Урок казахского языка и литературы

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок казахского языка и литературыУрок казахского языка и литературыУрок казахского языка и литературыУрок казахского языка и литературыУрок казахского языка и литературыУрок казахского языка и литературыУрок казахского языка и литературыУрок казахского языка и литературыУрок казахского языка и литературыУрок казахского языка и литературыУрок казахского языка и литературыУрок казахского языка и литературыАшық сабақ

Пән:қазақ тілі

Мұғалімі: Ахметова Д.Т.

Сынып:4 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Күздің құрметі

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың күз тарауынан алған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорын байыту.Қызығушылығын арттыру.

ә) тәрбиелік: табиғаты, туған жерге деген сүйіспеншілігін

ояту.

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: саяхат картасы, слайд, карточкалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) амандасу

ә) түгендеу

б) сөйлесу

2.Үй жұмысын тексеру.

1.Өлеңді сұрау (2-3 оқушы)

2.Карточкамен жұмыс

3.Пысықтау

Сендер қазір «мылқау кино» көресіндер. Сендер дубляж жасайсыңдар. Тапсырма: осы пленкадағы суреттер бойынша сөйлем құрастырындар.

1-кадр. Қыс суреті.

Қыс келді. Күн суық. Қар жауды. Балалар шанамен сырғанады.

2-кадр. Көктем суреті.

Көктем суреті. Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Адамдар жеңіл киім кие бастады.

3-кадр. Жаз суреті.

Жаз келді. Күн ыстық. Адамдар жазда көлге шомылады. Балалар лагерге барады.

4-кадр. Күз суреті.

Күз келді. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Күзде жеміс-жидек, көкеністер піседі.

Сөйлемдерін дәптерлеріне жазып 4-оқушы оқиды.

3.Жаңа сабақ. Күздің құрметі.

Сабақтың мақсаты.

Астық пісіп,

Орақ түсіп,

Қырман дәнге толады,

Бөбектерім айтындаршы

Бұл қай кезде болады.

Бұл күзде болады.

Балалар, бүгінгі сабақ ерекше - ол саяхат сабағы. Саяхатқа шығу үшін біздің картамыз болу керек. Ол сендердің алдарыңда жатыр. Ал енді саяхатқа аттанамыз. Қазір біз автобусқа отырамыз. Қараңдаршы, айнала қандай әдемі!

Ал енді сол жақтарыңа қарандар!

1.Біз «Сөздік алқабы» аялдамасына келдік. Сендерге тапсырма: сөздерді дұрыс оқып, сөздік дәптерлеріңе жазыңдар.

Байлық - богатство

Молшылық - изобилие

Қап-қап - мешками

Жүгері - кукуруза

Жыл құстары - перелетные птицы

Күнбағыс - подсолнух

Жауын-шашын - дожди

Енді сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңдар. Өте жақсы. Біз саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.

2.Біз «Мәтін көлі» аялдамасына келіп қалдық. Қазір кітабымыздың 91-бетін ашамыз да, мәтінді оқимыз.

Сендерге тапсырма:

Бірінші мәтінде не туралы айтылған? (1-2 оқушы орысша, 1-2 қазақша мазмұның айтады).

3.«Ой шақыру өзені» аялдамасына келіп жеттік. Тапсырма:

суретті тұтастырып, онымен сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңдар.

Мысалы: Мынау - қарындаштар, Қарындашпен сурет бояйды. Олар әр түрлі болады.

4.Біз келесі аялдамаға да келіп қалдық. Ол «Дәптер алқабы» аялдамасы. Тапсырма: Мына сөйлемдерде суреттің орнына сөзбен жазып, асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

Айжан базарға келді. Базарда алма, қарбыз, баклажан сатады. Айжанға алмұрт, қызанақ және қияр керек. Айнаш екі килограмм пияз және бір килограмм жүзім сатып алды. Ол базарда Айнашты кездестірді.

5.«Мәнерлеп оқу тауы» аялдамасына жақындап қалдық. «Бұл қай кезде болады?» өлеңін мәнерлеп оқу. Тапсырма: тіл дыбыстарын дұрыс айту.

6.Біз «Алтын күз» көрмесіне де келіп жеттік. Мен сендерді көрмеге шақырамын. Көрмедегі заттар ақшаға сатылмайды. Қай оқушының сөздік қыры тақырыпқа байланысты тиянақты терең болса, сол жеңіп шығады. Ол оқушы мұғалімнің сұрағына дұрыс, жылдам жауап беруі керек.

Тапсырма:

1. Күзде қандай өзгерістер болады?

2. Мына көкеністер мен жемістердің атын ата?

3. Күзде қандай мерекелер бар?

4. Күз айларын ата.

5. Оқу жылы қай айдан басталады?

7.«Сабақты бекіту» аялдамасына да келіп жеттік. Сонымен

Астық Жапырақ

піседі

Ауа райы Мереке

КҮЗсалқын

Сары Оқу жылы

басталды

Молшылық Байлық

Көкөніс

Жеміс

8.Үйге тапсырма: Сонымен біз үйге қайта оралдық. Енді күнделігімізді ашып тапсырма жазамыз.

1. Сөздерді жаттау.

2. Өлеңді жаттау.

3. «Күз» суретін салып, шығарма жазу.


© 2010-2022