Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы 9 сынып

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы 9 сыныпАбай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы 9 сыныпАбай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы 9 сыныпАбай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы 9 сыныпАбай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы 9 сыныпАбай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы 9 сыныпАбай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы 9 сыныпАбай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы 9 сыныпАбай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы 9 сыныпАбай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы 9 сынып«№ 28 Құсмұрын орта мектебі» ММ

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы

Сұлтанова Сәбира Шаймерденқызы

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Поэманың идеясын ашу,идеялық- тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру
Дамытушылық: Сын тұрғыдан ойдау арқылы түйіндік ой айта біліге,оқушының өз ойын қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыны ашкөздік, тойымсыздық, үстемдік жасау сияқты жат қылықтарды болдырмау, рухани имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру
Сынып тазалығына көңіл бөлу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Топпен жұмыс. Абай өлеңдерін талдау

І топ -«Ғылым таппай мақтанба» , «Қалың елім қазағым», «Болыс болдым мінеки»

ІІ топ -«Ақыл, қайрат, жүрек»,» Сабырсыз, арсыз, еріншек», «ғашықтық құмарлықпен - ол екі жол

ІІІ топ - « Өлең - сөздің патшасы», табиғат лирикасы

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Сұрақ : Абайдың неше поэмасы бар?

  • Мұғалімнің баяндауы: Ақын бүкіладамзаттық гуманитстік көзкарасты негізге алып, адам бойындағы қасиеттерді жан- жақты ашып, ойлануға, ізгілікке жетелейтін «Ескендір» поэмасын жазған. «Ескендір» поэмасында көрші елдерге кезек-кезек шабуыл жасап, ханын өлтіріп, жазықсыз халқын талап, олардың қанын судай шашқан қанішер, жауыз Ескендірдің (Александр Македонский) шапқыншылық әрекетін
    әшкерелейді.Тағы бір сондай жорығында ол темір қорғанды қақпаға кездесіп, қамалды ала алмағанына ашуланған патшаға қақпаның күзетшісі орамалға түйілген адамның бас сүйегін арғы беттен сыйға лақтырып жібереді. Мұның мәнісін түсінбеген Ескендір ойшыл-ғалым Аристотельден бұл жұмбақтың шешуін сұрайды. Сонда Аристотель: адам көзі тіршілікте еш нәрсеге тоймайды, тек топыраққа көмілген кезде ғана тынатынын айтады. Ақын жауыздықты ізгілік жеңеді деп қорытынды жасайды.
    І. «Қызығушылықты ояту. « Александр» фильмінен үзінді көрсету

    Оқушыларға сұрақ:
    1. Осы бүкіл әлемді билеген қолбасшы бар ма?

2. Ақын Ескендірдің дүниежүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын қалай

суреттеген?

ІҮ. Хрестоматиядан үзінді оқу . Поэманы талдау

Ү. Қорытынды: Ескендір кім?

21 жаста мақтаншақ қанағатсыз

Нәпсіқұмар

Филип Ескендір тойымсыз

баласы

ашкөз қанішер

патша зұлым

ҮІІ. Үйге тапсырма Ескендір образын талдау.

ҮІІ Бағалау










© 2010-2022