- Преподавателю
- Другое
- Поурочный план по казахскому языку 5 класс
Поурочный план по казахскому языку 5 класс
Раздел | Другое |
Класс | 5 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Сакенова Г.С. |
Дата | 15.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: ІІІ
5.Мұғалім: Сакенова Г.С.
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Күй»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, поэманың негізгі идеясы мен мазмұнын меңгерту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: : І. Жансүгіров портреті, «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.
-
1894 жылы 14 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында туған.
-
4 жасында анасынан айырылып, әке тәрбиесінде өскен.
-
1911 жылы ауылдағы қазақ - татар тіліндегі бастауыш мектепті бітіреді.
-
Ташкетте қазақ - қырғыз институтында, 1925 жылы Мәскеуге оқуға кетеді.
-
1928 жылы коммунистік журналистика институтын бітіреді.
-
Балаларға арнап әдемі өлеңдер жазған.
-
Шығарманы жоспарлау.
І кіріспе:
а) Қобызшы туралы.
ІІ негізгі бөлім:
а) «Бозінген күйі» туралы.
ІІІ қорытынды:
а) Күйдің адам өміріндегі маңызы
VІ. Түсінік тексеру:
1.«Талдау» стратегиясы. «Күй» поэмасын үлгіге қарап, оқушылар өздері талдайды
Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау
-
Шығарманың тақырыбы-
-
Оқиғаның басталуы -
-
Оқиғаның шиеленісуі -
-
Оқиғаның шарықтау шегі -
-
Оқиғаның аяқталуы -
-
Шығарманың идеясы -
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Шығарманың негізгі бөлімін жоспармен салыстырғанда:
-
Молықбайдың ерекше шебер тартатын күйі.
-
Қобыз үнімен күтімдегі інгеннің маңғаз, сұлу мүсінін бейнелеу.
-
Сатылған інгеннің зарын тарту.
-
Ақын қолданған теңеу мен эпитетті табу.
Сұрақ жауап:
-
« Күй күшті тауды тасты бұзатұғын» деген ақынның ойын сендер қалай дамытар едіңдер?
-
«Нар идірген» аңызын білетіндерің бар ма?
-
Поэма өздеріңе қалай әсер етті?
-
Қылқобыздың зарлы үнін поэмадан таба аласыңдар ма?
VІІІ. Сабақты қорыту:
-
Бағалау:
-
Үй тапсырмасын беру.
-
І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.
-
«Күй» поэмасы туралы ойтолғау жазу