«БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ»

Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы өздігінен білім алуды қажетсіну қазіргі таңда шешуін күтетін өзекті мәселелердің бірі екені айқын. Адамның белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімінің басты міндеті. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу белсенділігінің мәні ерекше. Белсенділік- деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қар...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ»

Р.М.Ғалымова - Психология пәнінің оқытушылары

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы өздігінен білім алуды қажетсіну қазіргі таңда шешуін күтетін өзекті мәселелердің бірі екені айқын. Адамның белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімінің басты міндеті. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу белсенділігінің мәні ерекше. Белсенділік- деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым- қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды. Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың бір көзі- сабақта жаңа технологиялар қолдану арқылы түрлендіріп өткізу.

Осы технологияларды меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолданса, оқушылардың оқу белсенділіктері, сабаққа деген қызығушылықтары артып, олардың бір-бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптасады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отырытын оқушылар да, өз ойларын аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады.

Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда белсенділік қалыптасады. Белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы , алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.

Белсенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс- әрекетінің алғышарты болып табылады және ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен білім алады. Өзіндік іс- әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды.

Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан, ұмтылыстан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Белсенділіктің үш дәрежесі бар:

І -дәреже- жаңғыртушы белсенділік - шәкірттің материалды жадылап, қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмтылысымен сипатталады. Белсенділіктің І-дәрежесіне тән көрсеткіш - оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.
ІІ-дәреже- түсіндіруші белсенділік - оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. ІІ-дәрежеге тән көрсеткіш оқушының бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.
ІІІ-дәреже - белсенділіктің шығармашылық дәрежесі - оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады. Бұл дәреженің ерекшелігі - мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы.

Сөйтіп, оқудағы белсенділік - оқушының іс - қимыл жағдайы ғана емес, осы іс -қимылдың сапасы, онда оқушының қызмет мазмұны мен сипатына қатынасымен, өзінің рухани -ерік, күш-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді.
Ғылыми түсіндірме сөздігінде белсенділік ұғымына былайша анықтама берілген: «Белсенділік- 1) психологиялық, философиялық қағида. Салдардың өзі әсер еткен заттың белсенді қатынасының нәтижесі. Қаржылылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді. Орынсыз белсенділік және шығармашылық белсенділік болады; 2) күнделікті іс-әрекетке (ойын, сабақ, еңбек) кездесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті.

Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету барысында батылдық көрсетіп, қиыншылықты жеңіп шыға алады.
Оқытудағы белсенділік - мұғалімнен оқытудың солай қойылуын талап етеді, қайсысы оқушыларда ынталықты, тұрақтылықты, терең білім алуына мүмкіндік жасауды көздейді. Сонымен бірге оқушыларда іскерлікті, дағдыны, ойлауды, бақылағышты есі мен сөзін және шығармашылықты қалыптастыру.
Әрбір қарастырылған оқыту қызметін ұйымдастыру түрлері оқушылардың сабақ барысындағы өзіне тән оқу-тәрбиелік міндеттерді жетілдіре түседі. Олар өзара, бірін-бірі толықтырып, дұрыс құрылған сабақтың жақсы нәтижесін көрсетеді.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір сабаққа сәйкес нақтыландыру, әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру.
Бір сабақты жоспарлау- мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру.

Сабаққа дайындалудың бөлімінде мұғалім болашақ сабақтың өту барысын болжайды, оны ой-санасынан өткізіп, өзінің оқушылармен бірлесіп жасайтын іс-әрекеттерінің өзіндік бір сценарийін дайындайды. Өзінің және оқушылардың сабақтағы әрекеттерінің негізгі мазмұны мен бағыттылығын анықтағаннан кейін барып мұғалім оқушылар меңгеруге тиісті қажет және жеткілікті материалды таңдайды, сабақта талданатын жаңа түсініктерді енгізудің жүйелілігін анықтайды. Мұғалім оқушылардың белсенділігін арттыратын қызықты материалды таңдайды, оған оқушылардың назарын жалпылама сұрақтар, есептер арқылы аударатын, сабақтың құрылысын алдағы жұмыстың көлеміне қарай алдын ала анықтайды.
Алайда, сабақтың ойдағыдай өтуі, тек мұғалімнің мұқият дайындығына ғана емес, сонымен қатар оның оқушыларды алдағы сабақтағы жұмысқа әзірлеуіне және оқушылардың өздерінің сабаққа деген психологиялық дайындығына байланысты. Ол үшін оқушыларды келер сабақтағы жұмыс жоспарымен таныстырып, оларды оқулықтың немесе әдеби шығарманың жекелеген тараулары мен тақырыптарымен алдын ала таныстыруға бағыттап, жаңа материалды меңгеруге септігін тигізетін бақылау мен күрделі емес сынақтар өткізу қажет.
Ауызша сабақтар кезінде студенттерде көбінесе қорқыныш пайда болады. Ұялшақ студентте қорқыныш басым болады. Қорқынышы басым болса, өз-өзіне деген сенімсіздігі жоғарылай түседі.

Студенттердің білім беру үрдісіндегі белсенділігін арттыру үшін:

1. Дәстүрлі емес формада сабақты ұйымдастыру (іскерлік ойын сабақ, экскурсия, жарыс-сабақ, семинар-сабақ, ).

2. Ойын формасын қолдану.

3. Өзара диалогты қолдану (диалог-сабақ).

4. Ситуациялық жағдаятты табу (проблемалық сұрақ, проблемалық жағдаят т.б.)

5. Оқу процесін әр түрлі ұйымдастыру (ұжымдық, топтық, жұптық, жеке, фронталды)

Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі, оның өзі белгілі бір пен тәртіп талабынан құрылады. Мынандай бағыттарға бөлінеді: фронтальды - мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өзіндік жұмысын басқаруы, жеке - өзіндік.
Жұмыс әр оқушының топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, оқу ситуациясын туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен таңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу.

Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады: жеке және жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі ол: оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-қатынасқа түспейді, бірақ жұмыс қарқынын бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі, ол оқушы арнаулы тапсырманы орындауда өзінің танымдық оқу іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс қарқынын белгілейді. Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білімдерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Сабақтың бұл түрі оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тәрбиелейді, жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауга таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-қатынасы шектеулі, оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға, топтық жұмыс ұйымдастыруға болады.

6. Дидактикалық құралдарды қолдану (тест, кроссворд, сөзжұмбақ, ребус т.б.)

7. Дидактикалық тәсілдер арқылы дамыту жетілдіру . ( «Сізден сұрағым келеді …», «Мен үшін бүгінгі сабақ …», «Мен басқаша жасар едім …», «Менің ойымша …» т.б схема, суреттер арқылы көркемөнермен байланыстырып суреттеу;

8. Әңгіме терапиясы (әңгіме құрастыру), релаксациялық жаттығуларды қолдану.

Практикалық психологияның балалармен жұмыс жасаудың жаңа құралдарының бірі- әңгіме терапиясы. Әңгіме терапиясының тиімділігі мектепке дейінгілермен жұмыс жасауда ғана емес төменгі сыныптағылармен, жеткіншектермен, жасөспірімдермен жұмыс жасауда да байқалады. Сонымен қатар мұғалімдер мен ата-аналарға да арналған психотерапиялық әңгімелер бар. Әңгіме айту балаларға да қолдануға болатын адамзат қарым-қатынасының ежелгі тәсілі. Оны Аристотель тәсілі деп те атайды. Ол туралы белгілі психолог Д.Бретт: «Баланы бірдеңеге үйреткіңіз келсе немесе маңызды ойды жеткізгіңіз келсе, ол ой бала қабылдай алатындай, түсіне алатындай болуы қажет екенін біз ересектер естен шығармауға тиіспіз. Баламен қарым-қатынас жасағанда олармен оларға түсінікті тілде -бала фантазиясы мен қиялы тілінде сөйлесуге тырысуымыз қажет». Әңгіме терапиясы балалармен қарым-қатынас жасаудың маңызды да тиімді құралы. Әңгімелесу ұрпақтан-ұрпаққа бірнеше ғасыр бойында тасымалданып келе жатқан, әрбір халықтың мәдениетінде көрініс табатын әдіс-тәсіл болса, бүгінгі арнайы психологиялық әңгіме терапиясы-психология мен педагогика ғылымындағы бала белсенділігін арттырушы, баланың санасын қалыптастырушы әдістерінің бірі.

Әңгіме терапиясы- жеке тұлғаның белсенділігін қалыптастыратын әдіс ретінде көптеген іс-шаралардың құрлымына кіреді. Әңгіме терапиясы терапиялық метафораны қолдана отырып, метафораның негізгі идеясын меңгеруге әкеледі: күрделі ситуацияларда ресурстарды өзінің ішкі әлемін іздеу қажет, өйткені бұл міндетті түрде жетістікке әкеледі. Сонымен адамда «Өзіне өзі көмек көрсету механизмі» қалыптасады, бекиді. Көбінесе әңгіме терапиясы практикада топпен немесе жекелей оқушылармен және әр түрлі формада жүзеге асады:

  1. Әңгіме тыңдау және талдау.Мақсаты- әңгіме ситуациясын, ондағы әрбір ойдың берілуін сезіну.Әңгімені топ болып айту. Мұндағы әңгіме айтушылар балалар тобы немесе жеткіншектер, ересектер. Мұнда балаларға таныс әңгіме айтылады. Әрбір қатысушы әңгіменің шағын бөлігін айтып, келесісі оны жалғастырады, сөйтіп бір әңгімені толықтай топ балалары өздері айтып шығады.

  2. Белгілі тақырыпта әңгіме айту және оны жалғастыру.Әңгіме айтылып болғаннан кейін топ мүшелері оның жалғасын ойластырады және соңғы әңгімелесуші әңгімені аяқтауға тиіс

  3. Топ болып әңгіме құрастыру. Бір оқушы әңгіме бастайды. Мысалы, «Бірде жақсы бала мен жаман бала екеуі...». Келесі бала 1-2 сөйлем құрап жалғастырып, осы бағытта әңгіме өз жалғасын табады.

Әңгіме терапиясында төмендегідей жұмыстарды да қолдануға болады:

1.Суреттер беру арқылы ретін тауып әңгіме құру;

2.Әңгімені өз ойымен салыстыру;

3.Тірек сөзбен жұмыс;

4.Авторға хат (жағымды, жағымсыз кейіпкерлердің орнына өзін қою, олардың жан дүниесін сезіне суреттеу);

5. Әңгімені оқи отырып, оның туындаған уақытын болжау, демек, қай жылы жазылғаны туралы ойлану;

6.Автордың осы әңгімені жазу себебі неде деп ойлайсың?

9. Интерактивті оқыту әдісі (ізденіс, талдау, шығармашылық т.б.).

Интерактивті әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістер, презентатциялар, пікірталастар,топпен жұмыс, миға шабуыл, сыни тұрғысынан ойлау әдісі, викториналар, мини зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, инсерт әдісі.

Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таң қалып , шабыттанып отырып білім алады.

10.Барлық мотивация түрін қолдану (эмоциялық, танымдық, әлеуметтік т.б.)

11.Үй тапсырмасын түрлендіріп беру. (топтық, шығармашылық, көрші жұбымен бірге схемалар құру т.б.)

Тапсырмалар арқылы алға қойылған міндеттерге қарай, ал ол міндеттерді орындау барысында бұған дейінгі алған білімдері толықтырылады, жаңа ғылыми түсініктер және білім жолындағы кездесетін әр түрлі жағдайларда қолданыла алатын әрекеттердің тәсілдері қалыптасады, оқушылардың оқу әрекетін бақылау мен түзету жүзеге асады, олар білімсіздіктен білімге, епсіздіктен біліктілікке қарай қадам жасайды.

Мен өзімнің ойымды шығыс данасы Абдул Баханың сөзімен аяқтағым келеді: Мұғалімнің еңбегі бағбан еңбегімен пара-пар, өйткені бағбан әртүрлі өсімдіктерді күтіп, баптайды. Кейбір өсімдіктер күн сәулесін сүйсе, кейбіреулері - салқын самал көлеңкені, кейбіреуі ағынды су жағасын, ал кейбірі тау шыңын сүйеді. Кей өсімдік құмдақты жерді, кейбірі құнарлы, шұрайлы жерлерді ұнатады. Әрқайсысы өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырылмайды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. СПб., 2001.

  2. Волович М.Б. Не мучить, а учить: О пользе педагогической психологии. М., 1992.

  3. Рубинштейн С. Л. Основы общей психологии. СПб., 1999.

  4. Ушинский К.Д. Проблемы педагогики. М., 2002.

  5. Эльконин Д.Б. Психология развития: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. М., 2001.

© 2010-2022