Коучинг сессия жоспары на тему Диалог арқылы сыни ойлауды дамыту 5 сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг сессия жоспары

Набиева Турган Надирбековна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 5 орта мектеп

Тақырыбы

Диалог арқылы сыни ойлауды дамыту

Жалпы мақсаты

Топпен жұмыс жүргізе отырып, өзара әрекеттестік арқылы ынтымақтастықта болуды үйренеді. Топтық әдіс түрлерімен танысады, сыни тұрғыда ойлаудың мағынасын ажыратады. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйренеді. Ынтымақтаса жұмыс істеуге қалыптасады.

Күтілетін нәтижелер

Мұғалімдер сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Табысты оқыту үшін сыни ойлау мен диалогтық оқытудың маңызын түсінеді.

Түйінді идея

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы диалогтық қарым-қатысты дамыту.

Әдіс-тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық оқыту, дарынды және талантты балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Тапсырмалар

Сұрақ- жауап, диалог, постер (слайд) жасау, рефлексия

Ресурстар

МАН (29-30 бет), 2 апталық үлестірме материалдар (95-96 бет), АКТ

Құрал-жабдықтары

флипчарт, маркерлер, стикерлер (түрлі-түсті), А-4 қағаздар

Сессия барысы

Уақыты

Коучтың іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

Сергіту сәті

40 секунд

Берілген тапсырмаларды орындау.

Қатысушы мұғалімдер берілген 14 тапсырманы орындайды.

14 тапсырма жазылған қағаз

Топқа бөлу

3 мин

Түрлі түсті смайликтер арқылы топқа бөлу. Топ ережесін жасау, ережеге бағыну.

Көңіл күйлері көтеріңкі смайликтер арқылы топқа бөлінеді.

Түрлі түсті смайликтер, топ ережесі

Қызығушылығын ояту

10 мин

Бейнежазба көрсетемін. «Алдар көсе» мультфильмінің «Сиырға кім шөп салады?»

18 бөлімі.

Бейнежазбаны көреді. Қатысушы топтар өздері «Бай мен бәйбіше», «Бәйбіше мен Алдар көсе» үзік диалогтарын құрады.

Бейнежазба

Проблеманы айқындау кезеңі

5 мин

Ресурс таратамын. Әр топ берілген тапсырма бойынша постер дайындауға тапсырма беремін.

Әр топ берілген тапсырма зерттеуші Мерсердің әңгіменің үш түрін ажыратып, рөлдерге бөліп әңгіме дайындап, постер жасайды.

Флипчарт, 2 үлестірмеден 95-96 бет

Проблеманы шешу кезеңі

6 мин

Әр топ дайындаған постерлерін қорғайды. Әңгіменің түріне рөл көрсетеді.

Әр топ берілген тапсырмалар бойынша постерлерін қорғап, түсініктеме береді және рөлдерін қорғайды.

Постер,

Түрлі-түсті стикерлер, маркерлер

Проблеманы түйіндеу кезеңі

2 мин

«Шахмат» әдісін қолдану.

Қатысушы мұғалімдер «Шахмат» әдісіне диалогтік оқытудың сыни тұрғыдан ойлаудың оқу үдерісіндегі маңыздылығы туралы жазады.

«Шахмат» тақтасы сызылған парақтар

Топтық бағалау

1 мин

«Бағдаршам» түстері

Қатысушы мұғалімдер әр топты бағалайды

Бағдаршам түстеріндегі қалақшалар

Кері байланыс. Рефлексия

3 мин

Коучқа хат

1.Мен не үйрендім?

2. Мен үшін не маңызды болды?

3. Болашақта қалай қолданамын?

4. Мен үшін не қиын болды?

5. Қиындықты қалай жеңемін?

Сабақтан алған әсерлерін, ұтымды, кемшін кеткен тұстарын жазады.

А4 қағазы


© 2010-2022