Сын есім тақырыбындағы қазақ тіліне арналған сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сын есім тақырыбындағы қазақ тіліне арналған сабақ жоспарыСын есім тақырыбындағы қазақ тіліне арналған сабақ жоспарыСын есім тақырыбындағы қазақ тіліне арналған сабақ жоспарыСын есім тақырыбындағы қазақ тіліне арналған сабақ жоспарыСын есім тақырыбындағы қазақ тіліне арналған сабақ жоспарыСын есім тақырыбындағы қазақ тіліне арналған сабақ жоспарыСын есім тақырыбындағы қазақ тіліне арналған сабақ жоспарыСабақ тақырыбы:Жыраулар поэзиясы

Сабақ мақсаты:1. Жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап,кеңейтіп,пысықтайды

2. Жырларды мәнерлеп,салауатты оқи білуге баулиды,есте сақтау,ойлау

қабілеттерін дамытады.

3. Отансүйгіштікке,елін қорғауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: Кесте,жыраулар портреті

Сабақ түрі: Жыраулар тақырыбын пысықтау

Сабақ әдісі:сұрақ-жауап,талдау,топпен жұмыс,жатқа айту,интерактивті тақтамен жұмыс

Сабақ барысы:I.Ұйымдастыру сәті

II. Үй тапсырмасын пысықтау

Қазақ әдебиетінің тарихи даму кезеңдері:

Тарихи даму кезеңдері

Аталуы

VIII-IX ғасыр

XV-XVIII ғасыр

XIX-XX ғасыр

Ежелгі дәуір әдебиеті

Жыраулар поэзиясы

Қазіргі әдебиет

Жырауларды қазақ әдебиетінің негізін салушылар дейміз. Олай болса,жыраулар поэзиясының басты өкілдері кімдер?

Асан қайғы

Бұқар жырау

Жыраулар поэзиясының Қазтуған

Шалкиіз басты өкілдері

Жиембет

Ақтамберді Доспамбет

.

Cұрақ- жауап:

Толғау дегеніміз не?

Толғау-қазақ әдебиетінде ақындар шығармашылығында,әсіресе жыраулар поэзиясында жиі орын алған жанр

Жырау деген кім?

Жырау-өз жанынан жыр шығарып айтатын,суырып салып айтатын және шешендік қасиеті бар дарынды ақын,ақылгөй дана,ойшыл адамдар.

Жыршы деген кім?

Жыршы-жыр айтушы,таратушы.

«Ой қозғау» стратегиясы

Біз оқыған жыраулар кімдер екенін білу үшін мына жыр жолдарын,толғауларды кімдер жазғанын табуымыз керек.

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады

Асан қайғы

Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кәпірдің

Арасын бұзып дінді ашқан,

Сүйінішұлы............

Қазтуған

Қоғалы көлдер,қом сулар

Кімдерге қоныс болмаған

Саздауға біткен қара ағаш

Кімдерге сайғақ болмаған Шалкиіз

Арғымаққа оқ тиді

Қыл мықынның түбінен,

Айдаметке оқ тиді

Отыз екі омыртқа буыннан Доспамбет

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ. Бұқар жырау

III .Мағынаны тану.

1. Шал ақын - Тілеуке Құлекеұлы. 1748жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Х Халық ақыны.

2. Әкесі кім? (батыр,Абылай ханның сенімді батыры,қолбасшы)

3. Анасы кім?(үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидің қызы)

4. Тілеукенің Шал ақын атану себебі?

5.Шал ақынның тұңғыш өлеңі?

6. Өлеңнің шығу тарихы?

IY.» Өлең - сөздің патшасы...«

Толғаулардан үзінді жатқа айту.

Шығармашылық жұмыс.

- Балалар ,бүгінгі сабақтан қандай ой түйіндедіңдер?



  1. 1.Менің ойымша, .......

  2. 2. Менің түйіндегенім,.....

Олай болса, жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай?

Қорытындылау. Тест

1.Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды?

А. ХII-ХIII Б.ХII- Х Y В.ХV- ХIII

2. Жырау деп кімді айтады?

А. Ғалымды Б. Терең мағыналы ой толғайтын кемел ақынды В. Патриотты

3. Жыраулар поэзиясының атасы.

А. Асан қайғы Б. Жиембет В. Шалкиіз

4. Жыр қандай сөзбен айтылады?

А.жазбаша Б. Қаратпа В. Қара

YI. Бағалау

YII.Үйге тапсырма: Оқу, шығармаға әзірлік.







Cабақ тақырыбы: Сын есім

Сабақ мақсаты: 1. Сөз таптары туралы білімдерін пысықтай отырып,сын есім

туралы түсініктерін кеңейту.

2.Сөйлеу қабілеттерін дамыту, іскерлік шығармашылықпен

Істеуге баулу.

3. Белсенді болуға ұмтылдыру.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Көрнекілік: үлестірме қағаздар, слайдтар

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, топтық, жеке жұмыстар

Сабақ барысы: 1. Ой қозғау

  1. Тест

  1. Сөйлемдегі зат есімді тап. Қызық кітап оқыдым.

А. Қызық Б. Кітап В. Оқыдым

2.Деректі зат есім

А.қиял Б. Ақыл В.адам С. Арман

3.Күрделі зат есім. Мектепке көп ата-аналар келді.

А. Мектепке Б. Көп В. Ата-аналар С.келді

4.Дерексіз зат есім

А. Есік Б. Кітап В. Қол С. Қиял

5. жалпы есімді белгіле

А. Құлагер Б. Ақтау В. Тау С. Балқаш

6. Жалқы есімді белгіле

А. Көл Б. Газет В. Қала С.Тайбурыл

7. Туынды зат есім

А. Айтыс Б. Он бес В. Бала-шаға С. Көл

8. Негізгі зат есім

А. Қойшы Б. Сары В. Ал С. Тау

Сөз таптары

II Мағынаны тану

Заттардың алуан түрлі белгілері ,қасиеттері болады. Мыс: қалам

Көлемі: үлкен, кіші

Түсі: ақ, көк

Салмағы: ауыр, жеңіл

Сапасы: қатты, мықты

Көрінісі: жуан, жіңішке

Ереже: Заттың түрін, түсін ,сапасын, салмағын білдіреді.

Сұрағы: Қандай? Қай?

III Оқулықпен жұмыс.

127- жаттығу

I топ Елтаңбаны суреттеп жазу.

II топ Туды суреттеп жазу

128- жаттығу (орта үлгеретін оқушылар)

Терең құдық,терең ор, әдемі қыз,әдемі қыз, әдемі көйлек, әдемі көз, жеңіл киім,

жеңіл доп, ұзын жіп.

131- жаттығу

Сын есім тіркескен сөздерімен теріп жазу. Ақ әжем, гүл әжем, алтын әжем.

IYШығармашылық жұмыс. Ойтолғау

«Менің әжем»

Венн диаграмасы

Затесім Сын есім

ЗаттыңатынбілдіредіЕкеуі де сөзтабыЗаттыңтүрін,түсін,сынын

Кім? Не Білдіреді.Қандай?қай?



Y Беркіту, бағалау

YI Үйге тапсырма:«Дүкенде» сын есімді қатыстырып әңгіме құрастыру.



Тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы

Мақсаты: 1. Қазақ халқының әдет-ғұрып ,салт- дәстүрін қыз балалардың бойына

сіңіру.

2.Әдептілік, инабаттылық, шыншылдыққа баулу.

3.Ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте.

Барысы: IҰйымдастыру сәті

Жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаз аналар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді 8-нау-

Рыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық

Мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

Қазір аналар мен қыздар сайысын тамашалайық. Сайыстың мазмұны:

  1. «Салт- дәстүр- асыл қазынам»

  2. Әндікөбіректыңдайсыз ба?

  3. «Мақал- сөздіңмәйегі»

I Сайысымызды бастамас бұрын мейірімге толы жылы сөздер айтып көңілімізді көтеріп алалық.

1 оқушы: Кім сендерді , балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?

2 оқушы: Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын

3 оқушы: Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнтып сергітетін!

4 оқушы: Жалқау болсаң, балалар жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

5 оқушы: Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?

6 оқушы: Бетін жуған жасымен сорлы анаңа

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

7 оқушы: Кім сағынар, сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

Бәрі: Ол - Ана.

Жүргізуші: Ана, осы бір жалғыз ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына

Жатыр. Ананың балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірімі, ақ

тілегі, сәби үшін қаншама қиындыққа төтеп беретін төзімділіктің бәрі тек осы сөзге сыйып тұрғандай.

Анаға ән арнамаған әнші де, күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім.

Оқушы: Ақын боп әділдікті жақтап өтем,

Ананың ақ үмітін ақтап өсем.

Әдеп пен инабатты ақтап өскен,

Қазақтың аруларын мақтан етем.

8 наурыз күні құтты болсын,

Аналар мен арулар мерекесі!

Жылысөздерадамғақуатбереді, өміргедегенсенімділіктіарттырады.

Аналар мен қыздарғаарнағансұрақтарымыздыбастаймыз.

IIСалт- дәстүр -асылқазынам

Аналарға:

1. Еттентабақтартудәстүріненсұрақ. Қыздартабағынақандайетмүшелері

салынады?

  1. »Абысын тату болса , ас көп» дегенсөзбар.Сондағы «абысын» кім?

  2. Таукесертойытуралы не айтуғаболады?

  3. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» дегендегіжиенкім?

  4. Қандайжілікқызбалағаберілмейді?

Қызбалаларға:

  1. Қазақхалқыныңұлттықкиімдерінатаңдар.

2. .Қазақхалқыныңқандайұлттықтағамдарынбілесіңдер?

3.Қазақеліндеертеденкележатқанқандаймейрамдардыбілесіңдер?

  1. .Қыздарғаарналғансәндікзергерлікбұйымдар

5.Ұлттық ойындардың түрлерін атаңдар.

Би: Беларус биі .

III Мақал - сөздің мәйегі

Ата дәстүр- абырой көтергенге,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде.

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз , мақал мен мәтелдерге.

Аналар қыз балалар туралы, ал қыз балалар аналар туралы мақал

Айтады.

Хор: «Аналар»

IYҚорытынды

8 наурыз мерекесінде аналарымыз, әжелеріміз қаншама жылы лебіздер

естиді десеңші!

Ерлері мен бауырлары , ұлдары мен немерелері келісіп қойғандай оларға

«Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адамсың» деген сөздерді ай-

Тады. Иә, бүгін олардың күні, сол мереке қашан да бола берсін!













© 2010-2022