«Ана тілің еркіндігің теңдігің, мәртебеңді биіктетер елдігің» Пікір сайыс

«Ана тілің еркіндігің теңдігің, мәртебеңді биіктетер елдігің»Пікір сайыс. Кіріспе. Мектеп кітапханашысы Есболатова Айгүл апай.Мектеп кітапханасы жоспарға сәйкес жыл сайын Тіл мерекесіне арналған іс-шараны атап өтеді. Бүгін «Ана тілің еркіндігің теңдігің, мәртебеңді биіктетер елдігің» атты пікір сайысқа қош келдіңіздер. Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдардың бірі- Тіл туралы Заңымыз. Бұл Заң 22 қыркүйекте 1997 жылы қабылданды. Содан бері 17 жыл өтті. Осы 17 жылдың ішінде жеткен жетістігіміз бе...
Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ана тілің еркіндігің теңдігің, мәртебеңді биіктетер елдігің»

Пікір сайыс.

Кіріспе. Мектеп кітапханашысы Есболатова Айгүл апай.

Мектеп кітапханасы жоспарға сәйкес жыл сайын Тіл мерекесіне арналған іс-шараны атап өтеді. Бүгін «Ана тілің еркіндігің теңдігің, мәртебеңді биіктетер елдігің» атты пікір сайысқа қош келдіңіздер.

Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдардың бірі- Тіл туралы Заңымыз. Бұл Заң 22 қыркүйекте 1997 жылы қабылданды. Содан бері 17 жыл өтті. Осы 17 жылдың ішінде жеткен жетістігіміз бен кемшіліктерімізді айтсақ деген мақсатпен ұйымдастырдық.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілің білмеу қандай заңдылық

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Ана тіліңде сөйлеу, тілге деген көзқарас, ең зор адамгершілік, мәдениеттілік, тәрбиелік, әдептіліктің мәні болып табылады. Яғни мәні әр азаматтың ана тілін-Отанындай туған халқындай, ата-бабасындай сүйіп, ардақтап, өз тілінде сөйлеуді, алланың ұлы сыйындай көруі керек. Қазіргі кезде атақты ғалымдар өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллегент емес деуге болады деп айтуда. Ал Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Дауға салса, алмастай қиған, ойға салса, қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде ештеңе жоқ» деп айтқан. Ал құрметті оқушылар, ұстаздар осы пікір сайыстың атын естіп оқығанда адамның басына еңбірінші қандай ой келеді. Ендігі сөз кезегі өздеріңізде.

8 «ә» сынып оқушысы Зейдолда Миржан. Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы. Тіл-атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам өз ана тілін қадірлеуге міндетті. Біз қазақ-орыс аралас мектепте оқимыз, сондықтан үзілісте, мектептің іс-шараларында орыс сыныпта оқитын достарымыз орыс тілінде сөйлесе біз қазақ сыныптары екі тілде бірдей түсініп қиналмай сөйлей береміз. Бірақ көбінесе мен неғып орысша сөйлеуім керек деп қазақша түсіндіремін. Олар түсінеді әр кез олармен тек қазақша сөйлессек оларға да жақсы емеспе. Бұл менің өз ойым.

11«ә» сынып Қанатұлы Асқар. Менің үлкен атам әрқашанда ана-тілі-ар өлшемі деп айтып отырады. Менде қазақ болып өмірге келген соң, қазақ

тілімді бұзып сөйлегенде намыстанамын. Шындық біз қазақ-орыс аралас мектепте білім алудамыз. Осы отырған барлығымыз да орыс тілін осы мектепте оқып үйрендік. Неге біз екі тілде де еркін сөйлей береміз. Орыс сыныптағы достарымызбен де қазақша амандасып,орысша сөйлесіп жатамыз. Қазір ойлап отырсам мен өзім ғана кінәлімін. Неге мен оларға қазақша сөйлеп түсіндірмеймін. Оларда оқиды ғой қазақ тілін. Олардың ішінде де бар қазақ тілін жақсы түсініп білетіндер.

11 «ә» сынып Сейтқазы Гулназ. Мен сөзімді ақын Қадыр Мырза Әлидің;

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!- деген өлең жолымен бастайын.

Менің ана тілім-шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің байлығын, көркемдігін біз 11 сыныпқа дейінгі оқыған шығармалардан да білуге болады. Ана тілін жырлай алмаған ақын, ақын емес. Қандай ақын, жазушы болса да әр жүрек өз ана тілін жырлауға тиісті.Қандай ұлттың ақыны болмасын ана тілін жырламаған ақын жоқ шығар. Ана тілімді құрметтеймін өзім, жанұям барлығы тек ана тілімізде сөйлейміз. Көптеген қазақ жастары орысша сөйлегенін мақтан етіп отырады. Өздері қазақ болса неге қазақша сөйлеп, өзінің ана тілімен мақтанбайды. Қазақ қай елге барса да қазақ, сондықтан өзінің ана тілін біліп, ең бірінші өзі құрметтеуі керек. Үйдегі тәрбиеге байланысты.

11 «а» сынып Малдыбекова Сабина. Мен қазақ сыныбында оқығанымды мақтана айта аламын. Біздің отбасымызда көбінесе орысша сөйлейді, шешемнің ұлтына орай, бірақ анам қазақша жақсы түсінеді, сөйлейді. Менің алдымдағы ағаларым орыс сыныптарында оқыған. Ал мен қазақша оқимын, олармен қазақша сөйлесемін, ағайын туыстың қуанышында тілекті жақсы өлеңмен айтып беретініме қуанамын. Сонда үйдегі жасы үлкен ағаларым жақсы болды ғой сенің қазақша оқығаның деп маған айтып отырады. Неге бізді де қазақ сыныбына бермедіңдер деп ата-анамма айтады.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Шоманова Ажар. Ана тілі- халықтың өткен ұрпағын қазіргі және келешек ұрпағын тарихи біртұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайында мәңгілік біріктірген ең сенімді құрал. Өз тіліңмен сөйлеу елге, Отанға деген құрмет. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өзі де айтты емеспе қазақ қазақпен тек қазақша сөйлессін деп. Әр адамның жүрегінде патриоттық сезім болса қазақ деген ол адам қазақша сөйлейді. Ұстаз ретінде айтарым үйдегі тәрбиеге де байланысты. Орыс сыныпта оқитын оқушыларға мектеп тегін үйретіп жатқанда үйреніңдер сендерге керек, болашақтарың қазақ тілінде деп айтып отырса. Сонда оқушылардың да қазақ тілге деген көзқарасы өзгерер еді.

Мектептің оқу ісінің орынбасары Байгенженова А.А. Қазақ тілі-өзінің даласындай кең пішілген жайдары жа жалпақ тіл, Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілі дегеніміз сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің, мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана аяққа басады. Ана тілімізді құрметтеп, ана тілімізбен мақтана да аламыз.

Кітапхана меңгерушісі Есболатова А.Д. Ал құрметті қонақтар, оқушылар бүгінгі пікір сайысымыздың соңына жеттік. Рас сіздердің айтылған әрбір сөздеріңіз шындық, бәріміздің күнделікті өмірімізде кездесіп жатыр. Сонымен біз өз ана тілімізге құрметпен қарап, қазақша сөйлесіп, қазақ тілі мәңгілік тілге айналуына ат салысайық. Сіздерге мектеп ұстаздары мен оқушыларға арнап «Жасай бер қазақ тілі, ана тілім!» кітап көрмесі ұйымдастырылған. Келіп көріңіздер. Кітапхана жыл бойына кітап көрмесін, қазақша кітаптар мен мерзімді басылымдарды насихаттап отырады. Орыс сыныптарына, қазақ тілін үйренушілерге кітапханадан бұрыш ұйымдастырылылып, әр бағыттағы сөздіктер, шағын кітаптар қойылған. Сау болыңыздар пікір-сайысқа қатысқандарыңызға мың алғыс.

Талдықорған қаласы. № 4 орта мектептің

кітапхана меңгерушісі Есболатова А.Д.




«Ана тілің еркіндігің теңдігің, мәртебеңді биіктетер елдігің» Пікір сайыс.



© 2010-2022