Сынып сагаты Салтым - асыл казынам 7-сынып

Тақырыбы: Салтым – асыл қазынам.   Мақсаты: білімділік – білім деңгейін көтеру, жетілдіру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру;   тәрбиелік – оқушыларды жан –жақты білімді болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақ қарсы алуға, ұқыптылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу;   дамытушылық – атамұраны, ой -өрісін, ойлау қабілетін дамыту, этика – эстетикалық талғамдарын арттыру, дүниетанымын кеңейту.   Көрнекілігі: киіз үй, нақыл сөздер, қоржын, асық, ұлттық киімдер мен ұлттық тағамда...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




Сынып сағаты


Салтым - асыл қазынам



өткізген:Қабылқақова Ж.Б.







Онды орта мектебі

Тақырыбы: Салтым - асыл қазынам.

Мақсаты: білімділік - білім деңгейін көтеру, жетілдіру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

тәрбиелік - оқушыларды жан -жақты білімді болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақ қарсы алуға, ұқыптылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу;

дамытушылық - атамұраны, ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту, этика - эстетикалық талғамдарын арттыру, дүниетанымын кеңейту.

Көрнекілігі: киіз үй, нақыл сөздер, қоржын, асық, ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар, қазақтың ою- өрнектері, буклеттер, дайын қол бұйымдары т.б.


Барысы.

Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды, бөлмені сабаққа дайындау;

ә) қонақтарды қарсы алу;

б) «Салтым - асыл қазынам» атты тәрбие сағатын бастау.

Сабақ «Бастаңғы» салт - дәстүрімен басталады.

Әжесі мен немересі әңгімелесіп отырады.

Немересі: Әже, осы әкемнің атын неліктен Жолдыбай деп қойғансыз?

Әже: Е - е , балам, ертеректе адамның есімін ырымдап, қай уақытта туылса, сол мезгілге лайықтап қойған. Ол кезде тауға көшіп жатқан кезіміз еді. Сол жолда келе жатып болған жағдай болғаннан кейін осылай қойғанбыз. Ондай есімдер көпқой.

Немересі: Әже, бүгін әкем мен апамның қыдырып кеткенін пайдаланып балаларға бастаңғы жасап жіберейікші.

(Әжесі ойланып отырып рұқсат береді).

Әже: Жарайды, балам, шақырсаңшақыра ғой, тек шуламай тәртіпті өткізіңдер.

Немересі жүгіріп кетіп құрбыларын шақырып келеді. Барлығының қолдарында тағамдары бар. Дастарханға қойылады.

Нан - тіршілік нәрі. Нан барлық тағамнан да үлкен, сондықтын дастарханға бірінші нан қойылады. Нан бар жерде ән бар.

Бауырсақ. «Бауырмал, туысшыл, жақыншыл деген мағынаны білдіреді» деп бауырсақ қойылады.

Қымыз, айран, сүзбе, саумал шұбаты,

Қатық, тосап, жент адамның қуаты.

Қаймақ, көже, ақ ірімшік, сүт, уыз,

Қазағымның сүт тағамы - бұл аты.

Сүттен істелінген тағамдар қойылады.

Немересі: Әже, осы біз білмейтін салт - дәстүрлеріміз көп - ау деймін.

Өткенде біздің әжеміз «Енді күн жылынса киіз басамыз, соған «қой бастыларыңды» дайындай беріңдер» деп көршілерге айтып жатыр, ол қандай дәстүр?

Әже: Ә-ә, «қой басты» деген ... ертеде киіз басушылар, киіз тебу, пісіру кезіндеоны үй арасында домалата жүріп, бір үй тұсына келгенде «Қой басты» деп айқай салады, үй иесі киіз басушыларға құрт, май, шай немесе қой сойып, дастарханға шақырып тамақ берген.

Қыз: Ал «Шарғы» деген не?

Әжесі жауап береді.

Әже: «Шарғы» деген - дәстүр. Өзіне таяу сіңлісіне басындағы орамалды ұзатылған қыз береді. Бұл «Ендігі кезек сенікі» деген мағына екен. Бұрын қыздар басына орамал тағып шыққан.

Қыз: Қыздар, сендер «біз шаншар» деген салтты білесіңдер ме?

Қыздар: Жоқ, жоқ, ол қандай салт?

Қыз: Мен өткенде кітаптан оқыдым. «Біз шаншар» салты «жаушы» орнына жүреді екен. Бұрындары ақсақалды кісілер бір топ ер азаматтар бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды. Ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішін аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам бұлай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерді қарап, одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «Бізде ұл бар, сізде қыз бар, құда болайық» дегенді білдіреді екен.

Қыздар: О,о, біз білмейтін салт - дәстүрлер көп екен ғой, ол кітапты оқиық.

Қыз: Әй, құрбылар, енді жұмбақ шешіп, мақал - мәтелдер айтайық. Қане, кім жасырады?

Жұмбақтар

  1. Бір итім бар қабаған,

Аузына темір жамаған. (Кебеже)

  1. Атқа арта салдым,

Ішіне толтырып арпа салдым. (Қоржын)

  1. Судан ғайып,

Әжемде бар қос қайық. (Кебіс, мәсі)

  1. Көк тіреп тұрған,

Көп таяқты буған. (Басқұр)

  1. Мата қиындыларын қидаладым,

Қимай оны қызға арнадым. (Құрақ)

Мақал - мәтел

  1. Ердің қасиеті ерлігінде,

Қыздың қасиеті жүзігінде.

  1. Сырғаның көздерінде ұлттың ұлылығы бар,

Оны түсінген қыздың жүрегінде сыры бар.

Осы кезде даладан немересі жүгіріп келіп табалдырықты, есікті керіп тұра қалады.

Әже: Балам, есікті кермей, табалдырықтан бері өт, ішке кір. Бір жаңалық айтайындеп келдің бе, ентігіп тұрсың ғой?

Немересі: Иә, әже, сүйінші!

Әжесі: Қалағаныңды ала ғой, балам. Ол не?

Немересі: Қой егіз қозы туыпты, сондай бір әдемі.

Әжесі: Жақсы болыпты ғой, балам! «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген, мына жолдастарың құтты қонақтар болды ғой.

Қыз: Әже, онда қозының біреуін мен алайыншы.

Әжесі: Бұл «Наурыз төлі» деп аталады, төл басы ретінде қараған, төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Сондықтан келесі кезекте берейін, жарай ма? Сен ренжіме.

Қыз: Қыздар, енді «Жүзік салар» ойынын ойнайықшы.

Ойын ойналады. Айыптылар ән айтады.

Ән: «Дастархан».

Қыз: Кеше «Төле би» аулына бесік тойға барып едім, содан шаршап отырмын.

Жігіт: Мен де «Абай » аулының «Тоқым қағарында» болып келдім.

Қыз: «Тоқым қағар» деген де дәстүр бар ма?

Жігіт: «Тоқым қағар» деген «бәсіре» атына мініп алғаш алыс сапарға аттанарда «Жол аяқ» немесе «Тоқымқағар» беріледі. Мал сойылып, үлкендерді шақырып қонақ етеді. Ондағы мақсат «Сапарым сәтті болып, аман есен оралсам» деген ақ тілекпен шыққан ақ тілек. (Бата беріп шығарып салады).

Қыз: (кіріп келіп) Сіздерді «Қара қия» аулы «қапқағарға» шақырып жатыр, «қапқағар» деген де дәстүр бар ма?

Әже: Иә, балам, қыс аяқталып, көктем басталғанда ет сүрленіп, азая бастайды. Ол ет қатпа болады. Сол кезде ет асылып, аздап адам шақырылады. Бұл дәстүр «ет қайтар» деген ұғымды білдіреді, ал қаптың ең соңғысын асып, бөлісіп жейді. Мұны «қапқағар» дейді.

Қыз: «Естімеген елде көп» демекші салт - дәстүріміз көп екен ғой - дейді.

Осы кезде бір кісі: Қой, барсақ, барайық. Халқымыз «Шақырған жерден қалма, шақыруға зар боларсың» деген. Сондықтан шақырған жерден қалмайық. (Қозғала бастайды).

Жігіт: Бата беру- ақ ниеттен туған жарқын салт. Ақ тілек айту - ежелден келе жатқан дәстүр, бата беріңіз.

Қария бата береді.сабақ соңында оқушыларға рахмет айтылады.

© 2010-2022