Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың біліміне

Қазақ тілі  пәні бойынша оқушылардың біліміне,тәжірибесіне қарап қабілеттерін дамыту. Қостанай қаласы,№2 мектеп лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қазақ тілі пәні — сабақтарында оқушылардың біліміне,тәжірибесіне қарап қабілеттерін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың  қабілеттерін дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы мен «Дамыта оқыту» технологиясын  тиімді деп есептеймін және сабақтарымда жиі қолданамын. Енді сол жұмыстарымның  кейбір түрлеріне тоқталып өтейін. «Су-тірш... Не білемін? Не білгім келеді? Не үйрендім?       Нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейрімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді. Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымда қолданамын: 1.     Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау. 2.     Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқта...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың біліміне,тәжірибесіне қарап қабілеттерін дамыту.

Қостанай қаласы,№2 мектеп лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Қазақ тілі пәні - сабақтарында оқушылардың біліміне,тәжірибесіне қарап қабілеттерін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың қабілеттерін дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы мен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептеймін және сабақтарымда жиі қолданамын. Енді сол жұмыстарымның кейбір түрлеріне тоқталып өтейін.

«Су-тіршіліктің көзі». Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды топқа бөлемін. Түрлі жұмыстар жасау барысында оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және табиғатта 3 күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей кластер құрастырамын:

Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың біліміне

Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма беремін:

I топ-эссе жазады
II топ-сурет салады
III топ-өлең шығарады

ЭССЕ «Су-тіршілік көзі»»

Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді.Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.

5 жолды өлең:

Су
Мөлдір, түссіз
Ағады, жұғады, жабысады
Ол бізге өте қажет
Сусын.

«Өсімдік пен жануарлардың байланысы».

Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың біліміне

Оқушыларға ой тудыратын сұрақ қоямын: егер адам осы ағашты кесіп алып тастаса не болар еді?.

«Әнші құстар».

Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың біліміне

« Қазақстан жеріндегі өсімдіктер »

Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың біліміне

ББҮ кестесі (кез келген тақырып)

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не үйрендім?

Нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейрімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.

Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымда қолданамын:

  1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

  2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

  3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

  4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

  5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

  6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

  7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

  8. Өлең, мақалдар құрастыру.

  9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

  10. Кейіпкерге мінездеме беру.

  11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.

  12. Рөлге бөліп оқыту.

  13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

  14. Диалог-ертегі.

  15. Образға кіру.

Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземін. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейін. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.

Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың біліміне

І тапсырма «Образға кіру»

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.

Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың біліміне

ІІ тапсырма «Талдау және қиялдау»

Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, тәжірибесін дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.

- Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)

- Екі бала жайында не айтасыңдар?

Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.

Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың біліміне

Жантас

Мейірімсіз, қатыгез, жаман,
әдепсіз, ешкімді аямайды,
балапанды азаптады

Қожа

Қайырымды, мейірімді,қамқорлы,
жақсы, әдепті, жаны ашитын

Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?

Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың біліміне

- Осыны оқи отыра қандай көңіл-күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа ызаландық, ренжідік т.б.)

- Балапанды аядық, көмектескіміз келді.

- Қожаның ісіне қуандық.

- Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?

- Кездескенде не деп айтар едіңдер?

- Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?

- Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?

- Қандай сурет салар едіңдер?

. «Халықтың тәжірибесінсіз педагогика да жоқ, педагог та жоқ» - деген болатын ұлы педагогтарымыздың бірі - К.Д. Ушинский. Халқымыз баланы кішкентай кезінен дұрыс та айқын сөйлеуге үйреткен.

.

Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың біліміне

Қорытынды: өзімнің іс тәжірибемді қорыта келіп, мынадай түйінге келдім.

  1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.

  2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.

3.Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс - әрекетке қабілеті артты.



© 2010-2022