Әскери міндеттілік және әскери қызмет (11 класс)

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әскери міндеттілік және әскери қызмет.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ҚК толықтыруды, әскери қызметке шақырушылар мен әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлауды, әскери қызметтен босату жөніндегі және әскери қызметті өтеу үшін жасалынатын келісім-шарт жүйелерімен таныстыру.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» ҚР Заңы.

Сабақтың барысы:

а) Кіріспе- 3 мин.

Сапқа тұру, сәлемдесу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

ә) Үй тапсырмасын тексеру- 10мин.

  1. Қақтығыстардың негізгі түрлері қандай?

  2. Бейбіт уақытта әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылады?

  3. Қауіп төнген және әскери қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттер қандай?

б) Негізгі бөлім - 25мин.

Әскери қызмет өтеудің түрлері. ҚК толықтырудың түрлері. Әскери қызметке шақырушылар мен әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлау. Әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары. Әскери қызметті өтеу үшін жасалынатын кеісім-шарт жүйелері.

Әскери міндеттілік және әскери қызмет.

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңның жалпы ережелерінде республиканың қазіргі Конституциясының талаптарына сәйкес, елді қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің басты қызметіне жататыны және Қазақстанның барлық халқының ісі болып табылатындығы айтылған.

Заңда заңды түрде әскери қызметшілердің құрамы, әскери атақтар мен оларды беру тәртібі, әскери киімді кию тәртібі бекітілді. Заңда әскери қызмет түрлері анықталды, әскери қызмет мемлекеттік қызметтің айырықша түрі екендігі, оның мемлекеттік қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда басымдылыққа ие екендігі көрсетілген.

Шақыру учаскелеріне тіркеу мен мерзімді әскери қызметке шақыру ҚРП-нің Жарлығы негізінде өткізіледі және оны шақыру комиссиялары жүргізеді. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі комиссияның құрамын жыл сайын жергілікті атқарушы орган бекітеді. Азаматтарды әскери қызметке шақыру аудандық шақыру комиссиясының шешімі бойынша мынадай негіздер бойынша: - отбасы жағдайы бойынша; білімін жалғастыру үшін; денсаулық жағдайы бойынша; басқа да себептер бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін.

Бейбіт уақытта шақыру бойынша әскери қызметке шақырудан - әскери қызметті өткеріп жүрген немесе өткерген; денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған; 27жасқа толғаннан кейін мерзімді әскери қызметке заңды негізде шақырылмаған; әскери қызметті өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інісі немесе апа-қарындасы) қаза тапқан, қайтыс болған немесе 1 немесе 11 топтағы мүгедек болып қалған; басқа мемлекетте әскери қызмет өткерген; ғылыми дәрежесі бар азаматтар босатылады.

Заңды түрде әскери қызметке ерікті түрде келісім-шарт негізінде қабылдау механизмі, кімнің қабылданатыны, оның қандай талаптарға жауап беруі тиіс екендігі белгіленді.

Заңның 6 тарауы әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздерін баяндайды. Әскери қызмет мерзімі: мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін -12 ай; әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер үшін -24 ай; келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін - әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт көрсетілген мерзім.

Заңда әскери қызметшілердің әскери қызметте болуының шекті жасы белгіленген:

  1. подполковникке (11 дәрежелі капитанға) дейін, подполковникті (11 дәрежелі капитанды) қоса алғанда - 45 жас;

  2. полковниктерге (1 дәрежелі капитандарға) - 53 жас;

  3. генерал-майорларға (контр-адмиралдарға) және генерал-лейтенанттарға (вице-адмиралдарға) - 58 жас;

  4. генерал-полковниктерге (адмиралдарға) және одан жоғарыларға - 63 жас.

в) Қорытынды бөлім - 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. ҚР Заңы бойынша ҚК-ді толықтырудың қандай түрлері бар?

  2. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді даярлау қалай жүргізіледі?

  3. Азаматтарды әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары туралы айтыңдар.

  4. Әскери қызметті өтеу туралы заңда қандай құқықтар қарастырылған?

  5. ҚР ҚК-інде әскери қызметшілер үшін әскери қызметті өтеудің заңда қандай мерзімі белгіленген?

АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы: Ж. Асаубаев









© 2010-2022