Ц дыбысы мен әріп тану

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы «Ц дыбысы мен әрпi»

Сабақтың мақсаты: Ц дыбысы мен әрпiн таныту.Жаңа сөздердi дұрыс айта бiлу.

Бiлiмдiлiк: Сөздердi оқу мен жазуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың бiлiмi мен тiлiн дамыту.Ой-өpiciн кеңейту.Сөздiк қорын молайту.

Тәрбиелiк: Сауатты жазуға, дұрыс отыруға тәрбиелеу.

Tүpi: Дәстурлi сабақ.

Типi: Жаңа сабақ.

Әдici: Түсiндiру,сурақ-жауап, жеке жұмыс.

Көрнекiлiк: Суреттер, интерактивтiк тақта, циркуль, шар.

Пәнаралық байланыс: Математика

Сабақтың барысы: l. Бағдарлау. Ұйымдастыру кезеңi.

Қызығушылығын ояту: «Бұл қай әрiп?»

(суреттер арқылы әрiптердi табу.) ү,н,т,р,а,ф.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. А,к,щ,ё,т,о,ф,х - осы әрiптердi және сөз жазу.

Сұрак-жауап. Өткен сабақты еске тусiру. Ойын «Сиқырлы тақия» сөз,сөйлем құрау. Үй тапсырмасын сұрау,мәтiндi окытқызу.

Сұрақ-жауап арқылы бекiту.

Мағынаны тану.

Мұғалiм: Бүгiнгi сабағымызға сайқымазақ қонаққа келiптi.

-Бұны қайдан көремiз? (оқушы ойы)

-Цирктен ненi тамашалаймыз. (оқушы ойы )

-Сайқымазақ мына суреттi әкелiп сендерден сұрап тұр. Неге ұқсайды? (интерактивтiк тақтадан жұмбақты сурет көрсетiледi)

Көкқұтанша ақ айдында.

Бiр аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда.

Шыр айналып шығады.(циркуль)

Ц-ц-ц- үш рет кайталау. Ь- жiңiшкелiк бeлгici.

Ц-дауыссыз дыбыс, орыс сөзiнен енген, тiл алды, катаң.

(жаңа сөздердi интерактивтiк тақтадан оқыту, түсiндiру)

ЦИРК, ЦЕХ, ЦЕМЕНТ, А-ВИ-А-ЦИ-Я, ОФИЦЕР)

Оқулықпен жұмыс: «Цирк» ,« Клоунның сыры» тақырыптарын оқып түсiндiру, автор суретiн керсету.

Сергiту сәтi.

Дәптермен жұмыс: Ц әрпiн көрсете отырып, таныстыру. Ауада жазу.

Оқулықпен жұмыс: Тақырыпты кезектестiрiп оқытқызу.

Ойын: « Доп алу» сайқымазақпен бipгe ойнайық. Әр доптан сөздер шығады.

Цех, цирк, цемент, циркке бардым.

Сергiту сәтi. Доп болам дөңгелеп,

Ұшсам болам көбелек,

Қолымда таяғым,

Ойыншық қояным.

Ертең мен өскенде,

Күлдiргiш клоун боламын.

Ой жинақтау: ПIЛ K3TI ЕМЕС, ТIЛ K3TI. (оқушыларға оқытқызу)

Сабақты бекiту:

Бүгiн қандай дыбыспен таныстық? Қандай жаңа сөздер оқыдық?

Циркте нелер көп?

Олай болса мына сандарды өсу ретiмен орналастыру керек.

3- рай, 1-жа, 7-дар!, 5-сың

ЖАРАЙСЫҢДАР!

Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу, сұраққа жауап беру. 106 беттегi жазу жолдарын көшiру. (интерактивтiк тақтадан клоун суретi шығып, әр оқушы бағаланады.) Шарлар iшiне түрлi-түстi конфеттер салынады, батырмын деген оқушыга жарғызғанда қызыл-5, көк-4, жасыл-3 конфеттер таратылады.

Ақпаратпен бөлісу:



© 2010-2022