Еңбегімен ерекшеленген Елбасы туралы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Еңбегімен ерекшеленген елбасы

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, слайд, нақыл сөздері, <<Балалық шағымның аспаны>> фильмінен үзінді.

Ел болдың, ерік алдың астаналы,

Енді кімнен қазағың жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіреші

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі<< Еңбегімен ерекшеленген елбасы>> атты сазды кешімізді <<Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты -толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ.Осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді, аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге барамын..." деп елі үшін аянбай тер төгіп жүрген тұңғыш Президентімізге арнаймыз.

Таңғалдырған Қазақстан бар әлемді,

Берекелі, кең байтақ, жалпақ елді.

Қазақстан адымдап бара берді,

Көрінер көкжиектен далам енді.

Кім танымас,айтсаңшы, айтыңдаршы,

Қазақстандай егемен менің елімді.

Кім танымас тербелген тал бесікті.

Болашаққа айқара аштық кең есікті.

Барша ел аузын ашып тамсанумен

Бала деген періште ғой, тілегі қабыл болсын депқол жаялық.

Асқар тауың асқақтасын,

Ақорданың айбыны ассын.

Бәйтерегің саялатсын,

Ханшатырың аялатсын.

Тәуелсіздік тұллпары мақалмасын,

Береке-бірлігіміз шайқалмасын.

Ел аман болсын,

Ел бағына туған

Ел басымыз аман болсын.

Елбасының өнегелі өмірі жас ұрпаққа ұмтылмас әсер қалдырып, үздіксіз жалғасын табатынына сенімдіміз. Елбасының елге істеген игі ерен еңбектері әрқашан ұрпақтар жүрегінде орын алады.

Талай нөсер төгілер, болар жасын,

Алапат күн әйтеуір жоламасын.

Мына нұрлы өмірге тірек болған,

Елбасымыз әйтеуір аман болсын.

© 2010-2022