ПРЕЗЕТАЦИЯ Әр жылы 16желтоқсан

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіздік туын желбіреткен...

Әр жылы 16 желтоқсан - қазақ елінің Тәуелсіздік алған күнін үлкен дайындықпен атап, оның мәнін өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні бар іс-шаралар арқылы жеткізгіміз келетіні, біз, ұстаздар қауымы үшін жүктелген ұлы міндеттердің бірі деп ойлаймын...

Ел басына күн туған шақта, туған жерді жаудан құтқарып, еркіндіккке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірген - Ұлы халықпыз. Соның бірі - 1986 жылдың желтоқсаны. Тарих бетіне үңілген сайын, ата-бабамызға үш ғасырға жуық уақыт бойы арман болған тәуелсіздік осы ызғарлы желтоқсан оқиғасымен жеткендей түйіледі.

«Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындықтың белгісі»,- деп ұлтын сүйген азамат Бауыржан Момышұлы айтқандай, туған елінің мүддесін жан-жүрегімен сезінген, халқының тәуелсіздігі үшін қасық қанын қиып, қыршын өмірін құрбан еткен жастарымыз жайлы тебірене сыр шертпесек, толғана ой қозғамасақ, аға буын, бізге сын.

Әлі есімде, 1986 жылдың қақаған суығы, яғни 16 желтоқсанында Алматы алаңында небары 18 минутқа созылған естен кетпейтін жиын болады. Онда елімізді ширек ғасыр бойы басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев алынып, оның орнына шеттен келген « шүрегей » Геннадий Колбин сайланыпты деген қауырт сөз Қызылордада оқып жүрген біздің де құлағымызға жетеді. Бұл тек қана қазақ ұлтына ғана емес, басқа ұлт өкілдеріне де үлкен ой салды. Ал өз жерінде бөгде біреудің басшылық жасауы - қалың қазақ, алты Алаштың намысын оятты. Сөйтіп қазақ халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығынан туындаған - Желтоқсан оқиғасы тарих бетіне жазылып, мәңгілікке орын алды.

Әр тарихтың парақталуы өз қаһарманын табады.Тарих бетіне Тәуелсіздікпен бірге Қайрат, Сәбира, Ләззат, Ербол сынды аптал азаматтарымыз бүгінгі таңның шапағатын алып келді. Қуғын-сүргіннің зардабын шеккен М.Жұмабаевтың « Мен жастарға сенемін » атты ұранын жастар өз жігерлілігімен, қамал бұзар қайсарлығымен дәлелдей келді. Ата-бабаларымыздың арманын орындады. Қазақ елінің Тәуелсіздігін орнатты. Дүйім ел риза болды.

Дүрліккен елдің көтерілген көңілі мен қатар, есітетін суық хабары да аз емес екен. Атышулы Желтоқсан оқиғасына ат салысып, көтеріліске шыққан жастарға тағатын жазықсыз жазалары да шаш етектен болды... Іле-шала естігеніміз: жалған жаламен жүзге жуық адам сотталса, жоғары оқу орындарынан - 265-і, комсомол қатарынан - 758-і, коммунистік партия қатарынан - 52-і шығарылған деген ақпараттар тарады.

Қайраттың «ақтық сөзіне» құлақ түрсек, алаңға жаман оймен бармағанын байқаймыз. Ел жиналған алаңға барудағы мақсаты да не болып жатқанын өз көзімен көру екен. Қазақтың уыздай жас, ару қыздарын жендеттерден қорғауға барғанын да жасырмайды...

«Ер қатарында, ер қара боп саны бар, сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспін; құдайға шүкіршілік, кеудемде нағыз ерге лайық намыс баршылық. Оның үстіне "Қыздың жолы жіңішке" деген. Менің түсінігімше, әйел адамдарға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың - хайуандардың еркегі де - ұрғашысына мүйіз болмаса, тұяқ көтермейді. Ал, біз, бәріміз де аң емес, адамзаттың ұлы - адамбыз... Міне, қысқаша айтқанда, осындай түсінікпен, әйел затына ер болып, өз қол ұшымды беріп көмектесуге, оларды арашалап - қорғау үшін барғаным рас. Сол жерде қолымнан келгенімше бар көмегімді бергенімде рас. Ол үшін әлі күнге дейін өкінбеймін, керісінше үлкен мақтан тұтамын. Бірақ та бір құдай өзі куә, адам баласын өлтіргенім жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзі, сор маңдай сенің қолымнан келмейді. Еш уақытта, ешқашанда. Ал, әйел затына айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, көкпарша сүйрегені үшін бір милицияны ұрып - жыққаным рас. Ол адам күні бүгінге дейін аман - есен, зыр жүгіріп жүр. Өз қолыммен жасаған бір теріс қылық, бар қылмысым осы ғана...»,- деп түйіндейді өз сөзін рухани бай, намысшыл Қайратымыз.

ПРЕЗЕТАЦИЯ Әр жылы 16желтоқсан

Демек, бүгінгі таңда ұрпақ алдында тебірене жырлайтын « Желтоқсан оқиғасы » XX ғасыр еншісіндегі Тәуелсіздікті алып келген елеулі оқиға. Бұл оқиға - саяси-әлеуметтік құбылыс. Өйткені бұл жастар көтерілісі бүкіл тоталиатарлық-коммунистік жүйенің күйретушісі болды. Бізге де керегі сол еді...

Көптің тілегімен, одан қалды ұлтымыздың біртуар азаматы, ақын М.Шахановтың тікелей араласуымен Алматы алаңындағы оқиғаға байланысты жазаға тартылғандарды бүгінгі күні Елбасы жарлығымен ақтап алды.

Әлі есімде, дәл сол жылы, яғни 1986 жылы 19 желтоқсанда сол кеңес заманындағы астанамыздың жүрегі - Москвада М.Шахановтың шығармашылық кеші болатын. Жыр сүйер қауым, әдебиет қайраткерлері кештің өтуін көптен күтіп жүр еді. Мына көтерілістен соң, күпті көңіл күдіктен арыла алмай дал болды. Кейін « Жалын» альманахынан М.Шахановтың «жоғарыдағыларға» «желтоқсандықтарды ақтап алу» үшін жазған хат, мақалаларын оқи отырып, ел азамататарының, Е.Евтушенконың айтуынша, кештің керемет өткенін, қазақ халқына, ақынына деген ілтипатын орындарынан қайта-қайта тұруы арқылы білдіргенін естіп, марқайып қалдым.

Мейлі, қандай қиындық болса да, қасқиып тұрып жеңе білген, елдікті, бірлікті, ерлікті ойлаған жастарымыздың Тәуелсіздік үшін тіккен туы көкте желбірей түскенін қалаймын.

Туған еліміздің тарихы мен тылсым сырларына күш жігерін, білім-танымын, өмірін арнайтын Тәуелсіз елдің жас буыны қажырлы қайратымен, бойындағы өшпес өнерімен болашаққа жетелесін дегім келеді.

Өзім желтоқсан оқиғасының қалай болғанын, жалындаған жастарымыздың рухани тазалығының арқасында жарқыраған болашаққа жеткенін көрдім. Ал өскелең ұрпақтың сол жеңіске қуана отырып, халқымыздың қазынасы - тілімізді шұбарламай, өз елінің еркін азаматы болуымен қатар, ұлттық сезімі оянған, мақсат, мүддесі айқын, биік белестерді бағындыратын Қайраттай алып тұлға болуын қалаймын.

© 2010-2022