Урок по самопознании Жақсы көңіл күй – жан шуағы

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін - өзі тану сабағының жоспары

А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп Мерзімі №

Тақырып: Жақсы көңіл күй - жан шуағы

Құндылық: Көңіл күй,

  • Қасиеттер: Махаббат, бауырмалдық, жанашырлық.

Мұғалім Даулетбақова С.Т. Сынып____5

Мақсаты : жақсы көңіл күйдің адами қарым - қатынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту .

Міндеттері :

- өзінің сезімдері мен әрекеттеріне талқылау жасай білуге үйрету ;

- өз көңіл күйін , эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту ;

- өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге , адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу .

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Интерактивті тақта, бейнеролик, оқулық, үнтаспа, суреттер, плакат, маркер, стикер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.

2.Үй тапсырмасын тексеру: «Құстар торға қалай түсті ?» мәтінін оқып , төмендегі сұрақтарға жауап беру .

  • Аңыздан қандай ой түйдіңіз?

  • Адамдар неліктен бір-бірімен ренжіседі?

Сабақ барысын талдау: Жағымды күйге келтіру

3. Дәйексөз: « Жақсы мінез - бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы » деген нақыл сөзінің мағынасын ашу арқылы адал ниет, жақсы көңіл күй, жақсы мінез-құлықтың адами қарым-қатынас жасаудағы, адамның өміріндегі маңыздылығын назар аударту.

У . Гэзлит

Ой-пікірлерін ортаға салу

4.Әңгімелеу: «Ойланайық , әңгімелесейік » айдарымен берілген сұрақтар негізінде әңгіме жүргізу .

Ой түйіндеу, достардың адам өмірінде алатын орнын анықтау

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:

1) «Ойланайық, пікірлесейік » айдарымен берілген сұрақтар арқылы әңгімелесу жүргізіледі .

Қандай сезімдер көңіл күйге жағымды әсер етеді?

Адамның көңіл күйіне табиғаттың әсері болама?

Сендерге айнала адамдардың көңіл күйі қалай әсер етеді?

2) Мәтінге назар аудару

Пікіралысу

6.Топпен ән айту: А.Махамбетованың сөзіне жазылған М.Жәутіковтің «Қуанамын» атты әні

7.Үй тапсырмасы: Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып , талдау .

8. Қорытындылау: Оқушылар шеңберге жиналып , бір - бірінің жақсы қасиеттерін тізбектеп айтып шығу .

Бәрі шеңберге тұрып, жақсы тілектер айтады


© 2010-2022