Сын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу сабағы

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу сабағыСын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу сабағыСын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу сабағыСын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу сабағыСын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу сабағыСын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу сабағыСын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу сабағыСын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу сабағыСын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу сабағыКүні: 2.11.15 Сыныбы: 7Б Пәні: қазақ тілі

С.тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу жұмысы.

С.мақсаты:Сын есімнен алған теориялық білімдерін практикада қолдану.Мәтінмен жұмыс жасай отырып, ана тілін құрметтеуге,ойын еркін жеткізе отырып, ой қорытуға,ізденуге,функционалдық сауаттылыққа әрекеттендіру.Шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ете отырып, «Мәңгілік ел»идеясын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ

С. әдісі:баяндау,талдау,сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыс,деңгейлік тапсырма.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,орыс тілі,ағылшын,тарих.

С.көрнекілігі: кесте,ативстудио,активойд тест, видео ролик.

Эпиграф: «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінді» Н.Ә.Назарбаев.

С.барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (Сәлемдесу,сыныпты түгендеу,сабаққа бейімдеу,сабақ мақсатымен таныстыру.)

ІІ. Өткенді пысықтау. (Оқушылар ережені айтып шығады)

  1. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

  2. Сын есім дегеніміз не? Сын есім құрамына,тұлғасына,мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Сын есім қалай түрленеді?

  4. Шырай дегеніміз не?

  5. Салыстырмалы,күшейтпелі шырай дегеніміз не?

  6. Жасалу жолдары.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» эссе жазу. Эссені оқыту,үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ.Талдау-табыс кілті. (Дәптермен жұмыс)

Мәтінмен жұмыс.

Ең тәтті де - тіл,
Ең ашщы да - тіл,
Ең жұмсак та - тіл,
Ең катты да - тіл.

Тіл - қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ана тілі - ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы әрі тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.

Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек.Тіліміз білікті де, саналы ұрпақпен дамымақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жаза алмайсың, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. . Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілін меңгеруге міндетті.

1.Тапсырма

1-қатар: тақырып қою,мәтіндегі тірек сөздерді табу, ашық сұрақ;

2-қатар: сын есімдерді табу, жабық сұрақ;

3-қатар: антонимдік, синонимдік, сын есім қатарын табу, проблемалық сұрақ.

2.Синонимдерді мағыналық,тұлғалық,шырай түрлеріне ажырату.

Мысалы: ең тәтті,ең ащы, ең қатты,ең жұмсақ- күшейтпелі шырай;жақсы, ауыр-сапалық сын есім;ең ұлы-күшейткіш шырай;тамаша-сапалық сын есім; құрметті,қасиетті,сауатты,мәдениетті-қатыстық сын есім,туынды;

3.Флипчартпен жұмыс.Зерттеу жұмысы: Бір-біріміздің қай тілге бейім екенімізді зерттейміз.Мәтіндегі сын есімдерге аударма жасаймыз.

Сын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу сабағы

Сын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу сабағы

4. Тақтамен жұмыс.

Синтаксистік талдау.

Ана тілі-ең ұлы әрі тамаша тіл.

Сатылай морфологиялық талдау.

Мәдениетті

  1. сұрағы: қандай?

  2. Сөз табы: сын есім

  3. Құрамы: дара

  4. Тұлғасы: туынды

  5. Мағынасы: қатыстық

  6. Түбірі: мәдениет

  7. -ті-сын есім тудырушы жұрнақ

5. Деңгейлік тапсырма (карточка тарату)

1.Фонологиялық талдау. сауатты

2.Морфологиялық талдау. ауыр

3.Синквейн әдісімен 5 жол өлең шығару.

Тіл
Ұлы, құдіретті;
Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды;
Біздің болашағымыз - ана тілінде!
Рухани байлық.

6. Семантикалық картамен жұмыс.

Сын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу сабағы



Ү.Сабақты бекіту.

7.Видео ролик көрсету. (Видео ролик арқылы сабақты бекіту.)

Сын есімнен өткенді қайталауға арналған жаттығу сабағы

Сұрақ: Әр адам қанша тіл білуі керек деп ойлайсыңдар?

Көп тіл білген адамды қалай атаймыз?

Жер бетінде қанша тіл бар?

Қазақ тілі қашан мемлекеттік тіл мәртебесін алды?

Тіл туралы заң қашан қабылданды?

Осы сұрақтардан кейін сабақты бекіту мақсатында оқушыларға түйіндеме жасату арқылы мұғалім сөзімен бекітілді.

Түйіндеме.

Өз тілің - бірлік үшін, өзге тілің - тірлік үшін.

Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.

Тіл - достықтың алтын көпірі.

ҮІ.Қорытынды: Aktivstudio арқылы тест алу. (Оқушылардың алдында активстудио құрылғысы таратылған, сол арқылы оқушылар сұраққа жауап береді.)

ҮІІ. Үйге тапсырма: Сан есімге байланысты 3,7,9,40 сандарын зерттеп,тыйым сөздер мен тұрақты тіркестер жазу.

ҮІІІ. Бағалау.





1.Фонологиялық талдау. Сауатты


2.Морфологиялық талдау. Ауыр


3.Синквейн әдісімен 5 жол өлең шығару. Тіл.


1.Фонологиялық талдау. Сауатты


2.Морфологиялық талдау. Ауыр


3.Синквейн әдісімен 5 жол өлең шығару. Тіл.

1.Фонологиялық талдау. Сауатты


2.Морфологиялық талдау. Ауыр


3.Синквейн әдісімен 5 жол өлең шығару. Тіл.









Тіл
Ұлы, құдіретті;
Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды;
Біздің болашағымыз - ана тілінде!
Рухани байлық.



© 2010-2022