Сын есім туралы түсінік

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сын есім туралы түсінік

Қазақ тілі 6 сынып Сабақ 28

Сабақтың тақырыбы: Сын есім туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру;

ә) дамытушылық : түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық касиеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: Абай өлеңдерін, әндерін жатқа айткызып, талдау барысында әдемілікті, әсемдікті түсінуге, туған табиғатқа камқорлық жасауға тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка.

Сабақтың көрнекіліктері: Абайдың табиғат лирикаларынан буклет, әндері, аудармалары, плакат.

Сабақтың барысы:

Үйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.

э) Кезекші мәлімдемесі.

б) Журнал бойынша түгелдеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоямын.

  1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

  2. Зат есім деген не? Мысал.

  3. Жалқы есім мен жалпы есім дегеніміз не?

  4. Деректі жэне дерексіз зат есімдер деген не?

  5. Зат есімнің қандай жалғаулары бар?

Үйге берілген жаттығуды тексеріп болғаннан кейін, өткен сабақты қорытындылау ретінде I, II нұсқалы перфокарталар таратылады. Уақыты - 2 минут. Оқушылар орындап болғаннан кейін жүптарымен жұмыстарын алмастырып тексереді. Өздері бағалайды.

  1. О қате-"5"

  2. 1-2 қате-"4"

  3. 3 қате-"3"

I нұсқа

Зат есім

жалпы

жалқы

деректі

дерексіз

негізгі

туынды

күрделі

Қойшы Көкшетау Сезім Айтыс балдырған


II нұсқа

Зат есім

жалпы

жалқы

деректі

дерексіз

негізгі

туынды

күрделі

Жомарт Ой Қостанай Білім

Мөлдір бүлақ


П.Оқушылардың назарын кодоскопқа аудартамын. Кадоскопта төмендегідей схема беріледі. Заттың сындық қасиеттері

  1. Түрін, түсін: ақ (қағаз), көк (сия), жасыл (жапырақ).

  2. Көлемдік, аумақтық, салмақтьщ белгісі: биік (үй), кіші (інісі), қысқа (жіп).

  3. Сапалық белгісін, сипатын: жақсы (сөз), сараң (адам), жалқау (кісі).

  4. Дәмін, иісін және басқа сипаттарын: ащы (пияз), тәтті (тағам).

5. Затқа, қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты: балалы (үй), қысқы (демалыс), білімді (жігіт).

Сұрактары: қандай, қай?

Осы схема бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді. Мысалдармен дәлелдейді. Осыдан кейін үнтаспаны косып берілген өлеңнің үзіндісін тыңдатамын.

Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,

Кабырғалы, жоталы, болса күшті.

Мойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,

Тояттаган бүркіттей салқы төсті.

Кімнің өлеңі? Бұл өлең не туралы?

Түсініксіз сөздермен жұмыс жасаймыз. Кадоскопты қосып, оқушыларға осы өлеңнен сын есімдерді дәптерлеріне теріп жаздыртамын.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ тілі - өте бай тіл. Оның қүрамында элденеше мыңдаған сөздер бар. Сол сөздер мағынасына, сүрағына, атқарылатын қызметіне карай тоғыз топқа бөлініп, соның бір тобы зат есім деп аталса, келесі бір тобы сын есім деп аталады. Зат есім заттың, қүбылыстың атын білдірсе, сын есім сол заттың, қүбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіреді.

Сын есімнің мынадай маңызды белгілері болады:

1) затгың түрін, түсін білдіреді: ақ (қағаз), сүр (бүлт), қызыл (алма) т.б.

2) заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: биік (үй), үзын (ағаш);

  1. заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), тентек (бала), зерек (окушы), ақылды (адам);

  2. затгың дэміне, иісіне сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (күрт), тәтті (тағам), жүмсак, (нан);

  3. затқа, кимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер), көтеріңкі (көңіл), жазғы (демалыс), аспалы (шам), білімді (жігіт) т.б.

Сын есім қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Желсіз түнде жарыц ай. Мүнда желсіз, жарьщ сөздері түн жөне ай деген зат есімдердің сынын, сапасын білдіріп, қандай деген сүраққа жауап береді. Қандай түн? Желсіз түн. Қандай ай? Жарық ай.

Заттың сынын, сипатын, сапасын,түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? Кай? деген сүрақтарга жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.

Сабақты бекіту:

(Оқушылардан жекелей кайталатып сүраймын).

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Тағы қандай жыл мезгілдері бар?

  • Жыддың төрт мезгіліне арнап өлең шығарған қазақтың, қандай ақынын білесіңдер?

  • Дұрыс айтасыңдар. Абай - қазақтың үлы ақыны. (Плакатқа жазылған "Абай - акын" тақырыбын іліп коямын). (Буклет пайдаланамын).

  • Кім Абайдың"Күз" туралы өлеңінен жатқа үзінді айтып бере алады? Оқушыға өлеңді жатқа айтқызып, сын есімдерді тапқызып, тақтаға жазғызамын.

Сұр бүлт түсі суық, қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

"Қыс" өлеңінен үзіндіні жатқа айтқызып, сын есімге талдату.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

"Көктем" туралы үзінді айтқызып, сын есімге талдату.

Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,

Жан-жануар қуанар тойға еліріп,

Азалы ақ көрпесін сілке тастап

Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.

"Жаз" туралы үзіндіні айтқызып, сын есімге талдату.

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда.

Міне осылайша Абайдың әр өлеңін оқытып, соның ішінен сын есімдерді табу арқылы бүгінгі жаңа сабақтан алған білімдерін пысықтаймын да, жаттығу жұмыстарын жүргізуге кірісемін.

84- жаттығу: Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасын суреттеп жазыңдар. Мәтіндеріңде сын есімнің болуын ескеріңдер.

85-жаттығу: Төмендегі сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатын зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.

Салқын, терең, әдемі, жеңіл, үзын, қатты, ақ, жасыл, күрең, эдепті, сабырлы.

Тапсырмалар орындау:

  1. «Ішке-сыртқа» ойыны: Сын есімдерді шеңбердің ішіне, ал басқа сөз табының сөздерін сыртына жаз.

Дәрігер, аласа, күн, терең, жазды, қою, бесінші, өнерлі, айтты, сұйық, теңіз, Отан, жаңбырлы, мұғалім, тәтті, қып-қызыл.

«Үш тіл-тұғырым»: Берілген мақалдар мен жұмбақтардағы жасырылған сөзді тауып, оны орысжәне ағылшын тілдеріне аудар.

Жаман аттан аяғым артық,
Жаман достан таяғым артық.
(…-…-….)

Жаны жақсы ағаның
Етегін баспа, жолын қу.
Болайын деген баланың
Бетін қақпа, белін бу.
(…...-…….-…)

  1. Мақалдың жалғасын тап:

1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (….).
2. Бал тамған тілден... (……).
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (…….).
4. Жақсы сөз -... (…….)
5. Тіл қылыштан... (……).
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің... ( …….).
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман... (………..).
8. Бас кеспек болса да, (………..).

Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас.

( …-…-…)


Тұмсығымен қозғалар,
Артында аппақ із қалар.
(…-…-…)

Сабақтың қорытындысы:

Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

Оқушылардың білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: Астана туралы шығарма жаз.



© 2010-2022