Электронды окыту жуйесі заман талабы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Электрондық оқыту жүйесі - заман талабы


ЭЭлектронды окыту жуйесі заман талабылектрондық оқыту жүйесін (e-learning) білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу білімді, оқу сапасын басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.

Биылғы оқу жылынан бастап Қазалы қаласындағы Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте электронды оқыту жүйесі бойынша оқушыларға дәріс берілетін болды. Жобаға енген мектепке интернеттiң сымдық және сымсыз WI-FI желiсi орнатылды. Оқытушылар дербес компьютерлiк техникамен, интерактивтiк жабдықтармен қамтамасыз етiлуде. Заманауи дербес компьютерлер, ноутбуктер, моноблоктар, интерактивтiк және мультимедиялық проекторлар орнатылады. Сонымен қатар мектептің АКТ залына Мультимедийный цифровой подиум (Трибуна) құрал жабдықтар акелинип құрылды. Мектептің информатика пәнінің мұғалімі Баймаханова Бағым Қызылорда қаласындағы білім жетілдіру институтында курстан өтіп келсе, мектеп бағдарламашысы Берденқұлов Тимур Алматы қаласындағы «ӨРЛЕУ» Республикалық білім жетілдіру институтында курстан өтіп келді.

Электрондық оқыту жүйесінде әкімшілік, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.

Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады.

Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі жергілікті және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.

Міне, жоғарыда атап көрсетілгендей, біздің алдымызда осындай келелі міндеттер тұр. Мемлекет өз кезегінде ақпараттық технологиялардың дамуына, білім беру мекемелерінің компьютерлік, интерактивті техникамен, мультимедиалық кабинеттермен жабдықталуына жағдай жасап отыр.

Берденқұлов Тимур,

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектептің бағдарламашысы


© 2010-2022