Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)Сыныбы: 8ә

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Қарсылықты сабақтас құрмаластың жасалу жолдарын меңгерту, салаластан айырмашылығын талдау арқылы ұғындыру;

  2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, құрмалас сөйлем туралы алған білімдерін жүйелеу;

  3. Тәрбиелік: тіл құдіретін сезіне білуге , дәстүрімізді қастерлеуге тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: салыстару

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу;

Түгелдеу;

Оқушы назарын аудару.

«Миға шабуыл»

Ана тілің - асыл қазына,

Байлығың білсең, ол сенің.

Жеткізер өмір жазына,

Сонымен өсер өркенің,- деп ақын ағаларымыз жырлағандай, ана тіліміз, қазақ тілі сабағын бастайық.

ІІ Үй жұмысы

Сұрақ-тапсырма

  1. Құрмалас сөйлем неліктен салалас, сабақтас және аралас болып бөлінеді?

  2. Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз не?

  3. Жай сөйлем құрмалас сөйлемнің айырмашылығы

  4. 128-жаттығу Салаласа байланысқан сөйлемдерді сабақтастыра байланыстыру.

Жаңа сабақ

Түсіндіру

1.Электрондық оқулықтан тыңдау.

2.Кесте бойынша жасалу жолдары (слайд)

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

1.Шартты рай

-са да

(-се де)

Қайтсе де?

Не етсе де?

2.Көсемше

-ған мен

(-ген) ша (ше)

Қайткенмен?

Не еткенмен?

Қаткенше?

Не еткенше?

3.Есімше

-ған+ы болмаса

(-ген+і)

Қайткені (не еткені) болмаса?

Оқулықпен жұмыс

129- жаттығу. Көшіріп жазып, қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем баяндауыштарының астын сызыңдар.

Әлдене қызы болғанмен , Салтанаттың өзіне Абайды кепілге бермейтін болыпты.

131- жаттығу. Сатылай кешенді талдау: сөз құрамына, лексикалық-грамматикалық мағынасына қарай, құрмалас түріне қарай синтаксистік.

Семантикалық карта.

Салаластың түрлері

Сөйлемдер

Шартты рай

Көсемше

Есімше

1

Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды.

2

Бір сөзді қайталай бергенше, менің комбайнды қалай жүргізгенімді айтсаңшы.

3

Жастар білім жағынан артық бола тұра, тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.


Сабақты бекіту.

Сұрақ

  1. Есімше арқылы қарсылықты бағыныңқы қалай жасалады?

  2. Шартты райдың болымсыз түрінен жасалаған қарсылықты бағыныңқы сабақтасқа мысал келтір.

  3. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас дегеніміз не?

  4. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас пен қарсылықты салаластың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Қорытынды.

Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы тсабақтас дейміз.

Үйге тапсырма.

130-жаттығу. Сабақтаса байланысқан сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу, талдау.

Бағалау.



© 2010-2022