План урока: «Сөйлемнің байланысу түрлеріне арналған жаттығу жұмыстары» 7 класс

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігіАйыртау аудандық білім бөліміӘлжан орта мектебі Сабақ жоспарыСөйлемнің байланысу түрлеріне арналған жаттығуларқазақ тілі 7-сынып Пән мұғалімі : Сарина А.Т. Әлжан ауылы Сабақтың тақырыбы: «Сөйлемнің байланысу түрлеріне арналған жаттығу жұмыстары» 7-сыныпМақсаты: 1. Білімділік.Сөздердің байланысу түрлерінен өткен білімдерін пысықтау мақсатында жаттығу жұмыстарымен, тапсырмалармен жұмыс жүргізу. Топпе...
Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Айыртау аудандық білім бөлімі

Әлжан орта мектебі


Сабақ жоспары

Сөйлемнің байланысу түрлеріне арналған жаттығулар

қазақ тілі 7-сынып



Пән мұғалімі : Сарина А.Т.


Әлжан ауылы

Сабақтың

тақырыбы: «Сөйлемнің байланысу түрлеріне арналған жаттығу

жұмыстары» 7-сынып

Мақсаты: 1. Білімділік.

Сөздердің байланысу түрлерінен өткен білімдерін пысықтау мақсатында жаттығу жұмыстарымен, тапсырмалармен жұмыс жүргізу. Топпен жұмыс жүргізе отырып шығармашылық тапсырмалар орындату.

2. Дамытушылық.

Оқушының ойын, шығармашылық қабілетін, логикалық ойлау шеберлігін, өз ойын нақты жеткізе алу мүмкіндігін дамыту. Бірлесіп жұмыс жасай алуға баулу.

3. Тәрбиелік.

Өз жолдастарына жанашыр, адал болуға, ана тілін сүюге тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, жарыс, ойын түрлері, суретпен жұмыс, оқулықпен

жұмыс, талдау, жинақтау.

Көрнекілігі: сызба, суретті кеспе, перфокарталар.

Барысы: 1. Ұйымдастыру.

Сынып оқушыларын түгендеу. Сабақтың мақсатымен, түрімен таныстыру. Оқушылары 3 топқа бөлу.

1 топ: «Ұлан» 2-топ: «Талапкер» 3-топ: «Мұрагер»

2. Үй жұмысын сұрау.

а/ Миға шабуыл.

Сұрақтар:

1-топ: 1. Сөздердің неше байланысу түрлері бар?

2. Қиысу дегеніміз не?

3. «Өмірдің заңы» деген мысалдағы сөз тіркесі қандай

байланыс түріне жатады?

2-топ: 1. Сөздердің байланысу түрлерін ата?

2. Меңгеру дегеніміз не?

3. «алып қыран» дген мысалдағы сөз тіркесі қандай

байланыс түріне жатады?

3-топ: 1. Жанасу дегеніміз не?

2. «Табиғат жаңарды» деген мысалдағы сөз тіркесі

қандай байланыс түрі арқылы жасалған?

3. Матаса байланысқан сөз тіркесі қандай қосымшалар

арқылы байланысады?

ә/ Шығармашылық кезең.

Жаттығумен жұмыс. 238-жаттығу.

Әр топ 2 сөйлеммен жұмыс жасайды.

б/ Үй жұмысын бекіту.

Перфокартамен жұмыс.

в/ Үй жұмысын бағалау.

3. Жаңа сабақ.

1/ Топ басшыларының сайысы. Шабуыл сұрақтар.

1-топ: 1. Матаса байланысқан сөз тіркесіне мысал келтір.

2. Қабыса байланысқан сөз тіркесінің жанаса байланысқан сөз

тіркесінен айырмашылығын ата.

3. Қиысудың жасалу жолын түсіндір?

2-топ: 1. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесіне мысал келтір.

2. Септеулік шылаулар арқылы байланысатын қандай байланыс

түрі?

3. Жаңбырмен жер көгерер,

---------------------------------

3-топ: 1. Қабысу мен жанасу байланыс түрлерінің ұқсастығы неде?

2. Қиыса байланысқан сөз тіркесіне мысал келтір.

3. «Араларынан қыл өтпейді» тұрақты тіркесінің мағынасын

түсіндір.

2/ Шығармашылық кезең.

239-жаттығу. Сөйлемдегі сөздерді байланыс түрі мен тәсіліне талдау. Әр топ 1 абзацпен жұмыс жасайды.

а/ Тақтамен жұмыс. Әр топтан 1 оқушы 1- сөйлемді тақтада талдайды.

ә/ Дәптермен жұмыс. Топ мүшелері сөйлемдерді дәптерде талдайды.

б/ Тапсырмамен жұмыс.

1-топ: Мәнерлеп 1 шумақ өлең оқу.

2-топ: Тіл туралы мақал-мәтел айту.

3-топ: Қанатты сөз айту.

340-жаттығу. Оқулықпен жұмыс.

а/ Мәтінді оқып, сұраққа жауап беру.

  1. Мәтінде қандай адамдардың есімі аталған?

  2. Әнет баба қандай өсиет айтқан?

  3. Мәтіндегі негізгі түйін не?

ә/ Тақтамен жұмыс. Сөйлемдегі сөздерді байланыс түріне талдау.

1-топ: Қиысу, жанасу байланыс түріне.

2-топ: Меңгеру байланыс түріне.

3-топ: Матасу мен қабысу байланыс түріне.

3/ Суретті кеспемен жұмыс.

Топтағы оқушылар суреттер бойынша шағын әңгіме құрап, сөйлемдердегі байланыс түрлерін табады.

4. Сабақты бекіту. Жұмбақты сұрақтар.

3 топ қол көтеріп жауап береді. Әр жауапқа ұпай беріледі.

Сұрақтар: 1. Үш жақта тәуелденетін қандай байланыс түрі?

2. Жалғаусыз іргелес те, алшақ та тұрып байланысатын байланыс

түрі?

3. Жақ жағынан үйлесе байланысатын байланыс түрі?

4. Септеулік шылаулары қай байланыс түрінде кездеседі?

5. Үстеу мен етістік еркін байланысатын қандай байланыс түрі?

6. Еш жалғаусыз байланысқан сөздердің байланысы?

7. Септік жалғауы арқылы байланысқан сөздердің байланысы?

8. Сөйлем бола алмайтын байланыс түрі?

5. Сабақты қорыту. Сайыс қорытындысын шығарып, ұпай санын айту. Жеңген топты марапаттау. Оқушыларды бағалау.

6. Үй тапсырмасы: 242-жаттығу.

1. Мәтінді оқып, мазмұндау.

2. Қарамен берілген етістіктерді байланысқан сөзімен бірге теріп жазып, байланыс түріне талдау
































© 2010-2022