Сабақ тақырыбы Салалас құрмалас сөйлем

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Қоянды ауылы

Қоянды орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кенжетай Бердігүл

Күні:

Сыныбы: 8 а

Пәні: Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы Салалас құрмалас сөйлем.

Сабақ мақсаты: а) білімділік - оқушыларды салалас құрмалас сөйлеммен таныстыра отырып, оның құрылысы мен құрылымының ерекшелігін ұғындыру;

Тәрбиелік - оқушылар бойына адамгершілік, достық сезімдерін ұялату;

Дамытушылығы - ой-өрісін, таным деңгейін кеңейте отырып, еріктілік, өз күшіне сенуін қалыптастыру, өткен тақырып пен жаңа тақырыпты өздігінен іздене отырып байланыстыра білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

ә) үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ. а) Сабақ мақсатымен таныстыру,ә) мағынаны тану в)ой қозғау г) Қорытынды д) үйге тапсырма е) Бағалау

І. Ой шақыру.

- Салалас құрмалас сөйлем дегенімізді қалай түсінесіңдер?

ІІ. Мағынаны таны.

1.Ең жақсы тіл - ана тілі. 2.Оның осындай екендігі жөнінде маған сеніңіздер. 3.Еңбектің наны тәтті. 4.Жалқаудың жаны тәтті. 5.Жалынды болу керек. 6.Лап етіп жанып кетпеу керек.

Жай сөйлем

Тұрлаулы мүшелер интонациясы

Салалас құрмалас сөйлем

Тұрлаулы мүшелер интонациясы

Салаласа құрмаласу тәсілдері

1.Ең жақсы тіл - ана тілі.

2.Оның осындай екендігі жөнінде маған сеніңіздер.

Баст. Баян. Бір ғана интонация

Ең жақсы тіл - ана тілі, оның осындай екендігі жөнінде маған сеніңіздер.

1 баст. 2 баян. ұласпалы интонация

Компоненттері, орын тәртібі, интонация арқылы

3.Еңбектің наны тәтті.

4.Жалқаудың жаны тәтті

Баст. Баян. Бір ғана интонация

Еңбектің наны тәтті де, жалқаудың жаны тәтті.

2 баст. 2 баян. ұласпалы интонация

Жалғаулық да, бірақ шылаулары арқылы

5.Жалынды болу керек.

6.Лап етіп жанып кетпеу керек.

Баст. Баян. Бір ғана интонация

Жалынды болу керек, лап етіп жанып кетпеу керек.

1 баст. 2 баян. ұласпалы интонация


  1. Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді.

  2. Күн жауып кетті, бірақ елеген ешкім болмады.

  3. Уәде бергеніме өкінген сияқтымын, жеңгесі үйіне кісі барғанды ұнатпайтын.

  4. Олар бірде тоқтап демалады, , бірде тынбай жүреді.

  5. Ертерек дәрігер шақыру керек немесе, ауруханаға бару керек.

  6. Бабамнан қалған асыл бар: ол - мына кең дала.

ІІІ. Кубизм. Жалғаулықты, жалғаулықсыз салалас сөйлемдерді бөліп жазыңдар.

1. Мейрам күліп еді, оған қоса Қанабек те күлді. Қол жетпес зәулім терек те бір күні қурайды да, құлайды, әуелеп ұшқан ақ сұңқар да бір күні топ етіп жерге түседі. Осы екі жылдың ішінде талай білік сыналады. Арқа бусанды, маңдай терледі, шықырлаған аяз естен шықты. Сағыныш бар дүниеде, жұбаныш бар, көңілді көтеретін жұбаныш бар.

Оқулықпен жұмыс. 97-98-жаттығуды берілген шарты бойынша орында.

  1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар.

  2. Қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екендігін ажыратыңдар.

  3. Тыныс белгінің қойылу себебін анықта.

ІҮ. Шығармашылық қосымша тапсырма

  1. мақал -мәтелдерден, өздеріне таныс әдеби шығармалардан сөйлемдер ойлатып, сатылай кешенді талдау жасатамын.

Қазақ әйелі аз ғана жәрдем бергенді ұмытпайды, тезірек еселеп қайтаруды жақсы көреді.

  1. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем. Себебі ой баяндай айтылады.

  2. Құрылысына қарай - құрмалас сөйлем, себебі екі жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіріп тұр.

а) құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдеріне қарай - салаласа байланысқан құрмалас сөйлем. Себебі бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақты тұлғада келіп, екінші жай сөйлемнің баяндауышы мен тең дәрежеде салаласа байланысып тұр.

Құрмалас сөйлемнің алғашқы жай сөйлеміндегі сөздерді сөйлем мүшесіне талдаймыз. Ол үшін ең алдымен баяндауышты тауып аламыз.

а) не істейді? - жақсы көреді - күрделі, (-ді) жіктік тұлғалы - баяндауыш

ә) нені жақсы көреді? - дара, етістік, тура толықтауыш

б) қалай қайтаруды жақсы көреді? - тезірек еселеп - тіркескен, етістік көсемше тұлғалы- сын-қимыл пысықтауыш

4. Енді сөйлемдегі сөздерді байланысу түрлері мен тәсілдеріне қарай талдаймыз.

а) қайтаруды жақсы көреді - меңгеру, тәсілі -жалғаулықты

ә) тезірек еселеп қайтаруды - жанасу, тәсілі- орын тәртібі.

Ү. Сабақты бекіту: пысықтау сұрақтар.

Үйге тапсырма: 99-100-жаттығу б.ш.б.о

Бағалау:


© 2010-2022