Менингит туралы жалпы түсінік

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Менингит

Бұл өте қатерлі ми ауруы. Көп жағдайда балалар ауырады. Аурудың бактериясы жөтел кезінде және ауа арқылы жұғуы мүмкін. Мәселен мұрынға түскен бактерия жұлынға өтіп, қан айналымына енеді де, қоздырғыш өзге де бактерияларды күшейтеді. Ал оны жұқтырған адамның өзі де ауру таратушы болады.

АУРУ қалай ПАЙДА БОЛАДЫ?

Менингит - адам көп шоғырланатын жерде еркін дамып, ауаға тарайды. Ол ауамен тыныстаған адамның міндетті түрде қоздырғыш бактерияны жұқтырып алатыны белгілі. Адам көп жерде жұқпалы ауру ошағы болады. Сондықтан гигиеналық талап орындалмаған жерде аталған ауру қоздырғышын жұқтырып алу да қиын емес. Мәселен қоғамдық тамақтану орындары, монша, жүзу бассейндері мен су қоймалары, көлшіктер бұл ауруға «жағымды» орта қалыптастыра алады. Сөйтіп, ауру ошағы пайда болады.

БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ?

Ауру басталғанда науқастың дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, құсады. Ал бір жасқа дейінгі балалардың іші өтуі де мүмкін. Былай қарағанда бұл белгілері тұмауға ұқсайды. Сондықтан көп адам ауруды асқындырып алып жатады. Үйде, өзіндік жолмен емделеді, тәуіпке барады немесе мүлдем басқа дәрілік препараттарды қабылдайды. Тағы бір жәйт бар. Ауру балаларға үйір келеді. Себебі олардың иммундық жүйесі толығымен қалыптаспаған. Сондықтан қоздырғыштар бала ағзасына тез жұғады. Жоғарыда айтылғандай, ауруды бірден анықтау мүмкін емес. Жасырын түрде өрбитін ауруды кей ата-аналар баласының тіс жаруымен байланыстырып жатады. Баланың құсуы мен мазасыздануы, үнемі жылай беруі тіс жарған кездегі белгілерге ұқсағанымен, олай болмауы да мүмкін. Көп ата-ана осы уақытты өткізіп алып, бармақ шайнап қалатын кездер аз емес. Ал емделу уақыты өтіп кеткен баланы аурудан айықтыру оңай шаруа емес. Көп жағдайда бала өліп кетеді. Ал кейде ми жасушалары қатты зақымданып, ақыл-есі дұрыс дамымай қалады. Ауру дер кезінде анықталып, тиісті ем жасалса айығып кету мүмкіндігі 100 пайыз.

НАУҚАС ӨЗІН ҚАЛАЙ ҰСТАЙДЫ?

Миқұртпен ауырған адам шалқалақтай береді. Басын еңкейтіп, иегін кеудесіне жеткізе алмайды, тізелері де толықтай жазылмауы мүмкін. Ыстығы түспей, сандырақтап сөйлей бастайды, есін жоғалтады. Қарқылдап күліп не қатты жылауы мүмкін. Денесі құрысып (судорога) қалады. Ата-анасы ауырған баладан осындай белгілерді байқаса, тездетіп аймақтық дәрігерді емес, бірден жедел жәрдем шақыртқаны дұрыс. Себебі бұл ауру өте күрделі және шұғыл емді қажет етеді.

ЕМ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

Медицинада қолданылатын әдіс бойынша, менингитті анықтау үшін ауырған адамның жұлынынан міндетті түрде су алынады. Әйтпесе, нақты диагноз қою мүмкін емес. Жұлыннан су алу, керісінше, аурудың бас ішіндегі қан қысымын төмендетеді. Егер науқас миқұрт болса, онда жұлыннан алынған су мөп-мөлдір болуы тиіс. Сол арқылы ем-дом тағайындалады. Бір апта антибиотиктермен емделгеннен кейін, екінші рет пункция яғни жұлыннан сары су алынады. Ал бала денсаулығына пункциядан келетін зиян жоқ. Кейде асқынған менингиттің салдарынан сал ауруына немесе оның жеңіл түріне душар болуы мүмкін. Дер кезінде қажетті ем-домын алса, науқас құлан-таза жазылып кетеді. Жалпы, миқұрт иммунитеті әлсіреген адамға да үйірсек болады.

ТҮЙІН:

Аурудың қай-қайсысы да оңай емес, алайда «менингит» деген сөзді естігенде кез келген кісі тіксіне қалады. Бұл аурудың жедел және созылмалы түрі болады, ең күрделісі - менингиалдық синдромы. Ол басқа аурулардың, шешек, көкжөтел немесе құлақтың қабынуы сияқты аурулардың асқынуынан болады. Туберкулезбен ауыратын анадан туған балалар кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитімен ауырады. Көбiне суықтан болатын бұл кесел ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды. Егер сіз өзіңізден немесе жақындарыңыздың бойынан жоғары температура, бастың қатты ауыруы және мойынның шалқаюы белгілерін көрсеңіз, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Сондай-ақ мұндайда баланың өңі кірмейді, сұлқ түсіп жата береді, басы мен мойынын артқа шалқайтып ұстайды. Ту сыртының да шалқайып кететіні сондай, бала басын тізесінің арасына келтіре де алмайды. Сондықтан дәрігерге жиі қаралып, баланы да, өзіңізді де шынықтырып, иммундық жүйені көтеруге тырысыңыз. Аталған аурудан ешкім сақтандырылмаған.

© 2010-2022