Конспект урока по казахскому языку на тему: Мемелекеттік тіл

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мемлекеттік тіл - менің тілім» - сайыс сабақ

(шеберлік сабағы)



Өткізілу мерзімі: 2014 жылғы 14,15 қазан

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік тіл - менің тілім»

Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша тренингтер, рөльдік ойындар, жағдаяттар туғызу арқылы ІІ деңгейлі тіл үйренушілердің сөздік қорын молайту, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1. «Амандасу» тренингі


  1. Алдыңыздан таныс қария адам шықты қалай амандасасыз?

  2. Досыңызды 20 жыл көрмедіңіз, бір кезде балабақшаға бірге барғансыз, енді Қарағандының сауда үйінде кездесіп қалдыңыз, қалай амандасасыз?


  1. «Танысу» тренингі (есімдерін есте сақтау)

  2. Қанатты сөздердің сыңарын табу арқылы топқа бөлу.

  3. Топ көшбасшысын сайлау.

Топ ережесі:

  1. Ауызбіршілік

  2. Кезекпен сөйлеу

  3. Бір-бірін тыңдау

  4. Ойын құрметтеу

  5. Шығармашылыққа ерік беру

  6. Бір қадам алда болу

  7. Нәтиже шығару

Сайыс-сабақ 4 кезеңнен тұрады:

І кезең - Үй тапсырмасы. Қазір барлығыңыз экранға назар аударыңыздар.Экранда 7 сан бар. Әр топ бір сан таңдайды, санға басқан кезде өткен тақырыптар бойынша бір тақырып шығады. Сіздер сол тақырып бойынша интервью-сұхбат құрастырасыздар. Әр топқа 5 минут уақыт беріледі. (А. Еңсепов)

Сайысымыздың ІІ кезеңі - Аударма жұмысы (әр топқа «Тіл» тақырыбына арналған мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудару ұсынылады). Әр топқа 3 минут уақыт беріледі.

ІІІ кезең - Көшбасшылар сайысы (Қазір әр топтың көшбасшысына 10 бұрыштама беріледі, 3 минуттан кейін

әр көшбасшы 10 бұрыштаманы жатқа айтулары қажет.

ІV кезең - Шығармашылық жұмыс (бұл кезеңде әр топқа «Егер мен депутат, әкім, мұғалім болсам, мемлекеттік тілді қалай дамытар едім?» тақырыбына шығармашылық жұмыс ұсынылады.Әр топ тақырып таңдап, берілген плакатқа өз ойларын тірек сөздер,сөйлемдер, суреттер арқылы әңгімелеу керек. Бұл кезеңде әр топқа 5 минут уақыт беріледі.

Сабақты бекіту, қорытындылау: Осымен сабағымыз өз мәресіне жетті. Сабаққа қатысқан екі топқа жақсы білім көрсеткен үшін рақметімізді айтамыз.

Сабақ соңында рефлексия, осы сабақ қалай өтті, өз ойларыңызды мына парақшаларға жазып бересіздер.

Сабаққа керек: А. Еңсеповтың клиптері, сандар бойынша табло(флешка), аударма мәтіндері, 10 бұрыштама, слайд «Егер мен ..», 2 ватман, фломастерлер, түрлі-түсті парақша.


© 2010-2022