• Преподавателю
  • Другое
  • Статья Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін арттыру

Статья Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін арттыру

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя

Алдабергенова Айгүл Тұрсынбекқызы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

№32 мектеп-гимназия, Астана қаласы


Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өзіндік

шығармашылық ізденістерін арттыру


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына "әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселенің енгізілуі - қазіргі заман талабы.

Білім беру саласы - қай елде болмасын, басымдыққа ие салалардың бірі. Елбасымыздың «Қазақстан - 2050» ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасында білім беру саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер алдына анық мақсат қояды: «... барлық дамыған елдердің сапалы бірдей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда біздің ауқымды жұмыс күтіп тұр. Қазақстандағы 3-6 жас аралығында балаларды мектепке дейінгі біліммен жүз пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдармалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түліктері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс». Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды. Бұл оқушылардан шығармашылықты, ізденімпаздылықты, өз оқуына жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға негізделген оқыту жобаларының бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасы.

Жобаның басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде "Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту" бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл жоба оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден-бір тиімді бағдарлама. Бұл жоба оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі әдістерінен тұрады. Сын тұрғысынан ойлаудың нақты әдістері: «Топтастыру», «Семантикалық карта», «Кубизм», «Венн диаграммасы», «Бес жолды өлең», «БББ» кестесі, «Пікір сайыс», «Еркін жазу», т.б.

Мен өз іс-тәжірибемде оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданамын. Оқытуда ЖИГСО, Карусель және т.б. ұжымдық оқыту әдістерін сабақта қолдану арқылы оқушылар өз беттерінше ойларын еркін жеткізуге, тұжырым жасауға, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білуге үйренеді. Венн диаграммасы, концептуалды кесте, екі жақты күнделік т.б. әдістері арқылы мәтіннің мазмұнын түсініп, алған білімін қолдана білуге, өз ойын дәлелдей білуге, салыстырып, талдау жасауды үйренеді. Сын тұрғысынан ойлау әдістері оқушылар ізденуге, ойлауға, бір-бірін түсінуге, топпен және жұппен жұмыс істеуге үйретеді. Бұл оқушылардың өзіне деген сенімін, ынтасын арттырып, пәнге деген қызығушылықтарын оятады.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасын қолдануда менің байқағаным - бұл сабақтар оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, тіл байлықтарының дамуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушыларды ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйретеді, білімдері тереңдейді.

Мен осы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өз кәсібилігімді де біраз арттыра алғыныма, жұмысымның нәтижелі бола бастағанына көзім жетті.



3,7 / 5 (13)
загрузить
© 2010-2018