С. Торайғыровтың өмірі мен өлеңдері

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Сыныбы: 7 Пәні: әдебиет

Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыровтың өмірі мен өлеңдері.

Сабақтың мақсаты

Білімділігі: ақын шығармаларындағы өзекті тақырыптың бірі - халқының алдындағы парызы мен міндетін өту, жастарды өнер - білімге шақыру

Дамытушылығы: оқушының өнер, оқу, білім, адамгершілік, жақсылық туралы ойларын кеңейту.

Тәрбиелігі: өз халқының оның өнерін, білімін үйренуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі, пікір алмасу

Көрнекілігі: венн диаграммасы, электронды оқулықтар қолдану

Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақстан тарихы, география пәндері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушының назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ - тапсырмалар арқылы бекіту.

1. А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы

2. Абайдың қара сөздеріне, өлеңіне талдау, жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ . Сабақтың мақсатымен таныстыру.

С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы.

С. Торайғыров - қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны, ғажап ақыл - ойшысы. Ол - ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы. Абай ашқын поэтикалық мүмкіндікті өзі өмір сүрген қоғам шындығын, қайшылығын бейнелеуге еркін де кең пайдаланған шебер. Сұлтанмахмұт өлеңдегі Абай өрнегін шебер пайдаланушы ғана емес, өзінің ақындық қуат - дарынымен жаңалаушы, ілгері дамытушы. Ол - қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті аталатын тұтас дәуірдің айрықша ірі тұлғасы.

Сұлтанмахмұт 1893 жылы 28 - қазан күні Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келеді. Балалық, жастық шағы Баянауылда өтеді. Арғы атасы Торайғыр би болған, шешендігімен, әділдігімен ел арасында аты аңызға айналған. Өз заманының ірі тұлғасы болған.

Ақын творчествасының тағы бір үлкен саласы - «Адасқан өмір», «Кім жазықты», «Кедей» поэмалары, «Қамар сұлу» романы.

ІҮ. Жаңа сабақ бойынша білімін бекіту:

С.Торайғыровтың өмірі мен өлеңдері, шығармашылығы.

Оқулықпен жұмыс. «Бір адамға» өлеңін мәнерлеп оқу.

Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Біздерде мынандай бар, мынандай бар!...»

Үйге тапсырма С. Торайғыровтың өмірін оқулықтан тыс оқу. Өлеңдерін жаттау, талдау.

Оқушыны бағалау.

Пән мұғалімі: А.И.Ахметжанова


© 2010-2022