Мазмұндама Қисық бұтақ (7 класс)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мазмұндама № 1

Сыныбы: 7 Уақыты:-------

Сабақтың тақырыбы: Қисық бұтақ

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік . Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін байқау, тыңдау дағдыларын жетілдіру, өз ойын көркем сөзбен жеткізе алу машықтарын жетілдіру

2. дамытушылық Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып біліктіліктерін арттыру

3. Оқушыларды қамқорлыққа , табиғатты аялауға үйрету

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс -тәсілдері:оқу, тыңдау,жазу

Пәнаралық байланыс: табиғат тану, биология

Мазмұндама

«Қисық бұтақ»

Қыс бойы жер бауырлап бүрісіп тұрған қисық бұтақты көктем лебі баяу шайқап, тербетіп оятты. Маужыраған бұтақ керіліп - созылып, денесінің құрысын жазды. Күннің шуақты жылуынан қуат алып, құлпыра түсті.

Күн өткен сайын жайқалып, жапырақ жайды. Бойын ерекше қуат кернеді. Самал желге желпілдеп, бүрлерін қағып-қағып қойды да, дүр-дүр сілкінді. Шауып кеткісі де келді. Бірақ сыпырғандай жұмыр діңі тас қып ұстап тұр.

  • Жіберші жабыспай, - деді діңіне қисық бұтақ бұлқынып.

  • Қайда барасың?

  • Желмен жарысып ойнаймын.

  • Әй, ақымағым-ай, - деп күлді ағаш діңі.

  • Ол - қиын іс. Біздің қолымыздан келмейді. Одан да бері биікке қарай бой түзеп өс. Басыңды көтер. Сонда даланы төбесінен көріп тұратын боласың. Жерге жабыспай, жоғарыға, өрге өрмеле.

  • Жерде жорғалап өсемін, - деп жұлқынып қалды қисық бұтақ.

Діңі теңселіп кетті. Бір жері ауырғандай қиналып қалды. Өн бойы қалтырап, ыңырана күбірледі.

  • Қойшы енді қабырғамды қайыстырдың ғой.

  • Ендеше босат мені, - деп қиқарланды қисық бұтақ.

  • Бұл да қолымнан келмейді.

  • Сонда не келеді қолыңнан? Маған жармасқанды ғана білесің бе? - деп қисық бұтақ ызалана түсті.

Бақты аралап келе жатқан бағбан мынау бір сүріктей ағаштың сынын бұзып, қиқайып тұрған қисық бұтақты көріп қалған еді.

  • Ә, кесірлі екенсің ғой, кербақбай, - деді де сырт еткізіп қисық бұтақты кесті де тастады. Сонан соң түп-түзу әсем діңді сипап-сипап қойды. Ағаштың діңі бір дерттен құтылғандай бойын түзеп, сілкініп-сілкініп қалды.

Сөздік: денесінің құрысын жазу, сүйріктей, кербақбай

Жоспар:

1.Көктем лебі

2.Қисық бұтақ

3. Діңнің ақылы

4. Бағбан

5. Дерттен құтылу


© 2010-2022