Қазақ тілінен сабақ жоспары Күз айлары - қыркүйек, қазан, қараша

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7 «Б»

Пән: қазақ тілі

Сабақ: №

Сабақтың тақырыбы: Күз айлары: Қыркүйек.Қазан.Қараша.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Күздің үш айы туралы мәлімет беру: ерекшілігі бір бірінен айырмашылығы, аталу тарихы туралы.

Дамытушылық: Тақырыпқа орай лексиканы белсенді сөздік қорына еңгізу,тірек сөздерді қолдана отырып мәтін мазмұнын дұрыс ұғына білуге дағдыландыру, құбылыстарды салыстыра отырып тануға бейімдеу

Тәрбиелік: Табиғат тамашасын сезіне білуге баулу,байқампаздықты тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Интерактив тақтадағы күз көріністері, тапсырмалар, жемістер муляждары, әр түрлі жапырақтар.

Сабақтың түрі: Аралас сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрнекіліктер арқылы үйрету, деңгейліп оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, сергіту сәті.

Сабақ барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Кезекшімен сұхбат.

2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

«Күз» тақырыбына шағын шығарма жазу

3. Жаңа тақырып

Ой қозғау.

Жасыл, қызыл, сары жапырақтарды көрсетіп, сұхбаттасу. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Слайд: Ойланып отырған баланың суреті.

Сөздік: ерте күз - раняя осень

Шың - роса

Алтын күз - золотая осень

Толассыз - беспрерывно

Сылбыр - вялый

Қоңыр күз - поздняя осень

Қырау - иней

Тоңазыту - застывать.

Топтық жұмыс. Қыркүйек, қазан, қараша тобы.

Кітапты ашу.

  1. Мәтінмен жұмыс

Қазақ тілінен сабақ жоспары Күз айлары - қыркүйек, қазан, қараша

Қыркүйек

Қыркүйек - күздің бірінші айы. Бұл суық түсті, жайлаудағы мал келді деген мағынада айтылады. Ауа салқындай бастайды. Шық түседі. Қайтқан құстардың тобы көбейеді. Қыркүйектің жиырма екісінде күн мен түннің ұзақтығы теңеледі.







ҚазанҚазақ тілінен сабақ жоспары Күз айлары - қыркүйек, қазан, қараша

Қазан - күздің екінші айы. Бұл кезде қара суық басталады. Кешегі жасыл жапырақтар қызыл, сары, қоңыр түске еніп, жерге төгіледі. Күздің сылбыр жаңбыры толассыз жауады.үйрек пен қаз жылы жаққа ұшып кетеді.







ҚарашаҚазақ тілінен сабақ жоспары Күз айлары - қыркүйек, қазан, қараша

Қарашада күн қысқарады. Қазақстанның солтүстігінде қара суық басталады. Кейде қар да жауады. Қатты жел соғады. Шөпті қырау басады. Суық аспан жер бетін тоңазытады. Бәрі құстар жылы жаққа ұшып кетеді.


  1. Тапсырмаларды орындау

Қазақ тілінен сабақ жоспары Күз айлары - қыркүйек, қазан, қараша

Қазақ тілінен сабақ жоспары Күз айлары - қыркүйек, қазан, қараша

Қазақ тілінен сабақ жоспары Күз айлары - қыркүйек, қазан, қараша

Сергіту сәті.

Жұмбақ шешеміз.

Алтын ары тоны бар.

Қойнында дәні бар.

Не екенін тауып ал. (Бидай)

Қызыл, сары кемелер,

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел

Ырғалады, толқиды. (Күзгі жапырақтар)

Жапырақты бояды,

Атырапты бояды.

Бояп-бояп барлығын

Сап-сары ғып қояды. (Күз)

Қозғалып жүрер жортақ шам,

Барлығымызға ортақ шам. (Күн)

Формы бар домалақ,

Көміп қойдым сығалап,

Жақсы болса тұрмысы,

Шығады екен қоғалап.

Бес ай тамам біткенде,

Қаптап алдым құмалақ. (Картоп)

Тікен, тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

Күннен көзін алмайды,

Мойны бірақ талмайды. (Күнбағыс)

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)

Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Әкеміз ала баспақ асырады,

Күз келсе соямын деп асығыды.

Баспағым бойын шөпке жасырады.

Еті қызыл, терісі жасыл әлі. (Қарбыз)

Қанаты жоқ - ұшады,

Аяғы жоқ - қашады. (Жел)

Сырылдатады шәйнегн,

Ұнатпаса да жұрт, мейлі.

Тереземіздің әйнегін

Жуады, Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)

4.Қорытындылау

Венн диаграммасы.

Ұқсастығы. Ерекшеліктері

күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша

Мұғалім. Қорытынды сөзі:

Күз дәнімен көрікті

Қыс қорымен көрікті.

Қар көріп болса, дән көп.

Су көп болса, ну көп.

Үй жұмысы. Күздің бір айына сурет салу.

© 2010-2022