1 сынып Күнделік

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыннып: 1 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Күнделік

Сабақтың мақсаты:

Күнделік арқылы апта күндерін қайталау, сейсенбі күні болатын сабақтарды (қазақ тілі, математика, дене шынықтыру, сурет) атай алуға үйрету, к→г, қ→ғ дыбыс алмасуларын сөйлеу барысында ескеруді үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: мектепте болатын сабақ атауларын меңгеру, қай күні неше сабақ, қандай сабақ болатынын айта алу, сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанған кезде болып өзгеретінін ескеріп дұрыс дыбыстай білу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру.

Тұлғалық: күнделігін, оқу құралдарын ұқыпты ұстау.

Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

III. Жаңа сабақ

Сөздікпен жұмыс. Оқулықта берілген жаңа сөзді (күн-делік) мұғалім оқушыларға оқып береді. Сөздің лексикалық мағынасы түсіндірілгеннен кейін оның айтылуын меңгерту үшін мұғалім сөзді жеке-жеке айтқызып, қайталатуы тиіс.

1 сынып Күнделік

1-тапсырмадағы сурет бойынша жұмыс жүргізіледі, аудиотаспадан сөйлемдер тыңдалып, қайталанады. БДҚ-дағы кесте пайдаланылады.

Қазақ тілі сабағы. Математика сабағы. Дене шынықтыру сабағы. Сурет сабағы.

2-тапсырмада берілген пән атауларын аудиотаспадан тыңдайды, қайталайды, оқиды. Оқушылардың көңілін су-реттерге аударып, сөздерді тағы бір рет қайталатып жат-тықтырады.

Бүгін сейсенбі. Бүгін төрт сабақ болады. Олар: қазақ тілі, математика, дене шынықтыру және сурет сабағы.

3-тапсырма оқылым дағдысын жетілдіруге бағытталған. Оқушылар сөз тіркестерін құрап оқуға жаттығады.

«Есте сақта!» айдарында оқушылардың назары күнделік сабақ сөздерінің өзгеруіне аударылады. Тәуелдік жалғауы жалғанған кезде осы сөздерде к→г, қ→ғ өзгеретіні еске салынады, бірнеше рет қайталанып, жаттықтырылады.

қазақ тілі

матиматика

дене шынықтыру сабағы

сурет

к→г, қ→ғ

күнделік-күнделігім сабақ-сабағым

4-тапсырма оқылым дағдысын жетілдіруге бағытталған. Диалогті оқушылар рөлге бөліп оқиды. Мынау кімнің күнделігі? Бүгін қай күн? Бірінші сабақ қай сабақ? сұрақ-тарына жауап беруге үйренеді.

-Мынау кімнің күндегілі? 1 сынып Күнделік

-Менің күнделігім.

-Бүгін қай күн?

-Бүгін сейсенбі.

-Бірінші сабақ қай сабақ?

-Бірінші сабақ-қазақ тілі сабағы.

5-тапсырма берілген сөйлемдерді тірек сөздер арқылы толықтырып оқуға арналған. Сөйлемдерге мағынасына сәйкес сөздерді таңдау арқылы, оқушылар мәтінді түсінген / түсінбегендерін көрсетеді.

қазақ тілі күнделігім төрт дүйсенбі

Мынау-менің _______ . Бүгін ______. Бүгін ________ сабақ болады. Бірінші сабақ - _______.

6-тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап беруге жаттығады. Сұрақтарды бірнеше рет қайталап, бір-бірінен сұрақ қойып, жауаптарын тыңдап жаттығады.

Жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Бүгін қай күн?

Бүгін неше сабақ болады?

Бірінші сабақ қай сабақ?

IV. Жаңа сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.

V. Үйге: 5-тапсырма. сөздік жаттау. бет-116


© 2010-2022