Разработка урока по теме карта

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: . Қазақстан әлем картасында. 11-сынып. 4.12.2015 ж.

Мақсаты :

1.Оқушыларға Қазақстан туралы,оның әлемдегі алатын орны туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,тілдік қорларын молайту.

3.Өз елін,өз Отанын сүйіп өсуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже Оқушылар мәтінге талдай жасай алады, өз ойларын жеткізе біледі, өзара ынтымақтастық қалыптасады, топта пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады, сұрақ қоя біледі, білімге құшарлығы артады, бірін-бірі бағалай алады

Түйінді идеялар (кілтті сөздер)

Сабақ кезеңдері: Сабақ барысы Бағалау ресурстар

1. Кіріспе 1. Амандасу. «Мен өмірді сүйемін, себебі...» деп аяқталмаған сөзді аяқталуға нұсқау бере отырып, (оқушыларға ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету)

2. Оқушыларды жұпқа бөлу.

3. Үй тапсырмасын сұрау.

«Миға шабуыл » әдісімен «Жер бетіндегі халықтар және нәсілдер» тақырыбына оқушыларға сұрақтар қойылады.

1. Халық санының ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы зерттейтін ғылым? (демография)

2. Қазақстанның жер көлемі?

3. Дүниежүзіндегі халқы ең көп елдер? Қытай (1 млрд.300 млн.), Үндістан (1 млрд.-тан астам)

4. Адамзат өздерінің сыртқы келбетінің ерекшеліктеріне қарай неше нәсілге бөлінеді? (3-ке, 1) еуропоидтық, 2) монголоидтық, 3) негроидтық нәсілдер)

5. Негроидтық нәсіл қандай болады? ( терісі қара, мұрны жалпақ, ерні қалың, шашы бұйра, жақ сүйегі біршама шығыңқы) Африка мен Аустралияда елдерінде тараған.

6. Монғолоидтық нәсілге сипаттама?( терісі сары, шашы салалы, қайратты, жақ сүйегі шығыңқы, мұрыны тәмпіш, беті жалпа, көзі қоңыр, және қиғаш) Азия мен Американың үндістерінде тараған)

7. Еуропоидтық нәсілге? (терісі ақ, қыр мұрынды, ерні жұқа, шашы толқынды немесе жатық болып келеді). Еуропамен Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияның халқы жатады)

8. Қазақтар қандай нәсілдерге жатады? ( монғолоидтық)

интербелсенді тақта

2. Тұсаукесер 1. Қызығушылық пен назарға қол жеткізу.

Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер.

интерактивті тақтадағы немесе ноутбуктағы слайдпен жұмыс жүргізу.

3. 1. Негізгі бөлім 1. Оқулықпен жұмыс. «ЖИГСО» әдісі бойынша берілген мәтінді жұппен талдайды.

1 -ші жұп: Қазақстанмен шекаралас елдер туралы айту.

2-ші жұп: Дүние жүзіндегі мемлекеттер

1. Сергіту сәті. «Би терапиясы»

2. Кітаппен жұмыс. 3 -тапсырма . 93 б.

4-тапсыриа. 93 б.(кластер бойынша қысқаша хабарлама дайындау.

2. Сарамандық жұмыс.

1. Қазақстанның шекараларын жүргізіп, көрші мемлекеттердің аттарын жазыңдар. (Слайд бойынша)Облыстардың шекараларын және аттарын белгілеңдер. Еліміздегі ірі қалаларды түсіріңдер

2. Қазақстан мемлекетіндегі ұлт өкілдері туралы қысқаша мағұлмат?

4. Қорытынды 1. «Формативті тест» арқылы қорытындылау.

1. Қазақстанның жер көлемі?

А) 2,7 млн. км2 Б) 2,8 млн. км2 С) 2,9 млн. км2 Д) 2,6 млн. км2

2. Қазақстан жер көлемі жөнінен ТМД елдерінің ішінен нешінші орында?

А) 3- орын Б) 4-орын С) 2-орын Д) 5-орын

3. Қазақстан неше елмен шектеседі?

А) 3 Б) 4 С) 2 Д) 5

4. Елдің астанасы Алматыдан Ақмола қаласына қашан көшірілді?

А) 1997 ж .10 желтоқсанда Б) А) 1997 ж .9 желтоқсанда С) А) 1997 ж .5 желтоқсанда Д) А) 1997 ж .6 желтоқсанда

5. Қазақстан мемлекетінде қанша ұлт өкілдері шоғырланған?

А) 130 Б) 150 С) 160 Д) 165

6. Әкімшілік аумақтың бөлінуі жөнінен еліміз неше облыстан тұрады?

А) 14 Б) 12 С) 10 Д) 9

Үйге тапсырма:

§52. Қазақстан әлем картасында. (мәтінді оқу, талдау, жоспар құру)

6-тапсырма 94 бет.

,

Рефлексия

«Бағдаршам» оқушылар қолдарына берілген қағазға жазып, үш түсті бағдаршам көзінің қалауына жабыстырады.

1) Қызыл: «Сабақ менің көңілімнен шықты. Мен өзіме көп пайдалы нәрсе алдым. Мен сізді де, сабақты да толық түсіндім.Өзіме тиісті баға алдым» дегенді білдіреді.

2) Сары: «Сабақ қызық болды. Мен оған белсенді қатыстым. Белгілі бір деңгейде маған сабақ түсінікті. Мен сабақта өзімді жайлы сезіндім».

3) Жасыл: «Мен үшін сабақтан еш пайда болған жоқ. Түсінген де жоқпын. Сабақта сұрақтарға жауап та айта алмадым. Мен сабақта өзімді жайсыз сезіндім»

- түсінбедім

-түсінуді толық қажет етемін

- түсіндім

Не сәтті өтті?

Нені дамыта аласыз?

Не сәтсіз өтті?

Нені өзгерткіңіз келеді?



© 2010-2022