Баяндама Бала тәрбиесіндегі ойышықтардың ролі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бала тәрбиесіндегі ойыншықтардың рөлі

Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі

Балаңызға дұрыс ойыншық таңданыз!

Дүкен сөрелеріндегі көздің жауын алатын алуан түрлі ойыншықтар балалар түгілі ересектерді де баурап алатыны сөзсіз. Оның бағасына да, сапасына да қарамастан бірден бүлдіршіндерімізге сатып алып береміз. Бұл дұрыс емес дейді психологтар. Алдымен ойыншыққа ойыншық деп емес, оны бала тәрбиесіне көрсететін құрал ретінде қарау керек. Ойыншық баланың көңілін көтеріп қана қоймайды. Сондай-ақ оның сана-сезімін сергітуге көмектеседі. Алайда үлкендер ойыншыққа ойыншық қой деп немқұрайлылық танытады. Тіпті көп жағдайда немен ойнау керектігіне де мән бермейді. Сонымен бірге ойыншықты баланы алдау мен көңілін жұбату үшін ғана пайдаланады.

Халық даналағында «ойнай білмеген ойлай да білмейді» дейді. «Ойында озған, өмірде озады» деп жатады. Осы сөздердің сырына жүгінсек, біз 2-5 жастағы балақайлардың біз ойын арқылы сөйлеу тілін, олардың достарымен қарым қатынас жасауына және де мінез-құлықтарының дұрыс қалыптасуына үлкен көмек көрсетеміз.

«Қазақта бала ойын арқылы өседі» деген дана сөз бар. Ал ойын не арқылы жүзеге асырылады? Әрине алдымен ойыншық екені бесенеден белгілі. Ойыншықтардың қазіргі уақытта түрлі - түрлісін сатып алуға болады. Бірақ та бұл ойыншықты қалай дұрыс таңдау керек? Оның балаға қандай әсері болу керек деген кезде ата-аналараға үлкен кеңестер қажет болып жатады. Біз балабақшаға ойыншықтарды таңдап алған кезде ең алдымен оның сапасына мән береміз. Яғни, баланың денсаулығына, өміріне қауіп төндірмейтіндей болу қажет. Одан кейін бояуларының барлығы сапалы болу керек. Бала кез келген нәрсені тістеп немесе қолымен ұстап көреді.

Қорыта келгенде, ойын балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл-өмірдің заңдылығы.



© 2010-2022