• Преподавателю
  • Другое
  • Научный проект по казахскому литературу на тему Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі метафоралардың қолданылуы

Научный проект по казахскому литературу на тему Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі метафоралардың қолданылуы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Павлодар облысы Екібастұз қаласы

№ 26 жалпы орта білім беретін

қазақ мектебі


Какашева Мөлдір 6 «ә» сынып оқушылары



Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі метафоралардың қолданылуы


Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және

болашақ дамуы бар саяхат маршруттары


Секция: Тіл білімі

Ғылыми жетекшісі:

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Түсіпжанова Ә.А.


Екібастұз қаласы - 2010

Мазмұны


І. Кіріспе 3-бет

ІІ. Негізгі бөлім 4-9 бет


  1. Мұқағали Мақатаев - сыршыл, ақиық ақын.

    1. Ақын поэзиясындағы метафораның

семантикалық сыйымдылығының артуы.

ІІІ. Қорытынды бөлім 10-бет


IV. Қолданылған әдебиеттер 11-бет








Кіріспе


Тақырыбы: М. Мақатаев өлеңдеріндегі метафоралардың қолдалуы.

Зерттеудің мақсаты: Мұқағали Мақатаев өлеңдерін оқи отырып, теориялық негіздерге сүйене отырып, метафора сөздерді іздеп тауып, бар екенін дәлелдеу.

Зертеудің маңыздылығы: Ақын метафоралы сөз саптауда жақсы таныс нәрселермен салыстырып, өлең құдіретін ұғындыруында.

Әдіс-тәсілдері:

  • проблемалық іздендіру;

  • логикалық ойлау, дәлелдеу;

  • практикалық іздендіру;

  • талдау, жинақтау;

Гипотеза: Ақын өлеңдерінде метафоралардың бар екендігі.





























ІІ. Негізгі бөлім


    1. Мұқағали Мақатаев - сыршыл, ақиық ақын.

Ғажайып, ақиық, сыршыл ғасыр ақыны аталған М. Мақатаевтың өлеңдерін оқыған сайын ақиқат, бейнелеу рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Оның артында қалған өшпес, өлмес мұрасы, яғни, поэзиясы жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашып, түеді. Ақынды еске алу бүгінгі жас ұрпақтың борышы.

«Біздерді жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табыламыз» дегендей ақын бүгін де архивтен, яғни, мұрағаттан емес біздің жүрегімізден табылуға тиіс.

Соңына өшпес, өлмес мұра қалдырған Мұқағали шығармаларының келер ұрапққа берер мәні зор.

М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу.

Сырым да-осы

Жырым да-осы

Алдыңда

Байқашы бір

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махандар жоқ

Махандардың сарқыты [1]

Мұқағали Мақатаев бар мұнда, - деп бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны М. Мақатаев ұрпақтарға ұланғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім.

М. Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасөз ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі комсомол қызметінде болады. Әкесі Сүлеймен шаруа адамы еді. 1941 жылы желтоқсанда майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман да қарапайым шаруа адамы еді. Мұқағали отбасының тұңғышы болғандықтан оны әжесі Тиын өз бауырына алады. Тиын әжесі мейірімді, кісілігі мол керек кезде адуынды адамболған екен. Әнге, өлеңге бейімді жан болған. Әжесінің тәрбиесінде өскен Мұқағали шешесін өмір бойы Нақа деп кеткен екен.

Мұқағали 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды. 1962-1972 жыл арасында Социалистік Қазақстан «Қазақ әдебиеті» газеттерінде «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

1972-1973 жылдары Қазақстан «Жазушылар Одағында» әдеби кеңесші болып жұмыс істеді.

Тұңғыш өлеңдері 1948 жылы «Қырман басында», «Қойшы бала Әкітай» Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде басылды. Ақынның шығармалары негізінен Отанға, елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән шығарылды.

Американ ақыны У.Уитменнің «Шөп жапырақтарын» (1969), ағылшын ақыны У.Шекспирдің «Саннеттерін» (1970), Д.Алигеридің «Құдіретті комедиясын» т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған.

М.Мақатаев соңында көптеген өлеңдері мен поэмалары «Баллада», «Новелла» ішінара прозалық шығармалары қалады. Күнделіктері мен хаттары автордың өмір жолындағы алуан сырларын жеткізеді. Қазақстан жазушылар одағы жылдың ең дарынды жас ақынына арнап М.Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалады.

1976 жылдың 26 наурызында ақынымызды мәңгілікке біздің арамыздан алып кетті. [1]

Ақын шығармаларының тақырыптары

Өлеңдері:

«Арыз жазып кетейін»

«О, Туған ел...»

«Құм Нарында»

«Жалқы аяқ»

«Үш бақытым»

«Сарыжайлау»

«Қазақстан»

«Менің анкетам» т.б.

Поэмалары:

«Аққулар ұйықтағанда»

«Ару ана»

«Райымбек, Райымбек»

«Алтай - Атырау»

«Досыма хат»

«Шекарада»

«Арман» М.Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны, азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы, бұл пікірді жалтақтамай кесіп айту - аруақты ақын алдындағыазаматтық парызымыз. М.Мақатаев әр кез алдымыздан шығатын болады. Ол - жырдағы ерекшелігімен тұп-тұтас дара талантымен, ақындықтағы қыран қимылымен, тұлпарға бұйыратын жыр дүниесін қалдырып кеткен ақын.







1.2. Ақын поэзиясындағы метафораның

семантикалық сыйымдылығының артуы.

Метафора сөздің ауыстыру мағынасында қолданылуы, екі нәрсенің ұқсастығына қарай бірін-бірімен ауыстырса, оны метафора деп атайды. Метафоралық сөздер сын есім (ақ бас шалым), зат есім (бала - жүрек, бала - бауыр) және едім, еді, екен деген көмекші етістіктер арқылы жасалады, кейде ем, ең т.б.

Метафораның бір алуаны -мын, -бын, -ның, -сың жіктік жалғаулары, не -м, -н, -ы (-сы) тәуелдік жалғауларының көмегімен жасалынады. М.Мақатаев поэзиясындағы метафора мен теңеулерге тоқталсақ: «Тіл өнері дертпен тең». Сөз шеберлеріне қиыннан қиыстырып асылды саралау азабы - заңдылық, осы бір қасиетті заңдылықты табанды ұстаған зергерлер өзіндік ою-өрнегімен, ақындық әуенімен ерекше танылмақ. [5]

Бұл ретте халқымыздың ұлы ақыны Абай:

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы, - деп өлең құдіретін сөз билеушісісимволы ретінде пайдаланса, Мұқағали:

Бәрібір, сенсін мейлі, сенбесін көп,

(Менің ойым менімен жерге сіңбек)

Жыр - ошақтың өтетін отын сіңбек.

Қара өлеңі қазақтың сөнбесін деп [2] - деп жырлай отырып, өлең жыр құдіретін қазақ ұғымына табиғи байланысты, қисыны бар ошақ сөзімен ұғындырады. Ошақ оты - тірлікті білдіреді. Тірлік тоқтаған жерде от оа сөнеді.

Ақындар метафоралы сөз саптауда жақсы таныс нәрселермен салыстыра отырып, өлең құдіретін ұғындырып отыр. Метафораны қолдану - көру, есту, сезу әсерлерінің кірігуі.

Нағыз сөз зергерлерінің қаламынан сөздердің метафоралы қолданылуы «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы» өз орнынан таба алады.

Шабыты шарықтаған ақындардың жүрегінен қорғасынша балқып шыққандары, олардың көз алдымызға сырлы сурет әкеле алатындары ғана халық аузында орын таппақ, бірақ шешендік - шындығымен күшті. Ұлан-ғайыр өмірдегі ұсақ шындықтың өзі бір қырынан ғана емес, тұтас көрінуі тиіс. Осы қағиданы берік ұстаған суреткерлердің метафоралары ғана шикі шықпайды.

Міне, әр түрлі стильдік мақсатта метафора мен теңеуді қатар алып, семантикалық сыйымдылығын арттыра түскен ақын - М.Мақатаев.

Мұндай ретте ақын өлеңдерінде бір нәрсенің, құбылыстың белгісі сипатында келетін сөздер жиі қолданылады.

Мен - таулықпын,

Қыранның балапаны.

Маған-дағы тауымның таңы атады,

Қарапайым қалтқысыз жырларымды

Қажетіне өз халқым жаратады.

Мен әзірге бола алмай Расулдай

Бағым, жаным - барлығы жүр ашылмай

Алынады томағам, кетем ұшып,

Құсбегіден құтылған лашындай [4]

Бұл өлең жолдарындағы «қыранның балапаны, алынады томағам» деген метафоралық қолданыс «құсбегіден құтылған лашындай» деген теңеу жарасты сөз өрнегі, қанатты ой түйіні ретінде қолданылған Мұқағалиға тән ерекшелік.

Өзіндік метафоралар - ақын-жазушылардың ана тіліне тартқан ең қымбат асыл сыйы. Мұқағали өлеңдеріндегі метафоралар халық ұғымына таныс, түсінікті болып келеді.

Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.

Шаруасы шайқалған шағын үйдің,

Шаңырағына шаншылдық уық болып.

Киіктің сүтін еміп, ер жетемін.

Қуат алып қыранның қанатынан.

Қайран, әке!

Піл сүйек, нар қылықты.

Отаны керегіне жаратсын деп,

Өзі өліп, мені артына қалдырыпты.

Мұндағы «желідегі құлынмын», «көгендегі қозысымын», «шаншылдық уық болып», «қуат алып қыранның қанатынан», «піл сүйек, нар қылықты» деген метафоралар тұрақты ауыспалы мағына алып, бұрынғы кезіндегі белгілі бір жүйрік тілді шешеннің терең толғанған ойлы сөз саптауын еске түсіреді.

«Заттар мен құбылыстар сөзбен аталғанда, өздерінің белгілеріне қарай аталады, - дейді тіл зерттеушісі ғалым К.Аханов. - Бір заттың бойында бар белгілер екінші бір заттың бойында да болуы мүмкін. [5]

«Қыз - сұлулық, жігіт - өрлік, қарттық - басқаға орын берушілік» деген ұғыммен сәйкес келетіні сияқты, І.Кеңесбаевтың ұқсату заңы - метафораның басты шарты екендігі туралы айтқан тұжырымдамасын ескерсек, Мұқағали өлеңдерінде бұл өз орнын табады.

Сағым қыздың ап қашып орамалын,

Асыр сап тентек жігіт - жел еседі.

Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы,

Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауылдағы.

Асқар ала таулардан асыл әрі,

Аяз атаң барады мұз көрікті. [4]

Ақын сөздерге әр түрлі мән беріп, бейнелепқолдану (метафора) арқылы табиғаттың әр құбылысын жанды, әрі көркем етіп көрсетеді.

Метафоралы сөз қолдану көпшілік жағдайда жансыз нәрселерге жандылық қасиетін телуге байланысты. Мұндайда метафора зат есім болып келеді де, зат есім бастауыш фунциясында жұмсалады. Бұл метафораландыру сөздердің жаңа байланыста, тіркесті жаңа мән, мағына алуы ықтимал. Осының арқасында сөздердің экспрессивті әсері мен мәндік қасиеті арта түседі. Бұл ұлы ақындар еңбегінде былайша көрінсе:

Күлімсіреп аспан тұр,

Жерге ойлантып әр нені

Тілдесіп тау мен аспан сүйіседі,

Сәлем қып бұлттар басын иіседі. (Сәкен)

Ал, Мұқағали болса:

Сағым қыздың ап қашып орамалын.

Асыр сап тентек жігіт - жел еседі.

(Түн деген шашын жайған албасты екен,

Апыр -ай таң кешігіп қалмас па екен ? )

Қателігін кеш ұққан тағдыр деген қайыршы,

Жүгіріп жүр жағада сауға сұрап дас ұрып. [6]

Мұндағы зат есім сөздер қосарлы айқындауыш арқылы жандыға жандының қасиетті телу арқылы өлені айшығын аша түседі. «Сағым қыз», «Тентек жігіт-жел», «тағдыр деген қайыршы» деген метафоралар - ой діңгегі .

Зат есімнің жалқы есім және жалпы категорияларында метафоралық сыры көп байқалады.

Көркем сөздің атасы ұлы Абайдың «жұрт», «ел» деген жалпы жалқы есімдерді

Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап...

Басқа сая , жанға олжа дәнеме жоқ.

Қайран ел осынымен жүр балақтап ,- деп, бұл арада ақын далақтап, болмашы нәрсемен айналысып, басқаларға зиянын тигізушілердің аз еместігін, көптігін көрсету үшін «жұрт, ел» сөздеріне астар беріп сөйлеп отыр.

Өмір - мәңгі, уақыт мүмкін елес,

Кел, Болашақ! Сауық құр, күлкіңе көш.

Арқалап ап ырыс-құт,

Келді әне күн шығып.

Қайырлы таң,Тыныштық!

Қайырлы таң, Тіршілік!

Екінің бірі бармайтын жерге барып біз,

Жанбайтын жерде жаныппыз.

Біз деген, досым,

Тағдыры қазақ халықпыз. [3]

Бұл өлеңде Мұқағали «болашақ», «тыныштық», «тіршілік», «халық» жалпы есім елде бейбітшілік болсын деген ниет, ел келешегін жастарға арнаған арнауын астарлап, түсіндіреді.

Ақын-жазушылардың кейіпкерлеріне әдейі метафоралық есім беретінін де байқалады. Жалпыға белгілі, кейбір сөздер жалпы есім ретінде де жұмсалады. Мұндай сөздер жалпы есім ретінде де, жалқы есім ретінде де, жалпы есім ретінде де метафоралана береді.

Қалайша бәйге боп тұр,міне, ортада,

Біреудің маңдайдағы Ай мен Күні? (Сәкен)

Мұнда лирик ақыны Сәкен Сейфилин Ай мен Күнді қатар алып метафораландырса, Мұқағали:

Асқардың күн ілігіп сәлдесіне,

Қарады дүниеге сәл кешіге

Айдында-Жер мен Көктің арасын да,

Ақ таңның шомылғаның сәулесіне.

Күн-мені шомылдырған асыл анам.

(Жан-жағын ақ моншақтар шашыраған), [6] - деп сипаттайды.

Әбділдә Тәжібаев: « Мұқағали Мақатаев , біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі» - десе, Тұманбай Молдағалиев: «Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздарының арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз» -деді, Зейнолла Серікқалиев: «Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі, біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы , маржан поэзиясы - болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы» -десе, Қадыр Мырзалиев: «Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тірегін күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаулыларының бірі едің» - деген екен.

Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақ халқының ұлы ақыны М.Мақатаев бізге ұланғайыр өшпес мұра қалдырып кетті.

Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деп ақынның өзі айтқандай , өзін өзгелерден

ерекше көрмесе де, келешек ұрпақ Мұқағалидың нағыз арқалы ақын екендігін танып отыр.

Ақын анадан туса да, Табиғат - анадан нәр алса да, Ел анасына еркелесе де, Отан анасын отты жырларына қосса да, мәңгілік сапарға Жыранасының перзенті болып атанған еді. Сондықтан да, Мұқағалиды поэзиядан, поэзияны Мұқағалидан бөліп қарай алмаймыз. Ақын жұлдызы күн сайын көмескіленбей, жарқырай түсуі де, оның поэзияға деген шексіз адалдығынан деп түсінеміз.
















ІІІ. Қорытынды бөлім

Қорыта келгенде, Мұқағали ақынның өлендеріндегі метафоралардың табиғатына

көз жүгіртсек, олар зат есім метафораларының діңгек болуы негізінде қалыптасқан.

Осы орайда оларды тегіне, тура мағынасына қарай, зат есім метафоралары мен теңеулерінің төңірегінде топтастыруға болады. Осындай топтастырудың негізінде салыстыра отырып, белгілі бір тілге тән метафоралар мен теңеулерді айыруға болады.

Өзіндік метафоралар - ақын-жазушылардың ана тіліне тартқан ең қымбат асыл сыйы. Мұқағали өлеңдеріндегі метафоралар халық ұғымына таныс, түсінікті болып келеді.

Метафоралы сөз қолдану көпшілік жағдайда жансыз нәрселерге жандылық қасиетін телуге байланысты. Бұл метафораландыру сөздердің жаңа байланыста, тіркесті жаңа мән, мағына алуы ықтимал. Осының арқасында сөздердің экспрессивті әсері мен мәндік қасиеті арта түседі.























IV. Қолданылған әдебиеттер:

1. М. Мақатаев. Өмір өзен. Аламты: «Жазушы», 1979.

2. М. Мақатаев. Өлеңдер мен поэмалар. Аламты: «Жазушы»,1993 .

3. М. Мақатаев. Жылап қайттым өмірдің базарыан. Аламты: «Жалын», 1994.

4. М. Мақатаев. Шығармалары. І,ІІ том. Аламты: «Жалын», 2006.

5. З. Қабдолов, Сөз өнері . Аламты: «Қазақ университеті», 1992.

6. М. Мақатаев. Соғады Жүрек. Аламты: «Жазушы», 1982.














© 2010-2022