол білімін оқушы бойына, санасына жеткізетін әдіс тәсілінің болуына байланысты жеті модульдерді меңгерудеміз. Осы модульдерді меңгеру барысында әр түрлі танымдық іс-әрекеттер, тұсаукесерлер жасалынды. Пікірталас, ой өрбіту, идея тастау деген дүниелерге белсенді қатыса отырып өзіңді мүлдем басқа қырыңнан танисың, өзіңе-өзің есеп бересің.

Осы модульдердің ішінде құрылымы жағынан күрделі болған «Оқытуды бағалау және оқуды бағалау», Әлде зер салып бойымнан өткізбедім бе білмеймін әйтеуір алғашқы күні «интерпретация», «формативті» деген сөздердің өзін синтездей алмадым. Тренерден «уәж» сұрағаным да сол еді. Ұстаз қолында адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұрады демекші, көрегенді апайымыздың арқасында жалпы топ үшін түсінуге күрделі осы модульді меңгеріп алдық. Курсқа келмес бұрын бағалаудың осынша маңыздылығына аса назар аудармаған екенмін. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой менің түсінігімді едәуір өзгертті. Мен үшін сол күнгі «екі жұлдыз, бір тілектің» алар орны ерекше.



Ең алғашқы апталарда «өзгеру» деген сөздің мағынасына аса назар аудармаған екенмін. Ал, бүгінгі күні мен өзімнің неге «өзгеруім керек»деген сұрақтың жауабын тапқандаймын. Оқыту стильдерін назарға ала отырып, оның әдістерін таңдауға үйренгендеймін. Жүйелі ойлана отырып, өзімді-өзім өмір бойы оқыту қажеттілігін

түсіну бұл менің жоғарғы құзіреттілікке бет бұрысым деп білемін.

Ең алғашқы күні тренер: «мына нұсқаулықты жастап ұйықтаңдар»,деген еді. Рас екен, берген ресурстарды мұқият оқып түсініп алған жағдайда ғана нәтиже көрсетесің. Кешегі болған сынақтан соны түсіндім. Бірінші тапсырған сынақтың нітижесі төмен болды. Мүмкін мен «тактикалық оқуға» сүйенген шығармын. Мүмкін «метатанымдық қабілетімді» дұрыс қолдана алмаған шығармын. Бір қарасаң бәрі оңай сияқты........

« Адам ойға тоймас» деген қазақта әдемі сөз бар. Кешегі «Бүркіт жолы» атты бейне таспа маған қатты ой салды. Төмен құлдилай барып артына бір қайрыла көкке самғаған бала қыран өзімен бірге менің де арман қиялымды көкке самғатқандай әсерде отырдым.

Алдына келген әр шәкіртін осы қыранын баптаған аңшыдай баптап ұясынан ұшырса, ұстаз үшін одан артық бақыт жоқ шығар сірә!......

© 2010-2022