Урок для 10 класса по казахскому языку на тему Монологтың түрлері

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі, 10-сынып Күні: 30.11.2015

Сабақтың тақырыбы: Монологтың түрлері

Мақсаты: Оқушыларды монологтың мағыналық түрлеріне мысалдар келтіре отырып меңгерту.

Міндеттері:

  1. Мәтіндердің монолог сөздің қай түріне жататындығын ажырата білуге үйрету;

  2. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту

Сабақтың түрі Жаңа тақырыпты меңгерту

Әдіс-тәсілдері : топтық жұмыс, сұрақ-жауап, СТО, АКТ, мәтінмен жұмыс жасау.

Пәнаралық байланыс Әдебиет

Көрнекілік: Слайд, карточкалар, кестелер, оқулық

Күтілетін нәтиже

оқушылар сөйлеу әдебіне үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды, сөздік қорлары молаяды.

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын кезекшінің мәліметін тыңдай отырып тексеру. Оқушыларға сабақтың мақсатын айту. Оқушылар үш топқа бөлініп отырады. (әр партада 4 оқушыдан отырады, топқа 1, 2, 3, 4 сандары арқылы бөлінеді).

Оқушылар топтың алтын ережелерімен танысады. Ереже экраннан көрсетіледі.

  • Басқалар сөйлеп жатқанда сөзін бөлмеңіз.Өзіңіздің кезегіңізді күтіңіз.

  • Егер бірдеңе айтқыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз.Кімнің және қашан сөйлейтінін оқытушы таңдайды.

  • Идеяларды айтқан адамдарды емес, идеялардың өзін сынаңыз. (Жеке басқа тіл тигізбеңіз.)

  • Әркімнің де пікір білдіруге құқығы бар, сондықтан өте ұзақ сөйлемеңіз.

  • Кез келген пікірді қарсы алыңыз.

  • Кей жағдайда ең жақсы идеялар талқылау барысында туындайды.

  • Оқытушы біздің құқығымызды қорғайды және біздің жұмысымызға бағыт береді.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

А) Экраннан зымыран сұрақтар шығады:

  1. Кітаби тілдің стильдік тармақтары;

  2. Кітаби тіл дегеніміз не?

  3. Сөйлеу тілінің фонетикалық-морфологиялық ерекшеліктері (дыбыстарды түсіріп айту) кеп отыр -келіп отыр, боп па-болып па)

  4. Синтаксистік ерекшеліктеріне байланысты мысал келтір;

5.Қай тіл стилі заңдастырылған?

6.Кітаби тіл қандай тіл? (Кітаби тіл - жазу дәстүрі арқылы белгілі жүйеге түскен, орныққан, нормалары, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл).

Ә)Тест жұмысы арқылы оқушылардың ҰБТ-ға дайындалу барысын бақылау. (әр оқушыға тест жұмыстары таратылады, қосымша экраннан да көрсетіледі).

1. Мына сөйлемдерден ғылыми стильге тән термин сөзді табыңыз: А)Оның сөзі де қосымша болды.

В)Түбір сөзге қосымша жалға С)Сәбит бұған қосымша жұмыс берді. Д)Қосымша төлем қосты.

2.Іскерлік қарым-қатынасқа байланысты термин сөздерді көрсетіңіз:

А) сөз, сөз тіркесі, буын В) Дөңгелек, тікұшақ С) әкім, делдал, іссапар Д) алу, теңеу, синус

3. Термин сөздерді табыңыз:

А) бәдірен, диалог В) сарапшы , қалам С) мұрап, мақал-мәтел Д) циклон, қос нүкте

4. Термин сөзді табыңыз

А) тырнақша, поэзия, терме В)бокс, маңдай, босқын С)цех, шахта, үй Д)барлаушы, шөгінді, халық

5.Кәсіби сөздерді көрсет:

А) қанат, мінез В) келер, жазар С) мұрап, ау Д) ой, арман

6. Диалект сөзді тап:

А) үлкен, кіші, аласа В) көрші, туыс, компас С) көпшік, дарбаза, пәс Д) күлпара, шара

7. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз:

А)ақ көйлек В)қара киім С)істің ақ, қарасы тексерілді Д)қызыл шапан

8. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз:

А) ашық есік В) ашық жер С)ашық бөлме Д)ашық мінез

9.Сөздің тура мағынасы:

А) Алтын ұя мектебім .В) Өсектің ұясы қайда? С) Аққудың ұясы көл ортасында.Д)Көзі ұясынан шықты.

10. Сөздің тура мағынасы: А) Ақша беті үлбіреп тұр. В) Үлбірейді, төгеді гүлдеп иісін.

С) Ол кезде үлбіреген қыз еді. Д)Сарғайған , әбден үлбіреп тозған қағаз екен.

Жауабы: 1.В; 2с; 3 Д;4. А 5.С 6С, 7В, 8д, 9с, 10 в

Бағалау: 1-4 дұрыс жауап: «2»

5-7 дұрыс жауап: «3»

8-9 дұрыс жауап: «4»

10 дұрыс жауап: «5»

ІІІ Жаңа сабақ: Монологтың түрлері. (Сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады)

Үнсіз оқу стратегиясы арқылы оқушылар оқулықтың 87-бетіндегі монолог түрлерімен танысады. (7 минут)

ІV. Мағынаны тану: Топтық тапсырма: (10 минут)

1 - топ: Сипаттау; (3 сөйлемге талдау жасау)

2-топ: Баяндау; (3 сөйлемге талдау жасау)

3-топ: Пайымдау. (3 сөйлемге талдау жасау)

Топ басшылары өздерінің постерлерін қорғайды.

V. Рефлексия.

Не білдім?

Білемін

Білгім келеді

Оқушылар таратылған стикерлерге бүгінгі өткен сабақ туралы пікірлерін жазады, тақтаға жапсырады.

VІ. Үйге тапсырма. 52-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, оның қандай мазмұнда жазылғанына талдау жасаңыз. Сипаттау ма, баяндау ма, пайымдау ма?

Бағалау.



© 2010-2022