Фразеологизмдер-ұлттық мәдени өмірдің көрінісі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Фразелогизмдер - ұлттық мәдени өмірдің көрінісі

Халықтың тарихын, ұлттық болмысын, мәдени танымын т.б. жан-жақты толық сақтап, ғасырдан-ғасырға, атадан балаға аманат етіп жеткізуші, өткенімен бүгінін бір-бірімен байланыстырушы тіл екені белгілі. Академик Ә.Қайдаров тілдің бұл қызметін кумулятивтік қызмет деп атап көрсетті. «Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның бет-бейнелері біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазулар арқылы, мәдени ескерткештер мен әртүрлі ғимараттар ретінде жетуі мүмкін, бірақ бәрі этнос өмірінің мың да бір елесі ғана. Оның шын мәніндегі даналығы мен дүние танымы тек тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет құрал-сайманның, қару-жарақтың, киер киім мен ішер тамақтыың тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі, той-томалаққа айланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері ретінде, яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер арқылы ғана бізе жетуі мүмкін. Әсіресе, жазу-сызу болмаған халықтарда осыншама мол дүниені тіл мен ауыз әдебиетінен басқа жадында сақтайтын тәсіл жоқ», - деп атап көрсетеді [23].

Осыдан келіп, тіл мен сол тілде сөйлеуші халықтың ажырамас бірлігі туындайды. Екеуі бір-бірінсіз тіршілік етпейді. Бұны ғылым тілінде этнолингвистика дейміз. Негізінен алғанда тілдің өзі халық мәдениетінің негізгі және ең алғашқы түрі екені даусыз. Халық мәдениетінің қайнар көзін этнолингвистика ғылымы қарастырып, әртүрлі аспектіде зерттейді.

Тіл білімімен айналусышылар XVIII ғасырға дейін тілді халықтан тыс алып, ажырамас осы екі ұғымды екі бөлек байланыстырмай қарастырған. Бұның себебін ежелгі үнді , қытай, грек, рим, европа және орта ғасырлардағы лингвистикалық ілімдер бойынша тілдерді салғастыру дегеннің болмағаны мен тек ана тілдерінің ғана жеке зерттелгенінен көруге болады.

Ең алғаш бұл қағиданы бұзғандар арабтар болды. Бұған басты себеп: халифат мұсылмандарына, яғни мұсылман дінін қабылдаған әртүрлі ұлт өкілдеріне араб тілін үйретуге мәжбүр болды, өйткені қасиетті Құран кітабын басқа тілдерге аударуға тиым салынған.

© 2010-2022