Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Ойлауды дамытудағы «Де Боно қалпақтары» әдісі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Алакөл ауданы

Үшарал қаласының № 1 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Құнанбаева С.К.

Коучинг сабағының жоспары

Күні :

Сабақтың тақырыбы

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Ойлауды дамытудағы «Де Боно қалпақтары» әдісі

Сілтеме

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Жалпы мақсаттары

Мұғалімдерге жан-жақты ойлау дағдылары, оларды дамытудың кейбір әдістері туралы түсінік беру

Оқыту нәтижесі

Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеттерін дамытудың оқыту кезеңіндегі маңызын түсіне отырып, көшбасшылық қасиеттерін арттыру, оқуға қызығушылығын, белсенділігін еселеудің әдістерін игеру

Негізгі идеялар

Мәселені креативті шешуге ұмтылдыру, білім сапасын арттыру

Пайдаланған әдіс-тәсілдер

«Ақылдың алты қалпағы», «Ұшақ» тренингі, «Қара жорға» сергіту сәті, «Мозаика» әдісі(топқа бөлуде), кері байланыс «Бағдаршам» әдісі бойынша

Қажетті құралдар

Маркерлер, стикерлер, флипчарт, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, компьютер, интерактивті тақта

Тапсырмалардың түрлері

Уақыты

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

1. Қатысушыларды қарсы алу,қолайлы ахуал жасау, «Ұшақ»

5мин.

Тренингтің шартымен таныстырады

Тренингті орындайды

тренингін өткізу


Қолдарындағы суреттерді

2.Топқа бөліну

2мин.

«Мозаика»әдісімен топқа бөледі

құрастыру арқылы топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды.

3.Кіріспе

3мин.

Сұрақтар қояды:

-Оқушылардың ойлау деңгейі сізді қанағаттандыра ма?

-Оқушылар берілген мәселені қаншалықты жан-жақты ойлап шешеді?

-Оқушылардың ойлау қабілеттерін одан әрі дамытуға болады деп ойлайсыз ба?

Сұрақтарға жауап бере отырып, мақсатты шығарады

4.Топтық жұмыс-қалпақ жасау,оны шығармашылық тұрғыдан қорғау

20мин.

Жеребе тастау арқылы топтарға түс таңдатады, керекті құралдарды таратып береді.

Жеребе арқылы қалпақтың түсін таңдап алып, жасайды, қорғайды.

5.Сергіту сәті

3мин.

«Қара жорға»биінің бейнежазбасын қосады.

Бейнежазбаға қосылып бидің қимылдарын орындайды.

6. «Ақылдың алты қалпағы» туралы талқылау

5мин.

Аталған әдіс туралы слайд көмегімен түсінік береді.

Слайдты көреді, тыңдайды, ой елегінен өткізеді.

7.Топтардың бір-бірінің шығармашылық жұмыстарын бағалауы

5мин.

Қалпақтарды қолдана отырып, топтарға бір-бірінің шығармашылық жұмыстарын бағалауға ұсыныс жасайды.

Қалаған қалпақтарын кие отырып, оның түсіне сәйкес бір-бірінің шығармашылық жұмыстарын бағалайды.

8.Кері байланыс

«Бағдаршам» әдісі арқылы. Жасыл көзі-өте жақсы, қолдану керек, қызыл көзі-таныс, қолданып жүрмін, сары-түсініксіз, болмайтын нәрсе.

2мин.

Жасыл, қызыл, сары стикерлерді таратып береді.

Стикер түрін таңдап алып, өз әсерін жазып, бағдаршамның керекті көзіне жабыстырады.


© 2010-2022