7 саны және цифры тақырыбындағы математика сабағы

Мақсаты:  Оқушыларды 7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау, өрнек құра білуге үйрету.                                                                                                         Сабақтың міндеттері:                                                                                                                       1. Ойын арқылы оқушылардың ойлау,танымдық қабілеттерін дамыту.                   2.Оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыру... Топтық жарыс Балалар, біз бүгін қай санмен таныстық?                                                            Ол сандар қатарында қай саннан кейін келеді?-Өте жақсы, сонымен біз мақсатымызға жеттік, 7санына кез-келген санды алып, қосып  олардың мәнін таба алдық.  Сандарды салыстыру <  > =  (ауызша орындалады) 5 * 7                                 6 * 2                             4 * 7 3 * 6                                 3 * 7                             7 * 6Сабақта нені үйрендік? 7 ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алимбаева Гулшат Бақытжанқызы №32 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры.
Мақсаты: Оқушыларды 7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау, өрнек құра білуге үйрету. Сабақтың міндеттері: 1. Ойын арқылы оқушылардың ойлау,танымдық қабілеттерін дамыту. 2.Оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша.
Көрнекілігі: оқулық, үлестірмелі карточкалар, сызба, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
1. Психологиялық дайындық:
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса болса да,
Таппай оны қоймайық

2.Үй тапсырмасын тексеру

-Өткен сабақта қай санмен таныстық?

-Алты санымен.

-Иә, сол 6 санына өрнек құрастырып көріндер. ( Ауызша)

- Дұрыс, енді 6 санының құрамын еске түсірейік. ( Ауызша)

1+5=6; 2+4=6;

3+3=6 ; 4+2=6;

0+6=6 ;

5 саны мен 1санының қосындысын жаз.

-Өте жақсы, өздік жұмысын да орындай алады екенсіңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тақырыпты ашу, мақсатпен таныстыру (әр оқушы өзіне қойған мақсатын айтады)

Ендеше білімімізді көрсететін кез келді,
Слайд бойынша ассоциация жүргізу.
Бала қолында не үстап тұр? / шалғы/
Қай санға ұқсайды? 7 санына
Қазақта 7 саны киелі сан болып саналады. 7 қазына 7 қарақшы 7ата 7күн 7шелпек 7 керемет 7 мүшел Бір аптада неше күн бар? 7 күн
Апта күндерінің атауларын ата.
Ендеше, біз бүгін 7 санымен, цифрымен танысамыз.

7-ге дейін санамақты айтайық: 1 дегенім-білім,

2 дегенім-елім,

3 дегенім-үкі,

4дегенім-тақия,

5 дегенім-бесік,

6 дегенім-асық,

7 дегенім-жейде,

Көйлек дейді кейде.

1 слайд 1-ден 7-ға дейін сандарды тура және кері санау.
1 2 3 4 5 6 7
7 6 5 4 3 2 1
2) Сандардың ішінен 7 санын көрсету.
3) 7 санының көршілерін атап беру.
2 слайд Оқулықпен жұмыс

№1-тапсырмада суреттің сюжетін әңгімелеп, оған сәйкес есептер құрастырып, 7 санының пайда болуы туралы түсіндіріріледі; №2 теңдіктер құрастыр және жазындар.
6+ =7 5+ =7 +=7
*+6=7 *+5=7 *+4=7

№3 сандардың көршілерін ата.
* 4 * * 6 * * 5 * * 1 *

№4 кесінділерді өлшеп, салыстыр.
см * см

3слайд Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашамыз,
Қолға қалам аламыз,
Ауада 7 санды жазамыз,
Енді , 7 санды Әдемі етіп дәптерге жазамыз.
4слайд Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
6 слайд Шығармашылық тапсырма.
Әрбір суретте неше үшбұрыш, неше төртбұрыш барын анықтау.

7 слайд 1) Ойын «Орынды тап» Оқушыларға сандарды ретімен қойғанда мақал шығады: « ОҚУ - БІЛІМ БҰЛАҒЫ»
7 санына байланысты мақал - мәтелдер айтып беру.
1. Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер.
2. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.
3. Жеті атасын білмеген жетесіз.
ІV. Қорытынды

Топтық жарыс

Балалар, біз бүгін қай санмен таныстық? Ол сандар қатарында қай саннан кейін келеді?
-Өте жақсы, сонымен біз мақсатымызға жеттік, 7санына кез-келген санды алып, қосып олардың мәнін таба алдық.

Сандарды салыстыру < > = (ауызша орындалады)
5 * 7 6 * 2 4 * 7
3 * 6 3 * 7 7 * 6
Сабақта нені үйрендік? 7 санының құрамын айт.
V.Үйге тапсырма:

Дәптер таратылып,оның ішінде «7 санының құрамын тап» деген тапсырма беріледі. №5 есеп
Бағалау: Тілек айтады. Өздеріне тиісті бағаларын қою.



© 2010-2022