Мақала - Бала жанының бағбаны - Жанна Иогансовна

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Маңғыстаунама - 2015» байқауы


Үй тапсырмасы


Бала жанының бағбаны - Жанна Иогансқызы

Орындаған -Түпқараған ауданы,

Ақшұқыр мектеп - лицейінің

қазақ тілі мен әлебиеті пәнінің мұғалімі

Қартбаева Гүлзира


Мақала - Бала жанының бағбаны - Жанна Иогансовна Жанна Иогансқызы Шенеман -Джауғаштиева

Қарақия ауданы, Құрық кентіндегі

өнер мектебінің психологы








Бала жанының бағбаны - Жанна Иогансқызы




Тілге құрмет - елге құрмет


Н.Ә.Назарбаев

Қазақ отбасының ұйытқысы болып отырған ибалы да иманды, психолог мамандығын жетік меңгерген Жанна Иогансқызы Шенеман - Джауғаштиева есімді әріптесімізді Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық кентінің жұртшылығы үлкен мақтанышпен ауызға алып отырады. Оны жақсы танитын жандар С.Желдербаеваның «Ақ босаға» өлеңіндегі мына шумақтың:

Татулықпен тамсантқан ауылымды

Ардақ тұтқан аға - іні, бауырымды.

Ізеті мол қазақтың келіндері

Бағалаттың баршаға қадіріңді,-деген тармақтарын дәл Жанна Иогансқызына арнап айтқандай екен десем, баршасы мені құба -құп қолдар деп ойлаймын. Себебі Жаннаның мол адамгершілігі мен қарапайымдылығы, үлкенге деген құрметі, кішіге деген ізеті, қазақ тілінде бал тамызып айтқан әңгімесі жанына келген жанды еріксіз өзіне тәнті етеді.

Жанна Иогансқызы елімізге танымал тамаша өнер жұлдыздарының, атап айтқанда, Лұқпан, Фариза және Берік Жолдасовтардың, Айдарбек Оңайбаевтың, Бекслан Аязбаевтың, Тұрғанбай мен Айсұлу Құдабаеваның арманына қанат бітіріп, биік белестерден көрінуіне ықпал етіп келе жатқан өнер мектебінде психолог болып қызмет етеді.Жаннаны бұрыннан танымайтын жанның оның неміс ұлтының қызы екендігіне сене қоюы неғайбыл шығар деп ойлаймын.Қазақ тілінде әңгіменің майын тамызып айтатын неміс ұлтының өкілін табу тұрмақ, бүгінгі жаһандану заманында қара көз бауырларымыздың арасынан ана тілімізді менсінбейтін ағайындарымызды кездестіріп жататынымыз да жасырын емес. Жаннаның сыртқы келбетін былай қойғанда, қазақша сөйлегендегі тілінің тазалығы, тіпті әр сөзін мақалдап, әр сөзін байланыстырып, әңгімесін ұйқастырып айтқанда, еріксіз ұйып тыңдайсың.

Жаннаның ата - анасы, яки әкесі - Иоганс пен анасы Элеонора - сонау сұрапыл сұм соғыс - Ұлы Отан соғысы жылдары Ресей елінен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған жері Семей өңіріне жер аударылып келіп, дәм - тұздары жарасып, отбасын құрып, он бала тәрбиелеп өсірген бақытты жандар.Әкесі Иоганс ағай көп жылдар бойы жылқы бағып, төрт мәрте Еңбек Ері атанса, анасы Элеонора жарының жанында бие сауып, қымыз ащытып, он баланы жарыққа әкеліп, олардың барлығын жұбайы екеуі оқытып, үш ұлды - ұяға, жеті қызды қияға қондырып, «Алтын алқаға» ие болып, алтын құрсақты «Батыр Ана» атанған. Жанна осындай еңбекқор, адал, қарапайым, көп балалы отбасында 1977 жылғы наурыз айының 12 жұлдызында оныншы, кенже бала болып дүниеге келеді. Ол 1984 жылы Семей облысы, Абай ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің табалдырығынан аттайды. Жаннаны бірінші сыныптан бастап әкесі: «Қызым, біздің Отанымыз - Қазақстан.Қазақ тілін білгенің - еліңе деген құрметің», - деп қазақ сыныбына қолынан жетектеп әкеледі.Жанна жастайынан қазақ тілін жетік меңгерумен қатар мектеп жанындағы домбыра үйірмесіне қатысып, қазақтың қара домбырасын меңгереді. 1994 жылы аталған мектепті «жақсы» деген бағамен бітіріп шығады.

Еліміз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары қазақ жерін екінші Отанымыз деп жүрген кейбір отандастарымыз тарихи Отандарына жаппай көшіп жатқан шақта, Жаннаның үш ағасы мен бір апасы отбасымен Германия мемлекетіне көшсе де, ата - анасы оған: «Қызым, сенің туған жерің, Отаның - тәуелсіз Қазақстан.Біз басымызға қиын күн туып, бір үзім нанға зар болып келген шағымызда, қазақ халқы өздері бір үзім нанға жарымай отырса да, үйінің төрінен орын, екі қолымызға жұмыс беріп, жан сақтап, өсіп - өнуімізге, тұрмысымызды түзеуге жағдай жасады.Біз ешқайда көшпейміз, сен де біздің қасымызда қал, бауырларыңа қыдырып барып тұрарсың», - деп әкелік ақылын береді.Ал үш апасының екеуі де қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, Қазақстанда тұрақтап қалса, бір апасы бүгінде отбасымен Ташкент қаласында тұрады.

Қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толуына орай хакім Абайдың туған жерінде ақынның аналарына кесене тұрғызуға біздің Маңғыстаудан елімізге белгілі Назарбеков Сайын ағамыз бірнеше маңғыстаулық тас шеберлерін бастап барған болатын.Сол шеберлердің арасынла менің сыныптасым Жауғаштиев Самат деген жігіт те бар болатын. Осы Саматпен Жанна Иогансқызы танысып, алғашында әңгімелері жарасып, кейін жұптарын жазбайтын екі жас отбасын құруға келі-седі.Бүгінде екі еңбекқор, қарапайым да адал жандардың үш ұл, үш қызы бар.

Бірде Жаннадан не себепті ұстаздық мамандықты таңлағанын сұрағанымла, ол еш ойланбастан: «Кішкентай кезімнен мұғалңм болуды армандадым.Сабақтан келген соң, қуыршақтарымды отырғызып қойып, оларға сабақ беретін едім.Өскен соң кішкентай балалармен жұмыс жасап, оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру менің Отан алдындағы міндетім екенін сезіндім», - деді. Бала шағындағы арманын жүзеге асыру үшін жас балалары болса да, жары мен енесінің бабын тауып, аналық және келіндік барлық міндетін адал атқара жүріп, алдымен Маңғыстау гуманитарлық колледжін, сонан соң Маңғыстау гуманитарлық - техникалық университетін бітіріп, психолог мамандығын меңгеріп шығады.Балаларының алды, үлкен ұлы Дәулет, Алматы қаласындағы «Каспий» университетінің ІV курс студенті болса, үлкен қызы Динара анасының жолын қуып, Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Пелагогикалық Университетінің дефактология факультетінің ІІ курсына аяқ басып отыр.Үш баласы Құрық гимназия - мектебінің үздік оқушылары болса, кенже ұлдары әжесінің жанында, яғни ұлы ақын Абайдай әже мен ананың тәрбиесін бойына тел сіңіріп келеді. Ұл - қыздарының барлығы дерлік спортқа жаны құмар, үлкені Дәулет дзю-до күресімен айналысса, үлкен қызы - жеңіл атлетикамен, ортаншы ұлы Әділет қазақша күреспен шұғылданып, салауатты өмір салтын берік ұстанып келеді.Спортшы ұл - қыздарының қай - қайсысы да сан мәрте жүлделі орындарды иеленіп, алтын - күмістен алқа тағып, жеңістің биік тұғырынан көрініп келеді.

Жанна - қазақ отбасының ұйытқысы ғана емес, ол сондай - ақ, бүкіл бір әулеттің ибалы да иманды келіні.Жас келінді енесі жылы қабылдап, өзінің өмірлік тәжірибесінен жиған - тергенін ерінбей үйретіп келеді.Сүйіндік ауылына келін боп түскеніне ширек ғасырға жуық уақыт болса да, басынан ақ жаулығын тастамаған Жанна келінді ағайын - тумасы, бүкіл Құрық жұртшылығы сыйлап, зор құрмет көрсетіп келеді.Ауылының үлкендеріне иіліп сәлем салып, үлкен адамның алдын кеспейтін, барша баланың тілін тауып, әр баланың жүрегіне жол таба білетін Жаннаны барша құрықтықтар ерекше құрметтеп келеді.Ауылдарына жаңа түскен келіндерінің беташарында «Жаннадай ибалы, үлкенге - құрмет, кішіге ізет көрсете білетін адамгершілігі мол, үбірлі - шүбірлі үлгілі келін болсын» деген ниетпен Жаннаға жас келіннің қолтығынан сүйетеді.

Жаннаның дәмді де мол дастарханынан талай дәм татып келеміз, арасында оның ерекше әзірленген асының дайындалу мәзірін де жазып алып жатамыз.Сондай бір отырыстан соң, үйіндегі ерекше талғаммен тігілген құрақ көрпеге көзім түсіп: «Енеңнің жасы ұлғайса да, ісмерлігін қоймаған екен ғой», - деп таңданысымды жасыра алмағанымда, Жанна сабырлы үнімен: «Бұл менің енемнен үйренген көп өнерімнің бірі ғой, - деп жымиып қана қойып, - тағдырыма ризамын, Аллаға шүкір, қазақ отбасының келіні, адал жарымын, жаспын деп жүріп, үш ұл, үш қыздың анасы атандым.Менің бар байлығым да, бар асылым да - балаларым.Алтауының бір - біріне деген бауырмалдығы қуантады.Келін атанып, сол үйдің босағасын аттағалы бері енем мені басқа ұлттың қызы болсам да, өз қызындай көріп, білгенімді асырып, білмегенімді жасырып келеді.Менің өмірлік ақылшым, қиын жағдайда көмекке келетін, бірден - бір жол көрсетушім - енем», - деп туған анасындай болып кеткен енесіне ризашылығын да сездіріп жатты.

Жанна еңбек жолын 2010 жылы Қарақия ауланы, Құрық кентіндегі МКҚК «Болашақ» мектепке дейінгі қазақ гимназиясында тәрбиешілік қызметтен бастайды.Балажан әрі байсалды, өз ісінің майталман маманы бес жылдай осы мекемеде шығармашылықпен жұмыс істеп, әріптестері мен ата - аналардың зор беделіне ие болып, бүлдіршіндердің сүйікті тәрбиешісі бола білді.2012 жылы өткен Түпқараған аудандық «Үздік тәрбиеші -2012» байқауында бас жүлдеге ие болады.Осы ұжымның ұйымдастыруымен екі айда бір рет шығатын мектепке дейінгі әдістемелік - тәжірибелік журналдың бір номері Жанна Иогансқызының шығармашылық жұмысына арналғандығы оның өз ұжымындағы беделі мен абыройлы еңбегін көрсетсе керек. Бұл журналға Жанна туралы енген қай мақаладан болмасын әріптестерінің оған деген үлкен құрметі мен ыстық лебізін байқауға болады. Мысалы, осы мекеменің әдіскері Амирова Нұргүл Ануарбековна «Еңбегің жана берсін, жалынды ұстаз» деген мақаласында Жаннаның еңбеқорлығы мен жаңашыл тәрбиеші екендігін баса айта келіп, атақты ғалым, ұлағатты ұстаз Зейнолла Қабдоловтың «Ұстаз өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған» деген нақыл сөзі осы бір қарапайым да жайдары, еңбекқор, балалардың сүйікті тәрбиешісі Жанна Иогансқызы секілді шығармашыл да еңбекқор педагогтарға арналғандай десе, сол бала - бақшада тәрбиеленуші бүлдіршіндердің ата - аналарының атынан Қазиева Ақырзаның орыс тіліндегі «Наш воспитатель» деген мақаласында Жаннаның бойындағы асыл қасиеттерді оқырмандарға үлгі ете отырып, перзенттерінің сүйікті тәрбиешісіне деген ыстық лебіздері мен шексіз алғысын білдіреді.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Жанна өнер мектебінде психолог болып қызмет етіп келеді. Бұл ұжымда қызмет еткеніне жылға толар - толмас уақыт өтсе де, өзінің жоғары ізденімпаздық, шығармашылдық қабілетінің арқасында әріптестерінің ортасында зор беделге ие болса, шәкірттерінің арасында абыроймен қымет атқарып, зор мәртебеге ие. Өнерге бейім шәкірттерді өнер жолындағы жеңістерге қол жеткізуі үшін оларға небір қызықты тренингтер өткізіп, сауалнамалар жүргізіп отырады.Жаннаның шығармашылық тақырыбы - «Оқушыларды өмір жеңімпазы болуға жетелеу жолдары».Бұл бағытта да Жанна аянбай тер төгу үстінде.Құрық өнер мектебіндегі әр оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, оларды психологиялық тұрғыдан жан - жақты зерттеп, оларға әрдайым кеңес беріп, қамқоршы ұстаз, жанашыр психолог болып келеді.

Мақала - Бала жанының бағбаны - Жанна Иогансовна

© 2010-2022