Абайдың 31 қара сөзі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абайдың отыз бірінші қара сөзі

Сабақтың мақсаты:

а) Абай Құнанбаевтың қара сөздері туралы түсінік беру, ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу т.б

Сабақтың көрнекілігі:, Абайдың қара сөздері , газеттер, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін жатқа айтып беруін талап етемін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Өлеңді оқи отырып, ақын ақын суреттеуінен қандай әсер алдыңдар?

  2. Абай өлеңінде аттың сыны қандай сөздермен айшықталған?

  3. Абай суреттеуіндегі аттың сыны сөз өнері болғанда, суреттегі ат бейнесі өнердің қай түріне жатады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Абайда алғаш бой көрсеткен проза үлгісінде ғақлия-дидактикалық шығармалар-қара сөздер. Жалпы бөлгенде қырық алты бөлімнен тұрады. Абайдың қара сөздері -философия,теология,психологияға құрылған,өз кезі үшін де,бүгін де бағасын жоймаған құнды еңбек.

Хронологиялық таблицамен жұмыс:

өлеңдері: 176, поэмасы 3, қара сөздері 45, күйі 3.

Кітаппен жұмыс: кітаптан Абайдың қара сөздерін оқып түсіндіріп береді

Дәптермен жұмыс: Сөздікті дәптерлеріне жазады.

Ғибраттану-үлгі алу деген мағынада (арабша)

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Абайдың қара сөзіндегі дін-ислам туралы пікірлеріне көзқарасың қандай?

  2. Абайды неге ұлы ақын дейміз?

  3. Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Отыз бірінші қара сөзін оқып келуге бер


© 2010-2022