Отан сүйгіштік өр рух-руханиятымыздың тамыры

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


ОТАН СҮЙГІШТІК ӨР РУХ-РУХАНИЯТЫМЫЗДЫҢ ТАМЫРЫ


Ата-бабаларымыздың ақыл ой-елегінен сұрыпталып өткізген бай өмірлік тәжірибесі , тарихи сана-зердесі отансүйгіштік тәрбиемен ұштастырылған. Бала бойындағы отансүйгіштік тәрбие мен қоғамдық-саяси сауаттылықты қалыптастыру, рухани адамгершілік және мәдени тарихи байланысқа бағытталудың басымдылығы сөз етіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан-2050- Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты туралы Қазақстан халқына Жолдауы алдағы уақыттағы еліміздің басты стратегиялық мақсаттарын анықтап берді. Бұл мақсаттарды іске асыру қалыптасқан Қазақстанның мемлекетінің, экономиканың, қоғамның, елдер арасындағы келісімнің, әлем яғни халықаралық беделінің кез келген дағдарыстар төтеп беруіне мүмкіндіктер туғызатыны сөзсіз аян.Елбасы Жолдауының ерекшелігі - Қазақстан елімнің жаңа саяси бағытын алып отыр. Елбасының Ұлтқа Үндеуі:«Қазақстан 2050» Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге - қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан.

Қазақстан -2050 Стратегиясының басты мақсаттарының бірі -алдағы уақытта еліміздің әлемнің 30 ең дамыған мемлекетінің қатарына кіруі үшін қолда бар мүмкіндіктерді бір арнаға тоғыстыру. Ал қазір менің елім әлем елдері ішінде 49 орында. Қазақстанның экономиканың бәсекеге қабілеттілігі бойынша әлемдегі елулікке енгені. Біз бұл жарқын жеңіске ең алдымен қазақстандық отаншылдықтың арқасында жеттік деп білемін.Яғни осыған дейін болашаққа нық сеніммен қадам басқан елбасы жолдауындағы алғы шарттар, міндеттер жүзеге асырылды. Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру, барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет құру, білім беру саласы да үздік болатын, бейбітшілік пен тыныштық салтанат құратын, билігі әділ қоғам құру. Қай халықтың болмасын әдебиеті мен өнері сол жұрттың мәдениетінің қайнары, тереңге бойлаған рухани тамыры екені ақиқат. Сол рухани тамырды халқының мәдениеті мен өнерін өрге сүйрер даналар қай халықта бар десек, қиын-қыстау кезеңдерде еліне қамқор бола білген абзал ағаларымыз қаншама?Білім мекемелерінде патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік тілді, ұлттық дәстүрді дамыту бағытында біршама жұмыстар жүргізу қажеттігіне ерекше мән берілгені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда білім ордасында мәдени-тәрбиелік шаралардың тәлім-тағылымдық маңызы қашанда зор.Біздің ортақ үйіміз ол кең байтақ Қазақстан. «Береке бар жерде бақ тұрақтайды»- деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Өз халқын сүйетін адам. Отаншылдық тәрбиесі- Нұрсұлтан Назарбаев елімізді басқарған кезеңнен бастап айтып келе жатқан келелі тақырып. Елбасымыздың баяндамаларында, кітаптарында, сұхбаттарында терең мәнді толғаныстар, айшықты сөз өрнегінде мол көрініс табады.елбасының орасан әсерлі-мәнерлі ойлары намысыңды қайрайды, дүниетанымыңды тереңдетеді, рухыңды асқақтатады, тіліңді байытады «Сөздің ең ұлысы -тарих!»-деп ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлы мейлінше, дәл айтқан. Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы, тұтастану тарихы.Ата-баларымыздың ақыл ой-елегінен сұрыпталып өткізген бай өмірлік тәжірибесі , тарихи сана-зердесі ,даналық ойлары,ұлттық мәдени игіліктержарқын көрініс тауып, біз үшін сара жол болып табылады.Рудный қаласындағы №7 орта мектебінде республикалық электронды оқыту «e-Iearning» жүйесі бойынша қанатқақты жобалар, Британдық басылымдағы ағылшын тілін 1 сыныптан бастап оқыту енгізілді. Шәкірттерімізге осы заманғы білім негіздерін сапалы меңгертумен бірге азаматтық, адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін дамытуға, ұлттық болмысымызды, салт-дәстүрімізді сіңіруге баса назар аударылады. Бұған дейін де басты мәселе , еліміздің беделі мен абыройы асқақтай түсуіне өзектілігі одан сайын зор екендігін айқындап отыр. Елбасының сындарлы саясатының арқасында білім беру саласында қадау-қадау жұмыстар атқарылды. Қазақстан-біздің қасиетті мекеніміз. Болашаққа нық сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды.Жолдауда атап көрсеткендей Қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы деп түсінгеніміз ләзім. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлығы, мәдениет, дәстүр және даралық ұлттық идеологиямыздың уығына айналуы қажет. Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында өз үлесімді қосуды азаматтық парызым деп санаймын. Елбасы алға қойған мақсаттар да барша Қазақстандық орындайтын нәтижелері стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған деп толық айта аламын. Бұл міндеттер біздердің, әр Қазақстандықтардың парызы, ел алдындағы борышы. Уақытында жүзеге асыра білуі елжандылық сезіммен, еңбексүйгіштікпен, нық сеніммен ғана қол жеткізе аламыз.Өткеніңе қарап, ертеңіңді түзе деген қазақта аталы сөз мәйегі бар.Игілікті істерді қолға алғандығын көре аламыз. Өйткені, тарих-өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі екені белгілі. Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды - Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Осы мақсатқа жету жолында біздер мұғалімдер қауымы көп тер төгуімізге тура келеді. Ол дегеніңіз, болашақ жастар, оқушылардың бойында патриоттық сезімін ояту. Отанын, елін, жерін, Ата Заңын, Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге үйрету.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы - қазақстандық патриотизм болды.
Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары Әбу - Насыр әл - Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд Қашқари, жыршы - жыраулары Асан қайғы, Доспамбет жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы айтқан болатын. Аталған ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік алуымен байланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп, бір жүйеге келтірілді. Білімді ұрпақ туған ұлт - халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Абай өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді. Оның шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты. Ыбырай атамыз да бар үмітін жас ұрпаққа артты. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.
«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.
Адамгершілікті, тәрбиелі адам - кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.
Патриоттық тәрбие жүйесінде мына бағыттарды анықтауға болады:
- рухани адамгершілік
- тарихи - өлкелік -«Шежіре»
- азаматтық-патриоттық тәрбие. Бұл бағыт құқықтық мәдениет, заңгерлік, саяси және құқықтық өзгерістер, мемлекетпен қоғамдағы өзгерістер, заң орындау,қызмет ету арқылы ықпал етеді.
- әлеуметтік -патриоттық. Рухани адамгершілік және мәдени тарихи байланысқа бағытталып, үлкен кісілер сыйластық сезімдері.
- әскери -патриоттық. Балалар бойындағы үлкен патриоттық сезімді, Отан сүйіспеншілікті , оны қорғауға, әскери дәстүрді, әскери тарихты қалыптастыру.
- спорттық-патриотизмді дене спорты және дене шынықтыру сабақтары арқылы шыдамдылыққа, ерлікке, тәртіптілікке бағытталған. [1,6]
"Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман- саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт - дәстурімізді жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін, дін - адам болуымыз үшін, салт - дәстүр - ұлт болуымыз үшін қажет. Патриотизм сезімінің оянуы мен қалыптасу үрдісін белгілі бір асқақ сезімдерден, мақтаныш - сүйініштен бөле - жара қарауға болмайды. Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға жалғасып, жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу. Осы сезімдерден туатын, санада орнығып қалыптасатын асыл қасиеттер ұлттық патриотизм деңгейінде өркен жайып, азаматтық патриотизм биігіне ұласатын сыңайлы. Әрине, бұл өздігінен бола салатын нәрсе емес, ол да нақты тәрбиенің жемісі. Бұл тәрбиенің жемісін еккен әрине, мектеп жасына дейінгі балалар үшін - тәрбиеші, ал орта білім мен жоғарғы білім алушылар үшін -ұстаздар қауымы деп айта алар едім.
Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу - тұлғаның патриоттық сана - сезімін қалыптастыру; патриоттық іс - әрекетін ұйымдастыру. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.[1,13] Біздің білім ошағының тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: рухани дүниесі бай, денсаулығы мықты, жоғары азаматтылығы гуманизммен ұштасқан, әлеуметтік тұрғыда белсенді, бастамашыл, толерантты, шығармашылықты, инновациялық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, елін сүйген патриот тұлға қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасау. Тәрбие қызметіміздің басты міндеті: оқушылардың рухын көтеруге бағытталған, жеке тұлғаның рухани және шығармашылықты үздіксіз дамуына, өзін-өзі дамытуына, кәсібилік, бәсекеге қабілеттілік, сыни көзқарас пен ойлаудың стандартты емес үлгілерінің болуына, мәдени-толеранттылық, белсенді жасампаздық бастау, тағы да басқа адами ұстанымдарды қалыптастыратын тәрбие беру жүйесі мен тәрбиелік ортаны құру мен қолдау. Аталған міндеттер мен мақсаттар болашақ жастар бойында -өр рухты қалыптастыруға; оқу орындарыменқауымдастықпен бірлесу сезіміне тәрбиелеуге; мектеп дәстүрлерін құрметтеуге, сақтау мен молайтуға; білім алуға деген жауапкершілікті күшейтуге; азаматтық және патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыруға; мемлекеттің Рәміздері - Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Гимнін мақтаныш етіп, оларға құрметпен және қастерлеп қарауға; қоғамдық-саяси сауаттылық негіздерін қалыптастыруға; студенттерді заңдылықтарды, қоғамдық және ұжым өмірінің нормаларын құрметтеу рухында тәрбиелеуге; ұлтымыздың өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсетуге; Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің мәдениетіне толерантты түрде қарауға; әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге және үн қосуға даяр болуды қалыптастырады деген ойдамыз. Осылардың ішінде біз патриоттық тәрбие мен қоғамдық-саяси сауаттылықты қалыптастыруға басымдылық береміз. Өйткені патриотизм жастармен қоғамдық сана негізінде ұғынылуы керек. Болашақ ұрпақ бойында қоғамдық-саяси сауаттылықтың негіздерін қалыптастыру, олардың заңдылықты, қоғамдық өмір нормаларын қастерлеуге, біздің халқымыздың тарихи өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсету рухында тәрбиелеу егемен, тәуелсіз ел үшін - қажеттілік. Біз патриоттық тәрбие беру шеңберінде азаматтық-патриоттық тәрбие, қоғамдық-саяси және құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие беру секілді бағыттарды дамытуды көздейміз. Патриотизмге тәрбиелеудің ұзақ мерзімді мақсаты - азаматтарды біріктіру, азаматтарға Тәуелсіздіктің құндылықтары мен жетістіктерін ұғындыру, оларды мемлекеттік рәміздер мен идеология төңірегіне топтастыру. Бұл - ұзақ мерзімді мақсат. Оған қол жеткізудің басты жолы - толеранттылық, бірлік, өзара көмек, қайырымдылық т.б. Бұлар біздің мемлекетіміздің басты жоспарлары мен мақсаттарында толықтай көрініс тапқан, алайда олар жалпы ұлттық құндылықты бағыттарды нығайту бойынша жастар саясатын жоспарлы жүргізбейінше жүзеге аса алмайды. Жастар үшін осындай тәрбиелік мәнді істердің бірі - әр түрлі деңгейлер мен мазмұндағы тәрбиелік шаралар, мемлекеттік мерекелерді атап өту, түрлі патриоттық акцияларды ұйымдастыру мен жүргізу. Олардың ішінде жыл сайын өткізіліп отыратын ҚР мемлекеттік рәміздерінің күнін тойлау ерекше орын алады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келе,оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз. Отансүйгіштік өр рух- руханиятымыздың тамыры болып қала бермек.Патриоттық тәрбиенің тамыры-білімде, болмысы-халықта, әрекеті-бүгінде, нәтижесі келешекте.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы 2006 жылғы 10 қазан №200 // Қызылжар нұры - 2006 - 24 қараша.

© 2010-2022