Ұлан ауданы туралы ақпарат (презентациясымен)

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:









Шығыс Қазақстан облысы

Ұлан ауданы туралы ақпарат













Ұлан ауаны, Ново-Одесское ауылы

«Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп» КММ

қазақ тілі мұғалімі Мамиева Сандуғаш Катиетолдановна



















Жоспар



  1. Ұлан ауданының тарихы

  2. Географиялық орны

  3. Климаттық жағдайы

  4. Аудан шаруашылығы

  5. Аудандағы өнеркәсіп орындары

  6. Саратовка ауылдық округы

  7. Тарихы

  8. Климаттық жағдайы

  9. Ұланның батырлары

  10. Ұланның көрнекі жерлері



































Ұлан ауданы

Аудан 1928 жылы құрылған. Географиялық орналасуы: Ұлан ауданы, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы Қалба тауының тау бөктерінде орналасқан, ауданның барлық аумағы таулы рельефпен сипатталады, оны абсолюттік биіктікке байланысты екіге бөлуге болады: орта және төмен таулы. Орта және таулы ойпатты аумақ негізінде жайылым алаптарымен қамтылған.

Климаттық жағдайы: тау бөктеріндегі аймақ, қоңыржай ылғалды және жылы, оңтүстік қоңыржай ыстық климатпен сипатталады. Ең суық айдың (қаңтар) орта темпетатурасы -14-18 градусты, ең ыстық (шілде) + 20+21 градусты құрады.

Аудан үш климаттық аумақта орналасқанымен, құрғақ далалы табиғи шаруашылық аймағында орналасқан. Ауқымы: аудан аумағы 9610 шаршы метрді құрады Ауданның әкімшілік орталығы Молодежный кенті, ол облыс орталығынан 10 километр қашықтықта, ең жақын теміржол станциясына дейін 15 километр. - тұрғындар: тұрғындар саны 42,7 мың адамды құрады, олар 14 ауылдық округтерінде және 4 кенттерде 49 елді мекендерде тұрады. Әлеуметтік демографиялық дамуы төмендегідей: ауданда туу - 400 адамды, өлім - 451, көші-қон сальдосы - 312 адамды құрады. Соңғы жылдарда көшіп кетушілер саны төмендеді, облыстың басқа аудандарынан көшіп келушілер саны көбеюде.

Ауданда ауылшаруашылық өндеріспен 812 ауыл шаруашылық құрылымдары айналысады, олар 805 шаруа қожалықтары және 7 түрлі қалыптағы шаруашылық субъектілері. Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарына 398,3 мың гектар ауыл шаруашылық белгідегі жерлер бекітілген. Негізінде, ауыл шаруашылық азық түліктерін өндірушілері болып шаруа қожалықтары және жеке қосалқы шаруашылықтар саналады, оларда жалпы ауыл шаруашылық азық-түлік 85 пайзға дейін өндіріледі. Ауданың жалпы ауыл шаруашылық азық-түлігінің көлемі 5 219274,0 мың теңгені, мал шаруашылығы өндірісінде 3 945718,0 мын теңгені, өсімдік шаруашылығында 1 273556,0 мың теңгені құрады. 2003 жылдың жалпы азық-түлік өндірудің өсу көлемі 3,8 пайызды құрайды. Аудан бойынша 2004 жылы бидайдың орта өнімділігі гектардан 9,9 центнерді құрады. 2005 жылдың 1 қантарына қарағанда ірі қара малдын саны 50,3 мын, шошқа саны - 12,0 қой және ешкі - 61,8 жылқылар - 7,6, құстар - 188,3 түйелер - 13 бас, маралдар - 60, түйеқұс - 6. 2005 жылдың 1 қантарына қарағанда өндірілген азық-түлік сомасы - 2682457,5 мың теңге, онын ішінде ірі шаруашылықтар бойынша - 2635860,5 мың теңге, шағын өндіру цехтары бойынша - 46597,0 мың теңге, 34 қайта өңдеу кәсіб орындары және шағын цехтар жұмыс істейді.

Аудан аумағында екі ірі өнеркәсіп орындары бар: «Өскемен құс фабрикасы» ААО, «Огневка» ЖШС. Өнеркәсіптік азық-түлік өндіру көлемі 2003 жылдың құндылығымен салыстырғанда 108,3 пайызға өсті, 2004 жылдың индикативтіқ жоспарын орындау 107,1 пайызды құрды, немесе өндірілген азық-түлік 3 537027,0 мың теңгені құрады. «Өскемен құс фабрикасы» ААО шығаратын негізгі азык- түлік түрлері мынадай: бройлер балапан еті, дүмбілі құс еті, консервілер, сүрлендірген еттер шұжық бұйымдары. Кұс фабрикасы жалпы аудандағы өндірілетін еттерден 61,5 пайызын өндіреді. Кәсіпорындарда жұмыс істейтіңдер саны 1137 адам құрайды. «Огневка» ЖШС. Бүгінгі күні кеніште қайта құру жұмыстарі жүргізілуде. Жалпы жұмыс істейтіндер саны 350 адам. Огневка кентінде № 2 консервациялық және жанарту аяқталды. 2004 жылы бөлшек сауда бұйымдарының саны 190 құрды. Осы кәсіпорындар бойынша тауар айналымының көлемі 765,2 млн теңгені құрды, жұмыспен қамтылғандар саны 770 адам. Аудан аумағында 49 елді мекендері облыс орталығымен тасымалдау қызметімен 22 қамтылған. Жолаушылдарды және жүктерді тасымалдау автокөлікпен жүзеге асырылады. Ауданда 537 км жолдар жергілікті маңызда жұмыс істейді, оның ішінде асфальть-бетондық жабынмен - 24 км, қара қиыршық тасты 300, ұсақталған тасты - 204, табиғи топырақты жабын - 9 км. Аймақтық «2003-2010 жылдарындағы «ауыз су» бағдарламасына сәйкес Саратовка ауылының су құбыры желілеріне 16 799,6 мың теңгеге іргелі түзету жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауданда бюджет есебінен, 778,5 мың теңгеге Бестерек ауылында жаңа скважина тесілген, 820, 01 мың теңгеге Таврическое ауылының су құбыры желілеріне ағымдағы түзету жұмыстары жүргізілді. Бозанбай, Каменка ауылдарында, Огневка кентінде көше жарықтандыру жүргізу бойынша жұмыстар ұйыидастыру, ол үшін аудан бюджетінен 244,01 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар көше жарықтандыру жұмысы Таврия, Ұлан, Жанузақ ауылдарында, Молодежное кентінде жүргізілді. 2004 жылы Молодежный кентінде қосымша 15 жарықтандыру белгеліңді. Қала арасы және халықаларық телефон байналысы «Қазақтелеком» ААО жүзеге асырады. Ауданда 2000 нөмірлерге жеті автоматтандырылған жүйелі телефон станциясы жұмыс істейді, 1 - электронды автоматтандылған телефон станциясы 2000 мыңға, 200 нөмірге 19 - автоматтандырылған жүйелі телефон станциясы, 29 сөйлесу пунктері. 2004 жылы телефон нөмірлерінен жалпы саны 5231 құрды. 38 мектеп, 6576 оқушы оқумен қамтылған, 1 мектепке дейінгі мекеме, 1 БЖСМ, 1 БММ. Аудан аумағында ауыл шаруашылық колледжі бар және оның қасында лицей жұмыс істейді. 6 фельдшерлік акушерлік пункт, 18 фельдшерлік пункт, 3 мемлекеттік емхана, 8 елді мекендерді тұрғындарға медицина қызметкелеріне жайсыз (үйлерінде) қызмет көрсетеді. 2004 жылы денсаулық сақтау бойынша кызметкелерінің саны 198 адам құрады. 2005 жылдың 1 каңтарда қарағанда аудан аумағында 24 мәдениет мекемелері, оның ішінде: мәдениет үйлері - 2, аудандық мәдениет үйі - 1, клубтар - 13, кітапханалар - 8, халық ұжымдары - 3. 2004 жылға бюджеттің кіріс бөлімі 271,2 млн теңгені құрды. Жергілікті бюджет бойынша субвенция - 542,5 млн теңге құрды. Дамыту бюджеті 70846,0 мың теңгені құрды, оның ішінде 3700,0 мың теңге республика бюджетінен басқару органдарына, олар ауылды дамытуға, денсаулық сақтауға және білім беруге жұмсалды.





Саратовка ауылдық округі

Украинка селолық Советінің жер шекарасы Жоғарғы органдардың Қаулысы бойынша 1939 жылы құрылды. 1963 жылы Жоғарғы Кеңес Президентінің Жарлығымен Өскемен және Төлеген - Тоқтаров атындағы селолық Советі болып бөлініп, Саратовка селолық округінің жерлері Төлеген - Тоқтаров селолық Советінің құрамына кірді. 1972 жылы Төлеген - Тоқтаров, Өскемен, Саратовка селолық Советтері болып бөлінді.

Саратовка селолық Советінің құрамына үш ауыл кірді: Отрадное, Ново -Одесское, Саратовка. Жоғарғы органдардың шешімдері бойынша 1993 жылы - «Саратовка селолық әкімшілігі» және 1997 жылы «Саратовка ауылдық округі» болып аталды.

Саратовка ауылдық округі - Ертіс жағалауында орналасқан, Өскемен және Төлеген - Тоқтаров ауылдық округтарымен шектеседі, облыс орталығы Өскемен қаласынан 25 км арақашықтықта жатыр.

1.Мекен-жайы және округ орталығы: Шығыс - Қазақстан облысы Ұлан ауданы Саратовка ауылы

2.Барлық елді - мекен - 3: Саратовка, Ново-ОдесскоеОтрадное ауылдары

3.Алып жатқан жер көлемі - 19817 га, соның ішінде егістік алқабы 7580 га

4.Барлық шаруа қожалықтарының саны - 23

5. ЖШС - 2

6.Тұрғындар саны - 2251 адам -100%

соның ішінде зейнеткерлер - 297 адам - 13,2%

Тыл қызметкерлері - 48 адам - 2,1%

Мүгедектер - 51 адам - 2,3%

Мүгедек балалар - 6 адам - 0,3%

Ауған соғысына қатысушылар - 4 адам - 0,2%

«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері - 36 адам - 1,6%

Экономикалық белсенділер - 1581 адам -70,2%

7.Мектеп саны - 1

Оқушылар саны - 161 бала

Мектепке дейінгі балалар - 102 бала

Шағын орталықтағы балалар саны - 13 адам

8. Дәрігерлік амбулатория - 1

ФП - 2

9.Өнеркәсіп мекемелері

Соның ішінде:

Дүкендер - 8

Жармалау цехы - 1

СТО - 1

ЖК - 15

10.Шаруашылықтар саны - 403

Оның ішінде мал ұстайтын аулалар - 269

Ірі - қара мал саны - 1656 бас

Сауынды сиырлар - 844 бас

Жылқы - 437 бас

Соның ішінде биелер - 115 бас

Қой мен ешкі - 2381 бас

Шошқалар - 127 бас

Саратовка ауылдық округінің аумағы 19817 га құрайды. Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлердің көлемі 9885,2 га. Оның ішінде егістік жерлердің көлемі - 3613,6 га, шабындық жер - 385 га, мал жайылымына арналған жерлердің көлемі 5419,9 га құрайды. Округ аумағында 23 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелген және жұмыс атқарады. Шаруа қожалықтарының 10 өсімдік шаруашылығымен, 3 шаруа қожалығы өсімдік және мал шаруашылығымен айналысуда. Қалған 11 шаруа қожалығы шөп шабумен айналысады. Шаруа қожалықтарында жұмыс атқаратындардың саны 123 адам. Саратовка ауылында мал қорымы жұмыс істеуде. 2012 жылы ауданның агрокәсіптік кешенін дамыту мақсатымен ауыл шаруашылығы бойынша «Солтанбек» және «АгроБАМ» шаруа қожалықтарында асыл тұқымды ірі - қара мал өсіру шаруашылығы ашылды. 2012 жылы Саратовка және Ново - Одесское ауылдарында ауыл шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру пунктері ашылды.

Округте 8 дүкен, 1 дәмхана, 1 жармалау цехы жұмыс атқаруда. Жұмысшылар саны 24 адам.

Саратовка ауылдық округінің аумағында Базылбек Ахметов атындағы орта мектебі, орта мектептің негізінде құрылған шағын орталық, Шығыс-Қазақстан ауылшаруашылық колледжі, Саратовка ауылында дәрігерлік амбулатория, Ново-Одееское және Отрадное ауылдарында 2 фельдшерлік пунктер, «Казпочта» АҚ 3 бөлімшесі, «Казахтелеком» АҚ бөлімшесі, Мәдениет үйі, орта мектепте және колледжде кітапханалар орналасқан.

Ауылдық округ аумағындағы қоғамдық қауіпсіздік және құқық сақтау тәртібі учаскелік полиция инспекторының тұрақты бақылауында.



Ұланның батырлары

Ұлан ауданының көптеген мектептері, ауыл, көше атаулары Қасым Қайсенов, Төлеген Тохтаров, Ізғұтты Айтықов сияқты атақты батырларының атымен аталған.

Ұлан ауданы туралы ақпарат (презентациясымен)

Қасым Қайсенов
Қазақстанның халық қаһарманы, жазушы, партизан, полковник.

Қасым Қайсенов 1918 жылдың 23 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында, кедей шаруа семьясында дүниеге келген. 1935 жылы он жеті жасында Өскеменге келіп саяси -ағарту техникумын бітіріп, 1937 жылы семья құрған. 1938 жылы Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істеген.
1940 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды.
1953-1970 жылдары Қазақстан жазушылар Одағының редакторы және «Жазушы», «Қайнар» баспалары директорларының орынбасары болып жұмыс атқарды.
Партизандық өмір жолын, қарулас жолдастарының қаһармандығын бейнелейтін "Жас партизандар" (1954), "Ажал аузында" (1959), "Жау тылындағы бала" (1961), "Жау тылында" (1973), "Партизан соқпақтары" (1978), " Переяслав партизандары" тәрізді т.б. көптеген шығармалар жазды.
Жазушы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, Богдан Хмельницкий орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. 1995 жылы Қасым Қайсенов -Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық Қаһарманы - Ұлттық батыры болып атанған. Қасым Қайсенов есімімен Ұлан ауданы Ізғұтты Айтықов ауылының орта мектебі аталған.

Ұлан ауданы туралы ақпарат (презентациясымен)

Төлеген Тохтаров

Төлеген Тохтаров (1920-1942 ж.ж.) - Совет Одағының Батыры. Төлеген Тохтаров Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Қазақ батыры Лининогор қаласының (қазір Толеген Тохтаров атында) № 10 қазақ мектебінде оқыған. Толеген жастық шағынан бастап адалды, өз шешімдеріне нақты жауап беретін, өз сөзінен айнымайтын, өзіңе және құрбыларына қатал адам болған. Москва қаласының генерал Панфилов атындағы 8-ші Гвардиялық дивизиясының автоматшылар ротасында қызметін атқарып жүрген кезінде, өзінің батылдығын, тапқырлығын, ерлігін көрсетті.
Ол өзінің еңбек жолын рафинаттау цехында бастаған болатын. Осы ұжымынан 1941 жылы майданға аттанды. 1942 жылдың 9 ақпанында Толеген Тохтаров Бородино шайқасында қаза тапты. Пулеметші Толеген Тохтаровтың батырлығы бүкіл ротаға мәртебе болды. Оның батыл жүрегі, Отанына деген оттай махаббаты дивизиядағы жауынгерлеріне үлгі болды.
Қазақ халқының батырына айналған Толеген Тохтаровтың есімімен Ұлан аудынының ауылдық округі мен Донское ауылындағы орта мектебі аталған.

Ұлан ауданы туралы ақпарат (презентациясымен)

Ізғұтты Айтықов

Совет Одағының батыры Ізғұтты Айтықов 1926 жылы Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының Тарғын ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Ізғұтты Айтықов майданға шақырылды. Жауынгерлік тапсырмаларды ойдағыдай етіп орындағаны үшін Қызыл Жұлдыз, I және II дәрежелі Даңқ ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталды. 22 маусымда Ізғұтты Айтықовқа Совет Одағының Батыры атағы берілді.
Совет Одағының батыры Ізғұтты Айтықовтың есімімен Ұлан ауданының Тарғын ауылдық округінің ауылы және орта мектебі аталған. Ізғұтты Айтықовтың жерлесі Талаптан Иманбаев батырдың скульпторлық портретін әзірлеп, Тарғын ауылының орта мектебіне сыйлады. Қазақ халқының айнымайтын батыры жерлестерінің есімдерінде мәңгілікте.


Ауған жауынгерлері

Ұлан ауданы туралы ақпарат (презентациясымен)

Буньков Анатолий Иванович 1947-1980 ж.ж.,
(пп 82869 ә/б прапорщигі)

Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Манько ауылында 1947 жылы 26 желтоқсанда туған.
1966 жылы 11 қарашада әскер қатарына шақырылды.
Әскерден кейін Өскемен қаласының Титан-магний комбинатында жұмыс істеді. 1973 жылы 13 желтоқсанда Таврия АӘК-нан шұғыл-әскери қызметке шақырылды.
1980 жылы 16 сәуірде интернационалдық борышын өтеуге Ауғанстанға аттанды.
1980 жылдың 30 қазанында Ауған соғысында қаза тапты.
1980 жылы 3 қарашада танытқан ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен қаза тапқаннан кейін марапатталды.
1980 жылы 6 қарашада ШҚО Таврия ауданы Басово ауылында жерленді.

Ұлан ауданы туралы ақпарат (презентациясымен)

Котельник Сергей Федорович 1961-1980 ж.ж.,
(пп 53701 ә/б қатардағы жауынгері)

1961 жылы 10 қазанда Украина КСР Киев облысы Белая Церковь ауылында туған.
Мектепті ШҚО Ұлан ауданы Васильевка ауылында бітіріп, Өскемен қаласындағы № 20 ОКТУ-на түсті.
1980 жылдың 10 мамырынды Өскемен ҚӘК-нан әскер қатарына шақырылды.
1980 жылдың қазан айында Ауғанстанға жіберілді.
1980 жылдың 12 желтоқсанында Ауған соғысында Турбат тауының өңірінде қаза тапты.
1980 жылдың 31 желтоқсанында ШҚО Ұлан ауданы Васильевка ауылында жерленді.
1981 жылдың 23 қарашасында танытқан ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен қаза тапқаннан кейін марапатталды.

Ұлан ауданы туралы ақпарат (презентациясымен)

Қожанов Мұрат Озанович 1953-1984 ж.ж.,
(пп 82869 ә/б майор, штаб басшысы, МСБ командирінің орынбасары)

1953 жылы 12 сәуірде ШҚО, Таврия ауданы, Привольное ауылында туған.
1970 жылы мектепті Привольное ауылында бітірген. 1974 жылы Алматы қаласында маршал Конев атындағы жоғары офицерлік училищесін бітірді.
1983 жылы интернационалдық борышын өтеуге Ауғанстанға аттанды.
1984 жылы 17 қыркүйекте Ауған соғысында қаза тапты. 1984 жылы 22 қыркүйекте туған ауылында жерленді.
АДР-на көмек көрсетуде Интернационалдық парызын өтеу кезінде танытқан ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің
Президиумы Үкімімен 18.02.1985 ж. (№ 374864) «Қызыл жұлдыз», 05.04.1985 ж. (№ 484805) «Қызыл Ту» ордендерімен қаза тапқаннан кейін марапатталды.

Ұлан ауданы туралы ақпарат (презентациясымен)

Ларионов Александр Васильевич 1958-1984 ж.ж.,
(пп 17668 ә/б капитаны, 2 класс әскери ұшқышы)

1958 жылы 23 қыркүйекте ШҚО,Таврия ауданы, Новоявленко ауылында туған. 1975 жылдың шілдесінде ШҚО, Тавриалық АӘК-нан әскер қатарына шақырылды. 1979 жылы Саратов қаласының авиациалық жоғары әскери училищесін бітірді. 1983 жылдың 16 қаңтарында АДР-на интернационалдық борышын өтеуге аттанды.
Ауғанстан халқына әскери көмек көрсетуде танытқан батырлығы мен ерлігі үшін 1983 жылдың 3 наурызында «КСРО ӘҚ Отанына көрсеткен қызметі үшін» орденімен марапатталды. 1984 жылдың 6 маусымында Ауған соғысында қаза тапты. ШҚО Таврия ауданы Новоявленко ауылында жерленді.
1985 жылдың 18 ақпанында танытқан ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен қаза тапқаннан кейін марапатталды.

Ұлан ауданы туралы ақпарат (презентациясымен)

Ахметов Базылбек Советханович 1963-1982 ж.ж.,
(пп 93992 ә/б қатардағы жауынгері)

1963 жылы 1 қаңтарда ШҚО Таврия ауданы Тас-Өткел ауылында туған. Отрадное ауылында 10-шы сыныпты бітіріп, Таврия ауылындағы орта кәсіптік-техникалық училищесіне түсті.
1981 жылдың 17 қазанында ШҚО Тавриялық АӘК-нан әскер қатарына шақырылды. 1982 жылдың 19 наурызында АДР-на интернационалдық борышын өтеуге аттанды.
1982 жылдың 25 қыркүйегінде Ауған соғысында қаза тапты.
1982 жылы 2 қазанда туған ауылында жерленді.
1983 жылдың 3 наурызында танытқан ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен қаза тапқаннан кейін марапатталды.

Ұлан ауданы туралы ақпарат (презентациясымен)

Қондыбаев Қайрат Қапанович 1965-1985 ж.ж.,
(пп 88997ә/б қатардағы жауынгері)

1965 жылы 28 шілдеде ШҚО Таврия ауданы Ахмерово ауылында туған. Мектеп бітірісімен № 71 орта кәсіптік-техникалық училищесіне түсті.
1984 жылдың 5 мамырында ШҚО, Тавриялық АӘК-нан әскер қатарына шақырылды.
1984 жылдың 19 тамызында АДР-на интернационалдық борышын өтеуге аттанды.
1985 жылдың 30 қаңтарында Ауған соғысында қаза тапты.
1985 жылдың 8 ақпанында туған ауылында жерленді.
1985 жылдың 20 шілдесінде танытқан ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен қаза тапқаннан кейін марапатталды.

Ұлан ауданының туристік базалары

- Көне астрономиялық кешен «Ақ Бауыр», Сағыр ауылы, Аблакетка ауылдық округі.
Көне астрономиялық зертханада Жеті қарақшы жұлдызы бейнеленген гранитті тақталар сақталған және күн сағатымен белгі қойылған аумақтар көрінеді. Жанында үңгір, нышандар мен белгілер, көне ғарыштық кеме жерге қонған кезеңді сипаттайды.

-XVII ғасырдың архитектуралық ескерткіш «Аблайнскит» бекініс монастірі, Сібе көлінің ауданы, Бозанбай ауылдық округі.
Абылай ханның тұсында тұрғызылған Аблайнскит буддалық монастірінің қираған орны Садыркөл көліне жақын орналасқан. Монастырьда қабырға мен қақпалардың негізі сақталған.

- Сібе көлі, Бозанбай ауылы.
Сібе көлі, Қалба таулы өлкесі - ертедегідей әдемі көлдердің аймағы. Олар гранитті және құмды жартастар мен сеңмен көмкерілген жерде орналасқан. Барлық көлдердің түбі айыл, таяз. Олар бесеу: Сасықкөл, Қоржынкөл, Шалқар, Төртқаракөл, Қанакөл. Көлдер Көктаудың оң жақ шеткі сілемдерінде сатылы түрде орналасқан. Қазаншұңқырлар үш жақтан бекітілген және граниттен ойып орнатылған сияқты.

- Дубогалинді көлінің минералды суы, Гагарино ауылы.
Дубогалинді көлі Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең ірі көлдердің бірі болып табылады. Аумағы 1,84 ш.м құрайды. Теңіз деңгейінен биіктігі 344 метр. Ең жоғарғы деңгейдегі тереңдігі - 11,2 метр.

- «Синегорская пихтовая роща» мемлекеттік табиғат жәдігері, Асубулақ кенті.
Табиғат жәдігері Ұлан аудандық Аюды орман шаруашылығының Синегор орманшылығы аумағында орналасқан. Аумағы 137 га. Самырсынды шағын орман Медведка тауының солтүстік баурайында орналасқан. Бұл қалған элемент қара қылқан жапырақты қарағайлы орманды құрайды және нәтижесінде көгалдандыру қарағай көшеттеріне ауысты.

- Монастырлық көл, Айыртау ауылы.
Монастырлық көл Өскемен қаласынан Алматы трассасына қараған жолдан 70 км қашықтықта орналасқан. Жотадан асқанда көлдің кескінделген бейнесі көрінеді.Ағаш үйлер айналадағы көрініске үйлесіп тұр, бұл жерде сіз демаласыз, күшіңізді қалпына келтіріп және қалалық әбігерден бас тартасыз.



Пайдаланылған әдебиеттер



Ғаламтор, Ұлан ауданы әкімінің жеке сайты



© 2010-2022