• Преподавателю
  • Другое
  • Разработка урока по предмету спец технологии на тему «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»

Разработка урока по предмету спец технологии на тему «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҚО ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК





ҚАРАЛДЫ:

«Токарлық ісі және металл өңдеу» ЦӘК отырысында

№ ___ хаттама «___»____2015ж

ЦӘК жетекшісі:

________ Д.Сариева


КЕЛІСІЛДІ:

БҚИК әдіскері

_________ Е.Мергенбаева

БЕКІТЕМІН:

БҚИК директорының

ОІЖ орынбасары: _______М.Сисенгалиева




Ашық сабақтың

әдістемелік дайындамасы


Тақырыбы:

«Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»


Құрастырған:

Арнайы пәндер оқытушысы - Сариева Д.А





Орал қаласы

2015-2016 оқу жылы

Пәні: арнайы технология

Топ: №6К

Күні: 21.10.2015ж

Сабақтын тақырыбы: Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік:

- Оқушыларға фрезерлік станокта орындалатын кертпелер мен ойық түрлерін таныстыру;

- дискілі фрезаларды қолданып ойықтар мен кертпелерді орындау технологиясымен таныстыру;

- материалды оқыту барысында негізгі анықтамаларды жаттату;

2) Дамытушылық:

- техникалық ойлау, жүйелеу, байланыстыру қабілеттерін арттыру;

- Фрезерлеу процесінің мүмкіншіліктері туралы білімдерін жоғарылату;

- Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік:

- оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын, кішіпейілді, үлгілі, ұқыпты болуға тәрбиелеу;

- аспаптар мен материалдарды күтіп, ұстауға тәрбиелеу;

- жұмыстарды орындау кезінде дәлдік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу;

- Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтын әдісі: Сұрақ -жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация, ойын элементтері.

Құрал-жабдықтар: слайдтар, сызбалар, интерактивті тақта, таблица, үлестірме материалдар, макеттер

Пәнаралық байланыс: өндірістік оқыту

р/с

Сабақ барысы

Уақыты

Оқушылар міндеті

Ескерту

І

Ұймдастыру бөлімі.

3


  • Топ жетекші есебі

  • Сабаққа дайындығын тексеру

  • Сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлап, оқушылардың белсенділігін қалыптастыру.

  • О

    Топтар өздерін таныстырадықушыларды 3 топқа бөлу

  • Сабақты бағалайтын әділ қазы мүшесін таныстыру

  • І тур. Таныс болайық

Сабаққа дайындалу

3 топқа бөлініп отыру

-Топты түгелдеу

-сабақ құралдарын шығарту

-жаңа сабақтың мақсаты

Слайд №1,2,3,4

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау

12


  • ІІ тур. Марафон

«Кім жылдам» ойыны сұрақтарға тез жауап беру «Кертпелерді және ойықтарды фрезерлеу»


  • ІІІ тур. Ең үздік теоретик

«Аспаптарды танисыңба»

Сұрақтарға ауызша тез жауап береді.

Өткен тақырыптарды еске алады

Берілген аспап туралы топтан бір оқушы шығып аяндайды, қалғандары тыңдайды

Сұрақтар слайд түрінде интерактивті тақтада көрсетіледі

Слайдтар №5,6,7

Тақта алдында аспаптар орналастырылады.

Слайд №8

ІІІ

Жаңа сабақты түсіндіру

15

Сабақ тақырыбын, мақсатын, жаңа түсініктерді хабарлау.

  • Білімнің өзектілігі:

- Дискілік фрезалардың арналуы

- Дискілік фреза құрылысы

- Дискілік фрезаның түрлері

- Дискілік фрезаның түрлерінің кертік және ойық фрезезерлеуде қолданылуы

  • Анықтамалырды меңгерту

  • Жаңа материалдарды дәптерге жаздыру.

  • Бейне материалмен жұмыс

-интерактивті тақтадан бейне материал қосу

Оқытушыны тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Түсіндіруді тыңдап, слайдты қарайды.

Анықтамаларды дәптерге жазады.

Бейне материалды қарау.

Презентация

Слайдтар №9

Слайд № 10

Слайды № 11

Слайд № 12

Слайд № 13



Бейне материал №1,2

ІV

Жаңа сабақты бекіту

10


  • «Ойлан тап»


  • «Не білдім» компютерлік тест

Тақтада көрсетілген сурет атауларын атау.

Тест орындау

Слайдтар № 1-12

Тестер бағдарламасындағы тест жұмысы

V

Қорытындылау, оқушыларды бағала.

3


  • Сабақты қорытындылау.

  • Топтардың қорытынды ұпайын шығарып, жеңімпаз топты хабарлау

  • Оқушыларды бағалау

Оқытушыны тыңдайды

Әділ қазыны тыңдайды

Слайд № 15

Үй тапсырмасын беру:

Үй тапсырмасын хабарлау. Ф.А.Барбашов «Фрезерное дело», §17, 44-46 бет

2

Сайыс бағдарламасы

Тур №

Сайыс атауы

Сайыс тапсырмасы

Бағалау шкаласы

1.

Капитанды таңдап, топ атауын қою

Топ мүшелерінің сөзі

1 ұ.

2.

Марафон «Кім жылдам»

«Кім жылдам» үй тапсырмасы сұрақтарына тез арада жауап беру

1 ұ- тезділікке

1 ұ- әр дұрыс жауапқа (барлығы-10 ұ)

3.

Ең үздік теоретик «Аспаптарды танисың ба?»

Әр топтан бір оқушы шығып, бір-бірден аспапты таңдап, ол аспаптың атауын, қолданылуын баяндап береді.

Дұрыс жауап үшін 1 ұ.

( Барлығы 3 ұ.)

4.

«Ойлан тап»

Күрделілік деңгейге байланысты балл таңдап, сол ұпайды иелену.әр топтан сабаққа аз қатысқан топ мүшесі шығып таңдайды. Жауап болмаған жағдайда топ мүшелері көмектесіп, толықтыруға болады. Мүлдем жауап болмаса немесе дұрыс емес болса, қарсы топ жауап беріп, ұпайды иеленеді.

Әр дұрыс жауап үшін -1-3 ұ.

5.

Ең үздік зияткерлер тобы

«Не білдім?»

Компютерлік тест

Компютер бағалайды


2-тур. Марафон «Кім жылдам» тапсырмасы

  1. Кертік деген не? (Кертік деп екі өзара перпендикуляр жазықтықта шектеліп, қалыптасқан сатылы белгіні айтады)

  2. Ойық деген не? (Ойық деп жазықтықтың немесе фасонды беттердің шектелген бөлшек белгісі)

  3. Бөлшекте неше кертік болуы мүмкін? (бөлшекте бір, екі, үш және оданда көп кертік болуы мүмкін)

  4. Ойық белгісінің пішініне байланысты қандай түрлері болады? (Ойық белгісі пішініне байланысты тікбұрышты, Т-тәрізді және фасонды)

  5. Ойық түріне байланысты жіктелуі? (Ойық түрлеріне қарай өтпелі, ашық немесе шығысты және жабық болып жіктеледі)

  6. Кертік және ойықтарды қандай станоктарда өңдейді? (Кертік және ойықты фрезерлік станокта орындайды)

  7. Фрезерлеу арқылы өңделген кертік және ойықтар қандай техникалық талаптарды қамтамасыз етуіқажет? (Фрезерлеу арқылы өңделген кертік және ойықтар тағайындалуына байланысты өндіріс сериясына, өлшемдердің дәлдігігіне, орналасу дәлдігіне, беттің кедір бұдырлығыны сияқты әр түрлі техникалық талаптарға тәуелді)

  8. Кертіктер мен ойықтарды қандай фрезалармен орындайды? (Кертіктер мен ойықтарды дискілік, шектік, дискілік фрезалар жинағы, сонымен қатар кертіктерді бүйірлік фрезалармен фрезерлейді)

  9. Берілген ойық түрлерін атаңыз? (а, б,в, г, фасондық д-Т-тәрізді, е-өтпелі )

Разработка урока по предмету спец технологии на тему «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»


  1. Берілген ойық түрлерін атаңыз? (а-өтпелі, б-ашық, в-жабық)

Разработка урока по предмету спец технологии на тему «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»


ІІІ тур. Ең үздік теоретик «Аспаптарды фрезерлік жұмыстарды танисың ба?»

Штангенциркуль

Т-тәрізді ойық

Цилиндрлі фреза

Кертік

Бұрыштық

Микрометр

Жаңа сабақ: «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»

Разработка урока по предмету спец технологии на тему «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»

1-цилиндрі; 2- бір бұрышты; 3-екі бұрышты; 4-5-фасондық

Дискілік фрезалар жазықтықты, ойықтар мен кертіктерді өңдеуге арналған.

Дискілік фрезалардың тұтас және алмалы-салмалы тісті түрлерін ажыратады. Тұтас дискілік фрезалар МЕМСТ 3964-69 бойынша ойықтық (пазовые), МЕМСТ 8543-72 бойынша ойық желкелік (пазовые затылованные), МЕМСТ 3755-69 бойынша тік тісті үш жақты (трехсторонние с прямыми зубьями), МЕМСТ 8474-60 бойынша әр түрлі бағыттағы үш жақты ұсақ және қалыпты тісті (трехсторонние с разнонаправленными мелкими и нормальными зубьями).

Тістері алмалы-салмалы фрезалар МЕМСТ 1669-69 бойынша үш жақты болып орындалады. Ойықты дискілік фрезалардың тістері тек қана цилиндрлік бөлігінде болады. Оларды аса терең емес ойықтарды фрезерлеу үшін қолданады.

Дискілік фрезалардың негізгі түрі үш жақты болып табылады. Олардың цилиндрлік бетінде және қос бүйірінде де тістері болады. Олар ойық немесе кертіктің бүйір қабырғаларының кедір-бұдырлығының аса жоғары класын қамтамасыз етеді. Кесу жағдайларын жақсарту үшін үш жақты дискілік фрезалар жырашық бағытымен айнымалы кезекпен қозғалатын еңкіш тіспен жабдықталған, бір тіс жырашықтың оң бағытын иеленсе, онымен іргелес тісі - сол жақ. Сондықтан да мұндай фрезалар әртүрлі бағыттағы деп аталады. Тістердің кезекпен еңкіштігі арқасында тістердің оң және сол кесуші өстік құраушы күштері өзара теңеседі. Бұл фрезалардың екі бүйірлік бетінде де тістері болады. Үш жақты дискілік фрезаның негізгі кемшілігі болып, бірінші қайраудан кейін бүйірі бойынша ені өлшемінің азаюы. Реттелетін фрезаларды қолдану кезінде тістері қабаттасатын бірдей қалыңдықтағы екі жартыдан құралатын бірін бірі жабатын тістерді қайраудан кейін қалпына келтіруге болады. Бұл фрезалар арасына сәйкес қалыңдықтағы мыстан немесе жезден фольга төсемені орналастыру арқылы қол жеткізіледі.

Қатты қорытпалы пластинамен жабдықталған алмалы-салмалы жүзді дискілік фрезалар МЕМСТ 5348-69 бойынша үш қырлы және МЕМСТ 6469-69 бойынша екі қырлы болады. Үш қырлы дискілік фрезалар ойықтарды, ал екі қырлы фрезалар кертік және жазықтықтарды фрезерлеуге арналған.

Аламалы - саламалы жүздерді фрезаның екі түрінің де корпусына 5 ° бұрышты сына және өстік бедер арқылы бекітіледі. Алмалы-салмалы жүзді бұлай бекіту әдісінің артықшылығы, қайрау-тегістеу кезінде тозуы мен алынатын қабаттың орнын толтыру мүмкіндігі. Диаметр бойынша өлшемлерді қалыпна келтіру бір немесе бірнеше бедерленген жүздерді ауыстыру арқылы, ал , ені бойынша - жүздерді сәйкесінше ұзарту арқылы қол жеткізіледі.

Үш жақты фрезалардың айнымалы кезектесетін 10° бұрышқа еңкіш, екі жақты фрезада - бір бағытта 10° бұрышқа еңкіш жүзі болады. (оң және сол кесуші фрезалар үшін).

Қатты қорытпалы үш жақты фрезаларды қолдану кертіктер мен ойықтарды фрезерлеуде аса жоғары өнімділікті береді. Дискілік фрезалар шектік фррезаларға қарағанда өлшемді өте жақсы ұстайды.


4-тур. «Ойлан тап» ойыны. Суреттердің атауын атаңыз?

Суреттер

Атауы

Разработка урока по предмету спец технологии на тему «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»

Үш жақты тұтас дискілік фреза

Разработка урока по предмету спец технологии на тему «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»

Үш жақты тік тісті дискілік фреза

Разработка урока по предмету спец технологии на тему «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»

Қатты қорытпалы үш жақты дискілік фреза

Разработка урока по предмету спец технологии на тему «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»

Әр түрлі бағыттағы тісті үш жақты дискілік фреза

Разработка урока по предмету спец технологии на тему «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»

Алмалы-салмалы жүзді үш жақты дискілі фреза

Разработка урока по предмету спец технологии на тему «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»

Желкелі ойықты дискілік фреза

Разработка урока по предмету спец технологии на тему «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»

Ойықты фреза

Разработка урока по предмету спец технологии на тему «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»

Ашық ойықты өңдеп жатыр, фасонды желкелі дискілік фреза

Разработка урока по предмету спец технологии на тему «Кертпелерді және ойықтарды дискілі фрезамен фрезерлеу»

1-цилиндрлі

2-бір бұрышты

3-екі бұрышты

4-фасонды

5-фасонды

5-тур. Ең үздік зияткерлер тобы «Не білдім?» компьютерлік тест.

  1. Дискілік фрезалар не үшін арналған?

А. жазықтықты, ойықтар мен кертіктерді өңдеуге

В. Фасондық беттерді өңдеуге

Конустық беттерді өңдеуге

  1. Дискілік фрезалардың ... түрлерін ажыратады:

А. Қарапайым және күрделі

В. тұтас және алмалы-салмалы тісті

С. Жалпақ және жіңішке

3. Тұтас дискілік фрезалардың түрлері:

А. Ойықты және кертікті

В. Үшжақты және екі жақты

С. Ойықтық, ойық желкелік, тік тісті үш жақты, әр түрлі бағыттағы үш жақты ұсақ және қалыпты тісті

4. Тістері алмалы-салмалы фрезалар орындалады:

А. Екі жақты

В. үш жақты

С. Бір жақты

5. Ойықты дискілік фрезалардың тістері тек қана ... бөлігінде болады.

А. цилиндрлік

В. Бүйірлік

С. Ішкі

6. Ойықты дискілік фрезалар не үшін қолданылады?

А. терең ойықтарды фрезерлеу

В. Аса терең ойықтарды фрезерлеу

С. Аса терең емес ойықтарды фрезерлеу

7. Дискілік фрезалардың негізгі түрі ... болып табылады

А. үш жақты

В. Екі жақты

С. Ойықты

8. Қай фрезаның цилиндрлік бетінде және қос бүйірінде де тістері болады:

А. Екі жақты

В. үш жақты фреза

С. Ойықты

9. Үш жақты дискілік фрезаның негізгі кемшілігі:

А. бірінші қайраудан кейін бүйірі бойынша ені өлшемінің азаюы

В. бірінші қайраудан кейін бүйірі бойынша ұзындығының өлшемінің азаюы

С. бірінші қайраудан кейін бүйірі бойынша диаметрі өлшемінің азаюы

10. Қандай фрезаны қолдану кертіктер мен ойықтарды фрезерлеуде аса жоғары өнімділікті береді.

А. Қатты қорытпалы екі жақты фрезаларды

В. Тез кескіш болатты үш жақты фрезаларды

С. Қатты қорытпалы үш жақты фрезаларды

Тест жауабы

Жауабы

1

А

2

В

3

С

4

В

5

А

6

С

7

А

8

В

9

А

10

С

Бағалау кестесі

Тур №

Сайыс атауы

№1 топ

№2 топ

№3 топ

1

Топ атауы


2

Марафон «Кім жылдам»


3

Ең үздік теоретик «Аспаптарды танисың ба?»


4

«Ойлан тап»


5


Ең үздік зияткерлер тобы

«Не білдім?»



Барлық жинаған ұпайлар саны



Үздіктер орны




© 2010-2022