Доклад на тему: Эффективность дуальной системы обучения

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ДУАЛДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ


Баекеева Шарбану Толыбайқызы

Қазалы аграрлы - техникалық колледжі, Қазалы қаласы

Бүгінгі таңда кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосатын азаматтар тәрбиелеу.

Елбасымыздың «Қазақстан - 2050» стратегиясында «Ғасырлар мақсаты - қоғамның нарықтық қарым - қатынасқа көшу кезінде саяси - экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан - жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп тұжырым жасаған болатын.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілгендей, елімізде индустриалдық - инновациялық даму талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін сапалы түрде дамытуға басым көңіл бөлінуде. Еліміздің экономикасы тұрақты өсуіне байланысты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті - студенттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, бәсекеге қабілетті, құзіреттілігі қалыптасқан білікті маман дайындау.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласын жаңғырту мақсатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев елімізде дуалдық оқыту жүйесін енгізуді тапсырды. Еліміздегі компаниялар мен кәсіпорындарға шұғыл түрде дуалдық оқыту жүйесіне араласуға тапсырма берді.

Жастарға кәсіптік-техникалық білім беру, нарық қатынасын орнықтыру, шағын және орта бизнесті дамыту, заман талабына сай бәсекелестікке төтеп бере алатын, жан-жақты іскер жұмысшы мамандарын даярлау - бүгінгі күннің басты талабы. Осы талапты орындауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына үлкен міндеттер жүктелген.

Қазіргі таңда әлемнің 60 елінде дуалдық оқыту жүйесімен жұмыс жасауда, оның ішінде индустриясы дамыған елдер Германия, Англия, АҚШ, Оңтүстік Корея және т.б. елдерде жұмысшы кадрларын даярлауда жақсы жағынан көрсеткен.

Дуалдық оқыту жүйесі - сапалы жұмысшы кадрларын (мамандарын) дайындауда техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнымен кәсіпорынның тепе - тең жауапкершілігінің түрі.

Дуалды оқыту жүйесінің басты мақсаты - бәсекеге түсе алатын мамандығы бар, кәсібін нақты таңдаған, жұмысқа орналаса алатын және өзінің кәсіби білімін жоғарылатуға ұмтылған жас тұлғаны өсіру болып табылады.

Дуалды оқыту жүйесінің міндеті - колледжді бітірген жас маман кәсіби жүйедегі оған белгіленген жердегі жұмысының өнімді болуы болашақ маманның кәсіби әрекетіне толық даярлығын қалыптастырады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында дуалды оқыту технологиясының элементтерін енгізу бағытындағы жұмыстар жүргізіліп, насихатталуда. Бұл тұрғыдан біздің аймағымызда Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қызылорда облысынығң кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен «Жол картасы» шеңберінде 8 оқу орны 23 мамандық бойынша дуалдық оқыту жүйесі бойынша экспериментальді алаң ретінде белгіленіп, жұмыстар жүргізіліп келеді. Аймағымыздағы алдыңғы қатарлы деп танылған 8 оқу орнының ішінде - біздің Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде 4 мамандық бойынша дуалдық оқыту жүйесінің элементтері жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, 1114000 Пісіру ісі (түрлері бойынша), 1201000 Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, 1501000 Ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қызмет көрсету және жөндеу, 1513000 Ветеринария.

Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде 2012 жылдан бастап дуалдық оқыту жүйесіне біршама дайындық жұмыстары жүргізілді. Студенттердің өндірістік практикасы өткізілетін әлеуметтік әріптестіктермен, кәсіпорындармен, жұмыс берушілермен екі жақты келісім - шарттар жасалып, меморандумдарға қол қойылды.

Техникалық және кәсіптік білім берудежаңа технологиялармен қамтылған, жоғары дәрежеде жұмыс ұйымдастыруы және қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік серіктестік мекемелермен бірігіп, тығыз байланыста жұмыс жасауымыздың маңызы зор.

Колледжде «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша маман даярлаудың дуалдық жүйесін қолдану тәжірибесі ескі жүйеден бірқатар артықшылығы бар екенін көрсетіп отыр. Дуалдық жүйемен оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістері теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты азайтатыны, дуалдық жүйенің механизмінде маманның жеке тұлғасына әсер ету, болашақ маманның жаңа психологиясын қалыптастыру жатқандығы байқалады. Болашақ мамандар білім сапасының жұмыс орнында қызметтік міндеттерін орындауына тікелей байланыстылығын теория мен практиканың ұштасуынсыз нағыз маманның қызметтік тәжірибесі толық қалыптаспайтыныны сезінеді. Жұмыс берушімен тығыз байланыста болған маман даярлаушы оқу орны болашақ мамандарға қойылатын талаптарды үнемі ескеріп отырады. Жұмыс берушілер іс - тәжірибеден өтіп жүрген мамандардың бейіміне қарап, өздеріне қажетті, заман талабына сай, кәсіпорынның ілгері басуына аянбай атсалысатын нағыз мамандардың шығатынына сенімді болады.

Колледжде білім алып жатқан мамандарды кәсіби бағыттағы стандарттарға негіздей отырып даярлау және экономикалық қажеттіліктермен өзара байланыстыру қатаң түрде сақталып келеді. Бұл тұрғыдан әлеуметтік әріптестермен келісім - шарт негізінде жүйелі байланыстар орнатылған. Олардың қатарында «РЗА» АҚ, «Рза - Асыл - түлік» ЖШС, «РЗА-Агро» ЖШС, «Рза - Транс» ЖШС, «Жылу-ХХІ» ЖШС, «Мерей» ЖШС, «Қазалы-Сәулет» ЖШС, «Сыр маржаны» ЖШС, «Қазалы-құрылыс» ЖШС, «Асыл-Ғани» ЖШС, «Намыс-Құрылыс» ЖШС, «Қазалы-Жолшы» ЖШС бар. Аз уақыттың ішінде бұл серіктестіктермен байланыс өзінің оң нәтижесін көрсетуде.

Дуалдық оқыту жүйесіне негізделген әлеуметтік серіктестермен Кәсіпорын - Колледж - Студент үш жақты келісім - шарт жасалды. Келісім шарт техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының негізінде құрылды. Ондағы басты негіздер - оқу процесінің ғылыми және әдістемелік жұмыстарын бірігіп орындауы, оқу процесіне өндіріс мамандарын араластыруы, кәсіпорындарда өндірістік оқыту орындарының ұйымдастырылуы.

Дуалдық оқыту жүйесі кең тараған Германия елінің өзінде бітіруші түлектерді жұмысқа қабылдау 27 %-ды құрайды. Біз осындай жағдайға жету үшін техникалық және кәсіптік білім беруде сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, жергілікті әлеуметтік серіктестіктеріміздің жас маманға деген сұранысын арттыру.

Жергілікті әлеуметтік серіктестіктермен сұраынысты арттыруда мынадай мәселелерді ескеру қажет:

- қарқынды дамып келе жатқан өндірістік кәсіпорындарға саяхат жасау барысында таңдаған мамандықтарының келешегімен таныстырып, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру;

- тәжірибелерді өндірісте өткізуді тек маусымдық кезеңдерде емес, жыл айналымына ендіру;

- жаңа инновациялық даму қарқынында келе жатқан жергілікті әлеуметтік серіктестік мекемелерге озат студенттеріміз іріктелініп алынса;

Осы мәселелер шешімін тауып жатса, студенттеріміздің мамандықтарына қызығушылықтары артып, кәсіби білікті маман болып шығатындарына сенім артамын. Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру биыл 8 % , келер жылы 15%-ды құраса, 3-4 жылдықта Германия еліндегі 27 % көрсеткішке жететін боламыз.

Қорыта келгенде, дуалды оқыту жүйесі колледж студенттері үшін таптырмас мүмкіндіктердің бірі. Дуалды оқыту жүйесін меңгеру кезінде студенттің өзіндік дүниетанымы қалыптасады, студенттің сабаққа деген ынтасы және жауапкершілігі артады, студенттің өз білімін өзі бағалай білуіне мүмкіндік туды, өз қабілетіне, болашағына сенуіне, танымдық әрекеттерінің қалыптасып, одан әрі шығармашылықпен айналысуына, пәнге қызығушылығының артуына мүмкіндік береді.

Дуалды оқыту жүйесі - заманауи технологияның еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналасуына кепілдік беретін бірден-бір таптырмас жүйелердің бірі. Сондықтанда саналы ұрпақ, сапалы маман дайындауда дуалды оқыту жүйесінің болашағы зор деп ойлаймын.

Колледжде жастардың қалаған мамандығын игеру мүмкіндігіне ие болуы, заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуы - еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру саласының ілгері басуы үшін жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесі.

© 2010-2022