Тəрбие сағаты Алтын жүрек анамыз

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Алтын жүрек анамыз

Мақсаты: Ана жайлы тамаша өлеңдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарауға, ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақалдар, суреттер.

Барысы:

1.Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. Қазақ, әйел затын ерекше қадірлеген. Аналар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы екені сондықтан.

Ана тұрса құшаққа алып баласын,
Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,
Қуанышқа кенеле бер, анашым
Мен ананы шуағы мол күн деймін,
Анадан зор құдіретті білмеймін
Анам ылғи қамқор болып жүреді
Сондықтан да жылда түлеп гүлдеймін.- дегендей

Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоқ. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тән. Жердің өзіне де Жер - Ана деп теңеу айтып жүреміз. Ана - перзент тәрбиешісі, ана-қызметкер.

Олай болса "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндігі шеңберінде өткелі отырған «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!

Ең алдымен әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.

Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз:

1-сынып оқушысы - Төкеш Әйгерім

2а-сынып оқушысы - Қазыбай Аружан

2б-сынып оқушысы - Маслова Александра

3-сынып оқушысы - Бауыржан Ақерке

4а-сынып оқушысы - Тукенова Еркеназ

4б-сынып оқушысы - Шарипулла Жасмин

5-сынып оқушысы - Жеңсікбаева Айсұлу

6а-сынып оқушысы - Әнуарбек Мөлдір

7а-сынып оқушысы - Аманжол Гүлім

7б-сынып оқушысы - Шмидт Ильдар

8а-сынып оқушысы - Өтеген Арайлым

Рахмет.

Аяулы Ана
Күнім де ана, ай да ана,
Жетеді саған қай дана?
Асылым өзің,
Ғашығым өзің,
Бас иіп өтер әулием сен ғана.
Айбының биік,
Айдының тұнық. Теңізім терең өзіңсің
Таң шығы мөлдір
Тамшысы мен бір сендегі асқақ сезімнің. - дей келе сайысымызды бастаймыз.

Әділ қазылар сайыс қорытындысын шығарғанша слайд-шоу тамашалауға шақырамын.

Сөз кезегін әділқазыларға берейік.

Күн сәулелі анашым,
Рухыменен панасың
Жадымда әркез қаласың,
Жүрегім боп соғасың
Күн мейірімі төгілген
Ана ғана ғаламда
Жақсы ананың шуағы
Мәңгі қалар санамда. деп бүгінгі мәнерлеп оқу сайысын аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!



Жұпар:
Адал бол деп балдырған,
Әділдікке баулыған
Жүрегін дебаулыған
Тілегені мархабат
Анамызға мың алғыс.

Анар:
Аялаған баптаған
Асыраған сақтаған
Сақтандырып күнде еппен
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс.

Дидар:
Аяулы Ана
Күнім де ана, ай да ана,
Жетеді саған қай дана?
Асылым өзің,
Ғашығым өзің,
Бас иіп өтер әулием сен ғана.
Айбының биік,
Айдының тұнық. Теңізім терең өзіңсің
Таң шығы мөлдір
Тамшысы мен бір сендегі асқақ сезімнің.

Ризагүл:
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқақсың, сен аспансың, биіксің
Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.

Азиза:
Ана тұрса құшаққа алып баласын,
Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,
Қуанышқа кенеле бер, анашым
Мен ананы шуағы мол күн деймін,
Анадан зор құдіретті білмеймін
Анам ылғи қамқор болып жүреді
Сондықтан да жылда түлеп гүлдеймін.

Айгерім:
Күн сәулелі анашым,
Рухыменен панасың
Жадымда әркез қаласың,
Жүрегім боп соғасың
Күн мейірімі төгілген
Ана ғана ғаламда
Жақсы ананың шуағы
Мәңгі қалар санамда.



© 2010-2022