Коучинг «Сын тұрғысынан ойлау»

М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жамантаева Роза Тагаевнаның 2014-2015 оқу жылында өткен «Сын тұрғысынан ойлау» коучинг сабағының рефлексивтік есебі.Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау – маңызды мәселелерді ой елегінен өткізудің оңтайлы тәсілі.Мақсаты: Мұғалімнің өз бойындағы сын тұрғысынан ойлау қабілетінің бар екендігіне сендіре отырып, оны іс - тәжірибеде іске асыра алатынына ықпал ету.Міндеттері: Мұғалімдерді топтық жұмысқа қатыстыра отырып, тапсырма орындау ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жамантаева Роза Тагаевнаның 2014-2015 оқу жылында өткен «Сын тұрғысынан ойлау» коучинг сабағының рефлексивтік есебі.


Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау - маңызды мәселелерді ой елегінен өткізудің оңтайлы тәсілі.

Мақсаты: Мұғалімнің өз бойындағы сын тұрғысынан ойлау қабілетінің бар екендігіне сендіре отырып, оны іс - тәжірибеде іске асыра алатынына ықпал ету.

Міндеттері: Мұғалімдерді топтық жұмысқа қатыстыра отырып, тапсырма орындау барысында сыни ойландыру, материалды өмірмен байланыстыруына, тәжірибені ой елегінен өткізуіне түрткі болу.

Күтілетін нәтиже: Сын тұрғысынан ойлаудың маңызды тәсіл екенін түсінеді.Коучинг «Сын тұрғысынан ойлау»

Топқа бөлу кезеңіСабақ алдын-ала жоспарланды. Сабаққа тарих,математика,бастауыш, дене шынықтыру, еңбек, ағылшын тілі пән мұғалімдері қатысты.Сын тұрғысынан ойлаудың мұғалім мен оқушы үшін аса маңызды ойлау жолы екенін анықтауға бағытталған коучинг сабағымды бастамас бұрын мұғалімдерді маркерлердің түстері арқылы топқа бөлдім және Коучинг «Сын тұрғысынан ойлау» Коучинг «Сын тұрғысынан ойлау»

сабақта жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында бір-біріне маркерлерді ұстап тұрып тілек айтады. Кейін тақырыпты ашу мақсатында интерактивті тақтадан иллюзиялы суреттерді көрсете отырып,суреттерде қандай бейнелер бейнеленгенін сұрадым. Иллюзиялы суреттерді бейнелей отырып,қатысушылардың сыни тұрғыдан ойлау деңгейін бақылағым келді. Қатысушылар суреттерді бейнелей отырып тақырыпты аша білді. Топқа бөлген кезде қолданған маркерлердің жайдан-жай қолданбағаным және екі топқа сол маркерлер туралы мынадай сұрақтар бердім:

1.Маркерлер туралы не білесіздер?

2.Маркер жазу құралы және басқа тағы неге жаратуға болады?

Тақырыпты ашу кезеңі3.Маркерлерді неғұрлым ұзақ пайдалану үшін бірнеше

амалдарын ойластырыңыздар және қайсысы

анағұрлым тиімді екенін талдаңыздар.

4.Маркерлерді өз елімізде шығарудың жаңа жолдарын жоспарлап ойластырыңыздар.

5. Маркердің құндылығы,маңыздылығы, кемшілігі т.б. сипаттап бағалаңыздар.

Осы сұрақтарды талдап және соларға жауап бергеннен кейін, сын

Топтық жұмыстұрғысынан ойлаудың бір әдісі Блум таксономиясының алты деңгейін түсіндірдім. Осыдан кейін маркерлер туралы қойылған сұрақтарды Блум таксономиясының алты деңгейіне орналастыруын сұрадым. Екі топ өздеріне қойылған сұрақтарды біріге отырып,Блум таксономиясына орналастырды. Маркерлерге қатысты қойылған сұрақтарды қатысушылар Блум таксономиясының деңгейлеріне орналастыра білгеніне қарай отырып,оларда Коучинг «Сын тұрғысынан ойлау»

Блум таксономиясының деңгейлері туралы

түсінік қалыптасқанын және оларды тәжірибеде қолдана алатынын түсіндім.

Қатысушыларды сергітіп алу үшін «Шеге» туралы видеоролик көрсеттім.Бұл видеороликті көрсету мақсатымды қатысушылар түсініп,өз ойларын айтты.Олар: «Балаларға біріншіден оқушы емес,адам ретінде қарап және олардың жүрегіне жара салмай,оларға мейірімді болу керек» деген ойларын білдірді.

Топтық жұмысОсыдан кейін әр түрлі көліктердің суреттерін екі топқа беріп және соларды постерге орналастырып, өз жұмыстарына тақырып қойып және неге көліктерді олай орналастырғанын түсіндіруін сұрадым. Екі топ өздеріне берілген тапсырманы орындап және өз жұмыстарын қорғады.Бұл тапсырма Коучинг «Сын тұрғысынан ойлау» Коучинг «Сын тұрғысынан ойлау» Коучинг «Сын тұрғысынан ойлау»

Жобаны қорғауарқылы қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамытып Коучинг «Сын тұрғысынан ойлау»

және ол тапсырманы қорғауда мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту болатын. Тапсырманы орындауда барлық мұғалімдер өз үлесін қосып, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді және оны тарих пәнінің мұғалімі Үсенбекова Күміскүл Наубаевна мен сурет пәнінің мұғалімі Аширбеков Қуандық Медетбекович жақсы қорғай білді.

Кері байланыс

Кері байланысКоучинг сабағымның соңында түрлі-түсті қағаздан адам бейнесін қырқып,оған «Не білемін, нені үйрендім, нені тәжірибемде қолданамын» кері байланысын алдым.Коучинг сабағының постермен жұмыс және кері байланыс кезеңдерін еңбек пәнінің мұғалімі Алпысбаев Махмуд Шуренбаевич ұнатпады.

Ол: «Бала-бақшада істейтін баланың жұмысы» деген

пікірін айтты. Мен бұдан ол мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырмалардың әлі де болса әсері аз болғанын түсіндім. Мұндай пікірін сабақтың соңында айтқандықтан оның ойын өзгертуге тырыспадым.Келесі коучингте ол мұғалімнің ойын өзгертуге тырысамын және қатысушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың қабілетін арттыруға ,шығармашылық деңгейінкөтеруге болатынын түсіндіруге тырысамын.Коучинг «Сын тұрғысынан ойлау»

Коучинг сабағының соңында барлығы кері байланыс жасап,өз ойларын қағаз беттеріне түсірді.Қатысушылар сыни тұрғыдан ойлау мұғалім үшін де,оқушы үшін де маңызды екенін түсінді.







Коучинг сабағының жоспары

Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың мазмұны

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

2-3 мин

Маркерлердің түстері арқылы қатысушыларды екі топқа бөлу.

Қатысушылар маркерлердің түстері бойынша екі топқа бөлінеді.

5-мин

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Маркерлер арқылы бір-біріне тілек айтады.

Сабақтың тақырыбын ашу

5-мин

Иллюзиялы суреттерді бейнелеу арқылы тақырыпты ашу тапсырмасын орындату.

Иллюзиялы суреттерді бейнелей отырып тақырыпты ашады.

Негізгі бөлім

Жаңа сабақ түсінігі

15-мин

Топқа бөлген кезде қолданылған маркерлер туралы топтарға сұрақтар беру

Қатысушылар берілген сұрақтарға жауап береді

Слайд-презентация

10-мин

Сын тұрғысынан ойлау туралы слайд-презентация

Блум таксономиясын түсіндіру

Блум таксономиясы туралы түсінік қалыптасады

Топтық жұмыс

10-мин

Маркерлерге қатысты қойылған сұрақтарды Блум таксономиясының деңгейлеріне орналастыру

Екі топ сұрақтарды Блум таксономиясының деңгейлеріне орналастырады

Сергіту сәті

5-мин

«Шеге туралы»видеоролик көрсету

Қатысушылар видеороликті көріп,мағынасын түсінеді

Топтық жұмыс

15-мин

Көліктердің суретін постерге орналастырып,қорғату.Қатысушылардың шығармашылық қабілетін,Сын тұрғысынан ойлау қабілетін байқау.

Қатысушылар шығармашылық қабілетін шыңдай отырып,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін көрсетеді.

15-мин

Жобаны қорғау.

Қатысушылар жобаны қорғайды.

Кері байланыс

5-мин

«Адам бейнесі» арқылы кері байланыс алу.

Қатысушылар «Адам бейнесінің»аяғына-нені білемін,қолына-нені үйрендім,басына-нені тәжірибемде қолданамын деген тәсілмен кері байланыс жасайды.

Коучинг «Сын тұрғысынан ойлау»



































© 2010-2022