Открытый урок: Илияс Жансугіров Күй поэмасы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Илияс Жансүгіров «Күй» поэмасы

Сабақтың мақсаты: «Бозінген» күйінің шығу тарихымен таныстыра отырып, ақынның айтайын деген идеясын және өнер құдіретін, қазақтың күй өнерін, күйшілік өнерін түсінуге, құрметтеуге баулу.

Пәнаралық байланыс: Ән-күй, география

Сабақтың көрнекіліктері: Слайдтар, үнтаспа, домбыра, интерактивті тақта, кесінді қағаздар

Сабақтың әдістері: Талдау, мәнерлеп оқу, баяндау, түсіндіру, мазмұндау

Сабақтың түрі:Кіріктірілген, интеграциялық сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру. Сәлеметсіңдерме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Сабаққа дайынбыз ба?

А) Топтастыру. Домбыра, қобыз, сыбызғы суреттері салынған табақты тартамын да, қалаған қағаз кесінділерін алып, тиісті орындарыңа жайғасыңдар деймін. 1-топ: Домбыра; 2-топ: Қобыз; 3-топ: Сыбызғы деп аталады.

Сыныпта кезекші кім? Түгендеймін.

Ә) Балалар, неге біз бүгін домбыра, қобыз, сыбызғы сынды қазақтың ұлттық музыка аспаптары бойынша топтастық деп ойлайсыңдар?

Оқушы: Өйткені біздің бүгінгі сабағымыз күй өнеріне, күйшілік өнеріне байланысты болмақ, сондықтан музыка аспаптары бойынша бөліндік деп ойлаймын.

Мұғалім: Дұрыс таптың, жарайсың!

Енді дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар.

2. 1-топ:«Домбыра». Топтық әңгіме. «Бозінген» күйінің шығу тарихын баяндайды.

Баяғы заманда Бағлан деген бай болады. Оның келесінде еш түйеге ұқсамайтын боз тайлақ болады. Бай мен бәйбіше боз тайлақтың амандығын ойлап, бірнеше рет мал сойып, тіл-көзден сақтай гөр деп құрбандық шалады. Боз тайлақтың мойнына тұмар тағып қояды. Үстіне Самарқанның жібегінен тоқылған жабу жабады. Күн артынан күн, айдан ай, жылдан жыл өткенде боз тайлақ түгі түсіп түлеп, боз інген болып шығады. Желіні жетіп, боз інген боталайды. Басы алтын, қалған жері күміс бота туады. Аңдып жүрген ұры ботаны ұрлап алады. Бұны бай да, бақташы да байқамай қалады. Ботаны аулаққа апарып, буып тастайды да, Бозінгенді керуенге әкеп сатып жібереді. Інгенді тіркеп алып, керуен жүріп кетеді. Қоңыр түнде артына қарай-қарай, боздай-боздай інген де кете барады. Боздаған ботасына зар илеген інгеннің екі көзінен парлап аққан жасы құмды саз балшықтай илейді. Керуенде сатылған, саудаланған құл да келе жатқан еді. Құл да, інген де ашулы келеді. Екеуінің айырмашылығы біреуі-адам, біреуі-айуан. Екі мұңдық бірін-бірі түсінбейді. Бұйдамды шеш, маған мін, бірге қашайық деуге інгенде тіл жоқ. Оны ұғатын құлда ми жоқ. Құл қашып құмда өлсін бе? Құл айдап, түн жамылып, інген боздап, керуен Үргеніш қаласына қарай кете береді,-деп күйші «Бозінгеннің» зары деп күй тартып, күйдің шығу тарихын да қоса әңгімелеп отырады.

2-топ: «Қобыз». Зерттеушілік әңгіме жүргізеді. Құл мен Бозінгеннің жағдайын салыстырады.

Оқушы: Ақын құл мен боз інгеннің күйін, яғни екеуінің жағдайын салыстыра отырып суреттейді.

Сатылған, саудаланған құл да ашулы,

Айырылған ботасынан бұл да ашулы.

Басы бір-біреуі адам, біреуі-айуан,

Білсін бе бірақ бұлар мұңдасуды...-дейді.

Құл мен сатылған інгеннің басында еркі жоқ, олар қожайыны қайда айдаса сонда жүреді. Құл туыстарынан айрылса, інген ботасынын айрылған шерменде деген ой түйеді. Екуінің басын осындай жағдайда түйістірген тағдырлары дейміз. Ақын сол арқылы бостандықтың, тәуелсіздіктің, еркіндіктің қадірін ұқтыруды басты идея етеді.

3-топ: «Сыбызғы».Әңгіме-дебат.

3.Поэмадағы көркемдегіш сөздерді табу.

Теңеу: Екі көз жасты өзендей сорғалатып.

Эпитет: Күл көрпе, қорда төсек, қара тас, алтын басты, құба құм, қоңыр түн, әсем күй, жүйрік үн, зарлы қобыз, алтын күн, мұңды дауыс,

Кейіптеу: Кейде күй талмаураған, талықсыған, кейде өжет, кейде долы, албыртсынған.

Сыр суы көңілі босап, сыңқылдаған. Тұнжырап жиде, жыңғыл дым үндемей, көкте жұлдыз күйініп,жел жылаған, селеулер жел оятқан, билеген би.

4.Өлеңді құрылысына талдау.

/О-сын-дай/ /ер-те-гі ай-тып/ /Мо-лық-бай шал,/ 12 буын, 3 бунақ а)

/Қо-быз-ға/ /«Бо-зін-ген» деп/ /қос-қан-да зар,/ 11 буын, 3 бунақ а)

/Жү-рек-ті//же-бе сау-ған//мұң-ды да-уыс,/ 11 буын, 3 бунақ

/Жан-ды у-лар,/ /жы-ға жы-ғар,//жү-рек құ-лар.../ 12 буын, 3 бунақ а)

Өлең - шумақтан, шумақ - тармақтан, тармақ - бунақтан, бунақ - буыннан тұрады. Өлең 11-12 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. 1-2-4 жолдары ұйқасады да, 3 жолы ұйқассыз, бос қалып отырады.

5. Бекіту сұрақтары:

1.Күй қандай музыкалық аспаптар арқылы орындалатын шығарма?

Жауабы: Домбыра, қобыз.

2.Қазақтың өткен замандардағы және қазіргі кездегі қандай атақты күйшілерін білесіңдер?

Жауабы: Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қаршыға Ахмедияров, Секен Тұрысбек, Айгүл Үлкенбаева, т.б.

3. Молықбай қобызшы тартқан ерекше күй жөнінде не айтылған?

Жауабы: Ол бақайшағына дейін жорғалаған күйші, күйдің тарихын білетін, әңгімелеп отырып шертетін кісі болған.

6. Дәптермен жұмыс.

Бақайшақ-аяқтың башпай тұсы

Қорда-заттың үйіндісі

Ақшам-іңір, апақ-сапақ

Бұйда-түйенің, не өгіздің мұрындығына тағылған ұзындығы 2-3 құлаштай бас жіп

Үргеніш-орта ғасырдағы Хорезм мемлекетінің астанасы

Дабырауын-айқай-шу

Тақым-тізенің астыңғы, ішкі жағы

7. Әдеби-теориялық ұғым.

Поэма-(грек сөзі) өмірде болған, не болуға тиісті күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан тағдыр мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеп жазу.

8.Қорытынды.

І.Жансүгіров - ақын, аудармашы, жазушы, журналист, қоғам қайраткері, үш арыстың біреуі.

9. Үйге:

1.Поэмадан үзінді жаттау

2. «Қазақтың күй өнері» деген тақырыпта әңгіме жазу

10. Бағалау. Топ басшысы топ мүшелерінің сабаққа қатысуын бағалайды және оған түсініктеме жасайды.

11. Кері байланыс.Оқушылар өздеріне таратылған стикерлерге сабақтан алған әсерлері мен тілектерін және алдағы сабақтардың қалай ұйымдастырылуы жөніндегі ұсыныстарын жазады.

Соңы



© 2010-2022