• Преподавателю
  • Другое
  • Қазақ әдбиеті пәнінен презентация: Ақселеу Сейдімбек. Әйел - Анаертегісі (әдеби ертегі)

Қазақ әдбиеті пәнінен презентация: Ақселеу Сейдімбек. Әйел - Анаертегісі (әдеби ертегі)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдбиеті пәнінен презентация: Ақселеу Сейдімбек. Әйел - Анаертегісі (әдеби ертегі)Қазақ әдбиеті пәнінен презентация: Ақселеу Сейдімбек. Әйел - Анаертегісі (әдеби ертегі)Қазақ әдбиеті пәнінен презентация: Ақселеу Сейдімбек. Әйел - Анаертегісі (әдеби ертегі)Қазақ әдбиеті пәнінен презентация: Ақселеу Сейдімбек. Әйел - Анаертегісі (әдеби ертегі)Тақырыбы: Ақселеу Сейдімбек. Әйел- ана

Мақсаты: 1) білімділік: Шығарманың әдеби ертегі екенін, қазақ елінің өткен тарихына назар аудара отырып, ана бейнесін ашу; 2) дамытушылық: сұрақ, тапсырмалар арқылы оқушылардың тапқырлық, сөйлеу дағдыларын дамыту, проблемалық сұрақтарды шешуге баулу; 3) тәрбиелік: шығарма идеясы негізінде ананы аялай білуге, Отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: дәстүрлі

Әдісі: сұрақ-жауап, проблемалық сұрақ, ой толғау, шығармашылық жұмыс.

Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек-сызбалар, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, қазақ тілі.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру. Оқушылардың көңіл-күйін қадағалай отырып, сабақ барысымен таныстыру.

Жаңа сабақ.

Кіріспе бөлім.

Айтатын бір, Ей,адамдар, Шертетін бір - Құрметтеңдер ананы Сөзім бар. Ей,адамдар, Ей, адамдар, Сыйлаңдар ата-ананы, Үнсіз ғана ұғыңдар, Біздер үшін - Жүрегімнің түкпіріне орнатқан Түн ұйқысын төрт бөлген Анашыма ұсынатын гүлім бар! Сендер де бір сәт ойлаңдар -

ата-ананы!!!

Ой қозғау. М.Дулатовтың «Кім, балалар, сендерді сүйетұғын?» атты өлеңін бір оқушыға жатқа айтқызып, оқушыларға ой тастау.

«Ең жақын адамды кім сүйеді екен?» сұрақ қою арқылы тақырыпқа сілтеме беру.

Слайд (Аналар жайлы)

Тақтамен жұмыс (күн тәртібі, тақырып жазылып қойылады)

Топтастыру стратегиясы

Топтастыру стратегиясын оқушылар сұрақ қою арқылы жазып шығады.

- Ана жайлы, Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

(Оқушылардың есте сақтау қабілетін байқау)

Негізгі бөлім

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, ана - мәңгілік тақырып, бұл ұлы есімді дәріптеп, толғана отырып жазбаған ақын-жазушы жоқтың қасы.

(Мұғалім ана туралы өлең оқиды)

«Жұмақ - ананың табанының астында» деп хадисте бекер айтпаған. Өздерің атап өткендей ана, ең алдымен, адам баласына өмір сыйлайды. Тәрбие береді. Осындай тәрбиелілігімен, ақылдылығымен бір дүйім елді құтқарып өмір сыйлаған әйел-ана жайлы ой қозғайық.

Оқулығымызда бұл тақырып болмағанымен, бағдарламаға енгендіктен, ізденіп оқуларыңа тапсырма берілген болатын. Тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында слайдқа назар аудара отырып,төмендегі зымыран сұрақтарға жауап беріңдер

Слайд. А.Сейдімбек. «Әйел-ана»

Зымыран сұрақтар:

  1. Ертегінің авторы кім?

  2. Авторы бар ертегілерді қалай атаймыз?

  3. Күншуақ елінің табиғаты қандай?

  4. Жаудың қолына түскен Күншуақ елі қандай халде болды?

5 . Әмірші әйел-аналарға қандай тапсырма берді?

Оқулықпен жұмыс (Шығарманың көшірмесі тарқатылып,оқушылардың ізденуіне мүмкіндік беріледі)

Слайд

«Мені ізде»

1) Ананың сөзі (Оқушыларға әңгімеден ананың сөздерін таптыру);

Күншуақ елі

2) Кейіпкерлерін атау Кейіпкерлер Әмірші

Аналар

Шығармашылық жұмыс (Музыка қойып қою)

1)Ойтолғау. «Менің анам» (5-6 сөйлем). 2) Ана жайлы өз өлеңдері . 3) Ақындардың өлеңдерінен үзінді айту. 4) Күншуақ елі жайлы салған суреттерімен жұмыс 5) Әйел-анаға сый-құрмет (Қолөнер жұмыстарын тапсырады)

Үйге тапсырма 1.Ертегіні оқып, мазмұндау; 2.Рольге бөліп, көрініс көрсету.

Бағалау

© 2010-2022