Баяндама Адамгершіліктің негізі - Өзін - өзі танудан басталады

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Адамгершіліктің негізі - Өзін -өзі танудан басталады



Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»

Сара Назарбаева

Бүгінгі таңдағы оқытудың ең негізгі мақсаты - жеке адам қалыптастыру. «Өзін - өзі тану» пәні мемлекетіміздің ертеңгі азаматтары болатын, бүгінгі жас жеткіншектерге рухани -адамгаршілік тұрғыдан бағыт - бағдар беру міндетін атқарып отыр. Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар- еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы. Өз халқы мен салт -дәстүрін, мәдениетін, тарихын құрметтейтін, өз тілін терең білетін жоғары адамгершілік қасиетті тұлға тәрбилеу ұстаздың борышы. Адамның рухани қасиеттерге ие болып, қалыптасуы өмірге келген уақытынан басталуы керек. Балаға жастайынан адамгершілік, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіре білсек, баланың болашағын берік қалағанымыз. Адамгершілік - адамның қоғамдық өмірінің негізі. Себебі, адамның қоғамдағы орны оның адамгершілігімен, ізгілігімен, қарапайымдылығымен және қайырымдылығымен ардақталып, анықталады. Осы қасиеттерді баланың бойына бүлдіршін, балалық шағынан сіңіруде бұл пәннің орны бөлек.

«Өзін-өзі тану» пәні - баланы, мейірімділікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке,отансүйгіштікке, ата-ананы, отбасын, үлкенді сыйлауға және табиғатты аялауға үйретеді. Адам бойына сыпайылық, кішіпейілдік, жанашырлық, сыйластық, инабаттылық секілді қасиеттерді дарыту және өзгелерді құрметтей білу, сыйлау, тыңдай білу, адамдарға қол ұшын беріп көмектесуді де оқыту «Өзін-өзі тану» пәнінің еншісіне тиеді.
Қай заманда болмасын, адамзат алдындағы ұлы мақсат-мұраттардың бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын сауатты, салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі - болашақ қоғам тәрбиесі. Сол болашақ қоғам иелерін сауатты да, салауатты, саналы да сапалы, ой-өрісін озық етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы маңызды мәселе.Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білген жағдайда ғана жүзеге асады. Осы орайда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңызы өте зор.

Ұрпақ тағдыры - ұлт тағдыры дейді дана халқымыз.Олай болса, ұлттың болашағы - оның білімді талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Еліміздің ертеңі қазіргі жас ұрпақтарды тәрбилеуде жасап жатқан барша істерге сәттілік тілейміз.

© 2010-2022