Урок по казахскому языку Зат есім (6-сынып)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахскому языку Зат есім (6-сынып)Урок по казахскому языку Зат есім (6-сынып)Урок по казахскому языку Зат есім (6-сынып)Урок по казахскому языку Зат есім (6-сынып)Күні: 27.10.15 ж.

Сыныбы: 6 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Мақсаты: Жаңа әдістерді пайдалана отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Зат есім туралы білімдерін тереңдету.

Күтілетін нәтиже: Сөз таптары,оның ішінде зат есім туралы толық мәлімет алады.Өз ойларын еркін жеткізе біледі.

Ресурстар: АКТ,постер,маркер,смайликтер.

Әдіс-тәсілдер: формативті бағалау,суммативті бағалау, «Доп лақтыру», «Пицца».

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушыларды түрлі-түсті гүлдерді пайдалана отырып 3 топқа бөлу.

4.Психологиялық дайындық.Топтағы оқушыларға жеке-жеке мінездеме беру.

3.Топ ережесімен таныстыру,топ басшыларына бағалау парақтарын тарату.Бағалау критерийлерімен таныстыру.

20-25 ұпай- «5»

16-19 ұпай-«4»

10-15 ұпай-«3»

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

«Доп лақтыру» әдісін пайдалана отырып әр топқа сұрақтар қою.Топтар бір-бірін «бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

ІІІ.Жаңа сабақ:

Сендерзат есіммен бастауыш сыныптан бері таныссыңдар.Асылбек күйді нақышына келтіре тартты.Балалар оны ұйып тыңдап қалған.Домбыра күмбірлеп сөйлеп кетті.Осы сөйлемдердегі қарамен берілген сөздерге сұрақ қойыңдар.Етеріңе түсті ме?Енді зат есімнің ережесін шығарып,дәптерлеріңе жазып қойыңдар.

Зат есім дегеніміз-........

Зат есімге кім?не?кімі?несі?кімім?нем?кімің?нең?кімдер?нелер?деген сұрақтарға жауап беретін сөздер,яғни,барлық айналаны қоршаған ортадағы зат,құбылыс атауы боп танылатын сөздер енеді.

Ал зат есімдердің мағыналық жағынан қалай бөлінетініне де назар аударып,есте сақтаңдар.

Ережесі

Түрлері

Мысал

Біркелкі заттарды,құбылыстарды жаппай атайтын сөздер

Жалпы есім

Тау,құс,адам,өсімдік,т.б.

Біркелкі заттарды,құбылыстарды жекелей атайтын,арнайы берілген есімдер мен атаулар

Жалқы есімдер

Алатау,Ақерке,Жетісу, «Егемен Қазақстан»,т.б.

Нақтылы тануға болатын,көзбен көріп,қолмен ұстауға болатын зат атаулары

Деректі зат есім

Кітап,мектеп,дос,су т.б.

Көзге көрінбегенмен ,адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс,ұғым атаулары

Дерексіз зат есім

Ақыл,ой,бақыт,арман.т.б.

Жалпы есім Жалқы есім Деректі зат есім Деректі зат есім

(Осы үлгі бойынша оқушылар өздері мысал келтіруі тиіс.)

104- жаттығу.Зат есімдерді көшіріп жазып,мағыналық түріне ажыратыңдар.Қарамен жазылған сөздер жалқы есім бе,жалпы есім бе түсіндіріңдер.

Әр топ 1 қарамен жазылған сөзге СКТ жасайды.Постер дайындайды,қорғайды.

І топ:Ақсай

ІІ топ: Көксай

ІІІ топ: бала

Топтар бірін-бірі «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.Бағалау себебін айтады.

Сергіту сәті. «Тұрғын үй» әдісі арқылы оқушыларды сергіту.

105-жаттығу.«Кім жылдам?» ойыны.Топтар тақтаға шығып,адасқан сөздерді зат есімнің мағыналық түрлеріне ажыратуы тиіс.

І топ-жалпы есім

ІІ топ-жалқы есім

ІІІ топ-деректі және дерексіз зат есім

Жылдам болған топты ерекше атап өту,белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау.

«Пицца» әдісі арқылы топтар бір-біріне сұрақ-жауап алмасады.

Топтар бірін-бірі «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

107-жаттығу.Топ бойынша төменде берілген сөздерге өз жанынан жұмбақ,жаңылтпаш немесе өлең шығаруы тиіс.(Үлгерімі төмен оқушы постерді қорғайды)

Жұлдыз,дос,арман,бәйтерек,қыран,бақыт.

Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Бағалау: Оқушыларды топ басшыларының көмегіне сүйене отырып бағалау.

Үйге тапсырма беру: 106-жаттығу.Ереже жаттау.











Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

104-жаттығу

105-жаттығу

Пицца

107-жаттығу

Жалпы ұпайы

Бағасы

1



2



3



4



5



6







© 2010-2022